СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

8-наурыз тамаша мереке.doc

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«8-наурыз тамаша мереке.doc»

8 наурыз тамаша мереке, көктем мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі, адамның бақыты мен махаббат кезеңі ", - деп атап өтті Н. Назарбаев.

"Біздік әйелдер Қазақстан азаматтарының басым бөлігін құрауда және біздің еліміздің экономикасының дамуына және тәуелсіздігіміздің құрылуы кезеңінде баға бермес үлкен еңбек сіңірді ", - деп атап өтті президент.

Ең бастысы әйелдер балаларға өмір сыйлап, оларды тәрбиелеп, еңбекқорлыққа, патриоттыққа, махаббат пен шыдамдылыққа тәрбиелеуде. Осының арқасында барлықтарды таң қалдыратын тыныштық, саяси тұрақтылық, түсіністік, ұлттар арасындағы достастықты сақтап отырмыз ", - деді Н. Назарбаев.

"Әйелдер бүгінгі күнде біз мақтап тұтып отырған барлық нәрсеге үлкен үлестерін қосты. Мен сіздерге үлкен алғысымды білдіргім келеді ", - деді президент.

Мемлекет басшысы әйелдерге бақыт мен игілік тіледі. Шарль Бодлердің “Әйел – бақытқа жол бастаушы” деген тамаша сөзі бар. Меніңше, бұдан артық айта алмассың.

Сіздерді шын жүректен көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Бұл шуақты мерекеде әр үйдің әйел заты шын жүректен шыққан сөздерді қабылдайды. Бірақ біз үшін 8 наурыз мерекесінің мәні мен мағынасы әлде қайда кең. Бұл күні ең жылы сезімдер – қайырымдылық пен кішіпейілділік, үміт пен сенім, махаббат пен адалдық бірігеді.

Құрметті әйелдер, бүгінгі қуанышқа толы, үмітпен көптен күткен Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ыстық, шынайы және ізгі тілектерді қабыл алыңыздар.

Әлемде әйелді ұлықтамайтын халық жоқ. Ошақ иесі, отбасының ұйытқысы, шебер қолөнершіні қадірлеу ерте заманнан бастама алған. Анаға деген ерекше құрмет біздің халқымыздың да ерте заманнан жүрегіне ұялаған. Қазақ жерінің белгілі тарихи орындары, ескерткіштері мен кесенелері өрмінезді және қайсар дала аруларының бейнелерімен байланысты. Әйелдерге деген құрмет, сөзі мен шешімдерінің даналығы және күшін қадірлеу, біздің бабаларымызға тән қасиет Қазақстанның қазіргі күнгі өмірінде де көрініс табуда.

Айтып өтуім керек, миллиондаған біздің отандастарымыз аумалы-төкпелі заманда орасан зор әлеуметтік сілкіністі басынан өткізді. Қазіргі кездегі мемлекетіміздің қол жеткізіп отырған жетістіктері, сол кезде туындаған барлық қиындық пен тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы басты кезеңінің тауқыметін бастарынан өткізгендердің табандылықтары мен Отан алдында адал еңбектерінің арқасы.

Әрине, бүгін біз, мемлекетіміздің дамуын анықтайтын көптеген өлшемдер туралы айта аламыз. Дегенмен, барлық уақытта да әйелдерге қатысты рухани және адамгершіліктің кемелі олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

«Ана мен баланы мемлекеттік қолдау үшін, мемлекет үшін де, отбасын қолдаудағы тиімді демографиялық саясат үшін де, уақыт өте келе, қазына түсімі өскенде біз қаржы аламыз”, - деп Президенттің “Қазақстан-2030” Стратегиясында аталып өтті. Бұл уақыт келді. Соңғы жылдары бұл бағытта Қазақстанда аз жұмыс жасалған жоқ. Жақында ғана мемлекеттің ары қарай әлеуметтік мемлекет ретінде дамуын анықтап берген Елбасының кезекті жыл сайынғы “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” Жолдауы жарияланды.

Жолдауда ерекше назар аударылған мәселелер көпбалалы отбасыларын қолдау және ана мен баланы қорғауға жете мән берген.

Жекелеп айтқанда, баланың бір жасқа дейінгі ай сайынғы жәрдемақысы 2007 жылмен салыстырғанда 2010-2011жылдары орта есеппен 2,5 есеге артады. 4-ші және одан да көп баланың туылуына берілетін бір мезгілдік жәрдемақы 2007 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 4 есеге өседі.

Қоғамдағы ең маңызды салаларды әйелдер құрайтыны барлығымызға белгілі. Бұл жылдың біз үшін басты ерекшелігі - Түрксіб ауданының құрылғанына биылғы жылы 70 жыл толады. Ауданымыздың құрылғанына да әйелдер өз үлестерін қосудан аянып қалмады.

Біз, Сіздердің ауданымыздың дамуына қосқан үлестеріңізді жоғары бағалаймыз. “Барлығы адамның қолында, ал адам - әйелдің қолында”,- деп бекер айтпайды. Ауданымыздың гүлденіп, рухани дамып, өркендеп отыруы тікелей Сіздердің үлестеріңіз.

Сол себепті, бұл гүлге және ғажайып көңіл-күйге толы көктем мерекесінде Сіздерге тілерім: бақыт, денсаулық және махаббат. Табысты болыңыздар, рухани жастық пен әдемілік, аналық бақыт пен отбасылық қуаныш, бейбітшілік пен ынтымақ әрқашан жандарыңыздан табылсын!







Дорогие северянки!

Примите самые горячие поздравления с праздником Весны и Любви - Днем 8 марта! Ежегодно в это время года мы отдаем дань уважения женщинам и преклоняемся перед женским созидательным началом, видим в этот день в каждом его проявлении возвращение к жизни, вечное обновление, свет и радость - все то, чем в полной мере наделены вы, милые северянки!

Храня свет и тепло домашнего очага, вы выносите на своих плечах все тяготы и невзгоды нашей жизни. Ваша природная мудрость, такт, выдержка и терпение несут с собой успокоение и надежду, а ваша настойчивость гарантирует успех вам и вашим близким в делах служебных, общественных и личных. Сегодня мы вновь хотели бы напомнить старую истину: всякая женщина задумана природой как образец совершенства, и если есть в ней недостатки, то объясняются они прежде всего тем, что этому идеалу не соответствуем мы, мужчины.

Спасибо за то, что вы есть - любящие и любимые! Пусть не тускнеет ваша красота, пусть исполняются все ваши мечты. От всей души желаем милым женщинам, девушкам и девочкам, женам и невестам, мама и бабушкам Кольского Заполярья яркого весеннего солнышка, веры в свои силы, добрых перемен в жизни и крепкого здоровья. Будьте счастливы!





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!