Музыка ойналып залға қол ұстасып балалар кіріп «Вальс» биін билейді.
Жүргізуші: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
-Құрметті аналар,әжелер және сұлу қыздар сегізінші наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
Бүгінгі «Әнімді анама арнадым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Барлығы бірге:
Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсізғой аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт,
Тілейміз біз балалар.
Тулеубаева Алина және Зарлықова Кәусар ортаға шығып тақпақтарын айтады.
Алина
Бүгін –наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Кәусар
Би билейміз ән салып
Қол ұстасып жүреміз
Мерекені қарсалып
Ойнаймыз да күлеміз
Жүргізуші: Аналарымызға арнап ән шырқайық.Балалардың орындауында «Құттықтаймын мама!»әнің қабыл алыңыздар.
Балалар орындарына отырады.
Музыка ойналады,залға гүлдер мен шарларды ұстап Сайқмазақ келеді.
Сайқмазақ: Сәлеметсіздер! Бұл жерде не болып жатыр? Қалай әсем киінгенсіңдер.
Мен кімін? Менде бұл мерекені сендірмен бірге қарсы алайын.
Балалар: Ия.
Сайқмазақ: Балалар сендер өлең айту білесіндер ме?
Ал тақпақ ше?
Ойын ойнауды ұнатасындар ма?
Би билеу білесіңдер ме?
Жұмбақ шеше аласындар ма?
Алақай менде сендер сияқты барлығын білемін. Балалар біз ата аналарымыздар сұрайық олар нені ұнатады, не біледі.
Би билеу білесіндер ме?
Балаларға ұрсасындар ма?
Күлесіндер ме?
Өлең айту білесіндер ме?
Жылайсындар ма?
Ойнауды ұнатасындар ма?
Дәмді тамақ пісіресіндер ме?
Көп ұйықтайсыңдар ма?
Мені жақсы көресіндер ме? Жарайсыңдар!!!
Жүргізуші:Сайқмазақ сен отырып дем ал қонақ бол, ал біздің балалар өз өнерлерін әрі қарай көрсетеді.Балалардың аналарға арналған тақпатарын тыңдайық.
Ясмина
Анашым жүрегім,
Өмірлік тірегім.
Аман боп жүрші тек
Алладан тіледім.
Қасиет
Көктем келді балалар,
Жердің бетті жаңарар.
Ақ сүт беріп өсірген
Аман болсын аналар.
Таймас
Біздің өсірген апатай,
Еңбегі де зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекен.
Тамерлан
Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.
Назар
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды тыңдаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
Дана
Жақсы көрем күлкінді
Айналайын ақ мамам
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам
Сайқмазақ :Қандай керемет тақпақтар.Балалар менімен ойын ойнайсыңдар ма?Ал ата аналар ше? « Балаңызды неге теңейсіңдер? »Шарты: 5 бала және 5 ана шығады ортаға.Қарама қарсы тұрады.Қадамдап жүріп, өз сезімдерін білдіреді. Ойын екі рет
Ойын жақсы ойнайсыңдар,ал жұмбақ шешіп көреік.(Рауан, Аделя, Жандос,Даниял, Жансая,Дильназ)
Жұмбақ:
Аяғы бар,жүрмейді,
Ауызы бар,күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
(қуыршақ)
Сайқмазақ: Біздің сұлу, кішкентай қыздарымыздың «Қуыршақ» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар және сайқмазақ біздің балалар тағы да өздерінің тақпақтарын аналарына дайындады.
Айсара
Жақсы көрем күлкінді
Айналайын ақ мамам
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам
Еркеназ
Ойнаймыз күлеміз
Жарқылдап жүреміз
Ананы сыйлаймыз
Айтқанын тындаймыз
Жандос
Әлемдегі ақылды адам
Бәріне сол жақын маған
Ол жанымда жүрсе мен де
Батырларша батылданам
Ш. Амина
Ана өмір шырағы
Ана өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады.
Жансая
Ана пана
Ана дана
Өмірге әкелетін
Ана ғана.
Сайқмазақ:Балалар сендер сиқырға сенесіндер ме? Сендерге сиқыр ұнай ма?
(Сайқмазақ сиқыр көрсетеді)
Жүргізуші:Сайқмазақ біздің балалар аналарға ғана емес әжелеріне де тақпақтарын дайындады.
Тимур
Анашым жүрегім
Өмірлік тірегім
Аман боп жүрші тек
Алладан тіледім
Аяжан
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуандайын деп оны
Өлең айтып беремін
Думан
Менің әжем, жыр әжем
Шуағы мол, нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп
Аман-есен жүр әжем(ұлдар киімдерін ауыстырады)
Жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты әжелер сұлу ,кішкентай қыздарымыз сіздерге арнап « Ақ әже »әнін орындайды ,қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Біздің қыздар ғана емес,ұлдарда би билеу біледі.Сондықтанда құрметті аналар,әжелер және сұлу қыздарға арнап «Матрёка» биі.(ұлдар киімдерін ауыстырады)
(Музыка ойналады залға Көктем кіреді)
Көктем:
Көктем келсе табиғат құлпырады,
Жүректерге ғажайып сыр тұнады.
Гүлге толып айнала күн жарқырап,
Жанарларда қуаныш нұр тұрады.
Сәлеметсіздер ме!!! Мен Көктемін.Сендер мені сағына күтіндер ме? Мен жай келген жоқпын.Бір себет қызғалдақ гүлдерін теріп алып келдім.Бұл гүлдерді аналарына сыйлайсыңдар.Ал қазір мен сендермен ойын ойнағым келеді. Ойын «Гүл құрастыру». Шарты: 3 баладан екі топқа бөлініп, музыка ойнаған кезде 2 гүлді балалар құрастырады.
(ойыннан кейін Көктем қоштасады)
Жүргізуші:Құрметті аналар біздің балалар сіздерге деген өздерінің алғыс сезімдерін мынау өлең жолдарымен білдіргісі келеді.
Фирая
Анашым анам
Ризамын саған
Тілінді алам
Ақылды болам
Санжар
Анашым ана
Ыстықсын маған
Тәрбие бердің
Көп алғыс саған
Даниал
Анашым анам
Ризамын саған
Тілінді алам
Ақылды болам
Асанали
Анашым анам
Келгенше шамам
Үмітінді ақтап
Азамат болам
Рамина
Анашым ана
Ыстықсын маған
Тәрбие бердің
Көп алғыс саған
Жүргігізуші:
Құрметті аналар және ақ жаулықты әжелер біздің балалар өз сезімдерін шың жүректен осы биілерімен сездіргісі келеді қабл алыңыздар.(билеп болған соң сыйлықтарын сыйлайды)
Құрметті аналар, ақ жаулықты әжелер сегізінші наурыз мерекесі құтты болсын!!! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, аспандарын ашық болсын.Осымен шағын ертеңгілігіміз аяқталды.Қош сау болыңыздар!!!
Екінші кіші « Балапан» тобы Сағат 11-00
1.Балалар кіреді
2.Ән «Құттықтаймын мама»
3.Сайқымазақ кіреді көнілді музыка
4.Тақпақ
5.Ойын «Ата-аналармен»
6.Би «Қуыршақ»
7.Тақпақ
8.Сайқымазақ сыйқыр көрсетеді.
9.Тақпақ
10.Ән «Ақ әжем»
11.Би «ұлдар»
12.Көктем келеді.
13.Көктемен ойын «Гүл құрастыр»
14.Тапқпақ
15. Би « Шармен» мама өлеңі
16. Соңы