8 сынып
Физика пәні бойынша 1-2 тоқсан тақырыптары бойынша аралық бақылау
1-нұсқа
1. Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы–
A) Жылулық тепе-теңдік.
B) Конвекция.
C) Броундық қозғалыс.
D) Жылулық қозғалыс.
2. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама–
A) Температура.
B) Конвекция.
C) Жылу берілу.
D) Дененің меншікті жылусыйымдылығы.
3. Вакуумда болатын жылу берілу–
A) Конвекция.
B) Сәуле шығару.
C) Жұтылу.
D) Жылу өткізгіштік.
4. Жылулық қозғалыстың кинетикалық ɷнергиясы мен дене бөлшектерінің өзара әрекеттесуі кезіндегі потенɰиалдық ɷнергиясының қосындысына тең шама –
A) Жылу мөлшері.
B) Меншікті жану жылуы.
C) Ішкі энергия.
D) Мен шікті жылусыйымдылық.
5. Отынның меншікті жану жылуы - массасы ... болатын отынның толық жануы кезінде бөлінетін жылу мөлшері.
A) 2 кг.
B) 10 кг.
C) 12 кг.
D) 1 кг.
6. Денеге берілетін немесе алынатын жылу мөлшерін есептейтін ɮормула –
A) Q = c m (t2-t1)
B) Q = c m (t1-t2)
C) Q = c m - (t2-t1)
D) Q = q m
7. Заттың меншікті жылусыйымдылығының өлшем бірлігі–
A) Дж/кг*оС
B) Дж.
C) °С.
D) Дж/кг
8. 30оС температура мәнін кельвинде жазыңдар:
A) 243 К. B) 303 К. C) 203 К. D) 143 К.
9. 300МДж-ға тең энергия алу үшін таскөмірдің қанша мөлшері қажет екендігін анықтаңдар. Таскөмірдің меншікті жану жылуы 30*106 Дж/кг-ға тең.
A) 1 кг. B) 0,1 кг. C) 10 т. D) 10 кг.
10. 500кг массасы бар кірпіштен соғылған пеш 10оС-ге дейін суығанда өзінен қанша жылу мөлшерін бөледі? Кірпіштің меншікті жылусыйымдылығы 880 Дж/кг*оС .
A) 4,4 МДж. B) 44 кДж. C) 440 кДж. D) 4400 Дж.
11. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі-
А) Балқу.
В) Сублимация.
С) Кристалдану.
D) Кебу.
12. Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу температурасы ... деп аталады.
А) Кристалдану температурасы.
В) Қайнау температурасы.
С) Салқындау температурасы.
D) Конденсация температурасы.
13. Заттың қатты күйден сұйық күйге түспей, бірден газ күйіне көшу процесі –
А) Десублимация.
В) Сублимация.
С) Кристалдану.
D) Конденсация.
14. Тұрақты температура кезінде сұйықтың тұтас көлемі бойынша бу түзілу процесі –
А) Кебу.
В) Буырқану.
С) Сублимация.
D) Қайнау.
15. Кебу кезінде сұйықтың ішкі энергиясы ...
А) Артады.
В) Өзгеріссіз қалады.
С) Кемиді.
D) Минималды мәнге дейін кеміп, содан кейін тұрақты болып қалады.
16. Сұйықпен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу –
А) Дымқыл.
В) Қатты қыздырылған.
С) Қанықпаған.
D) Қаныққан.
17. Заттың кристалдану кезіндегі жылу мөлшерін есептеу формуласы -
А) Q = rm
В) Q = −λ m
С) Q = q m
D) Q = cm∆t
18. Термодинамиканың бірінші заңы -
A) ∆U Q = + A′ .
B) ∆U Q = + A .
C) A p = ⋅ ∆V .
D) Q U = ∆ .
19. Қыздырғыштан алынған энергияның қаншабөлігі механикалық энергияға айналғанын көрсететін физикалық шама -
A) Қуат.
B) Пайдалы әрекет коэффициенті.
C) Механикалық жұмыс.
D) Жылу мөлшері.
20. Егер буға 2*105 Па қысым түсірген кезде көлемі 1м3 –ден 5м3 –қа дейін ұлғайса, онда будың атқарған жұмысын анықтаңдар:
A) 2*105 Дж.
B) 8*105 Дж.
C) 106 Дж.
D) 105 Дж.
21. Ешқандай энергия жоғалтпай механикалық жұмыс атқаруы тиіс қондырғы -
A) Мәңгілік қозғалтқыш.
B) Электрқозғалтқыш.
C) Жылулық қозғалтқыш.
D) Динамо-мәшине.
22. Жылулық қозғалтқыш мыналардан тұрады:
A) қыздырғыштан және суытқыштан.
B) жұмыстық денеден және қыздырғыштан.
C) қыздырғыштан, суытқыштан және жұмыстық денеден.
D) жұмыстық денеден және суытқыштан.
23. «Газға берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясын өзгертуге және олардың механикалық жұмыс атқаруына жұмсалады» деген тұжырым -
A) Термодинамиканың бірінші заңы деп аталады.
B) Термодинамиканың екінші заңы деп аталады.
C) Жылу баланс теңдеуі деп аталады.
D) Менделеевтің теңдеуі деп аталады.
24. Еш жұмыс жасалмастан 200Дж энергия берілген дененің ішкі энергиясының өзгерісін анықтаңдар:
A) 200 Дж кеміді.
B) Өзгермеді.
C) 400 Дж кеміді.
D) 200 Дж артты.
25. Жылу мәшинесінің пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңдар. Суытқыштыңтемпературасы 300К, ал қыздырғыштың температурасы 600 К.
A) 25%. B) 50%. C) 5%. D) 2,5%
8 сынып
Физика пәні бойынша 1-2 тоқсан тақырыптары бойынша аралық бақылау
2-нұсқа
1. Денелердің температуралары бірдей болған кездегі күй–
A) Жылулық тепе-теңдік.
B) Жылу берілу.
C) Жылулық қозғалыс.
D) Конвекция.
2. Қоршаған ортаның немесе дененің температурасын өлшеуге арналған аспап–
A) Барометр.
B) Гидрометр.
C) Термометр.
D) Ареометр.
3. Энергия сұйық немесе газ ағындарымен тасымалданатын кездегі жылу берілу тәсілі –
A) Сәуле шығару.
B) Конвекция.
C) Жылу өткізгіштік.
D) Жұтылу.
4. Жылу берілусіз ішкі энергияның өзгеруінің бір тәсілі –
A) Жұмыс істеу.
B) Жұтылу.
C) Конвекция.
D) Жылу өткізгіштік.
5. Отынның толық жану кезіндегі жылу мөлшерін есептейтін формула –
A) Q = c m (t2-t1)
B) Q = c m (t1-t2)
C) Q = c m - (t2-t1)
D) Q = q m
6. Дене температурасын 1оС-ге өзгерту үшін қанша жылу мөлшерінің қажет екендігін көрсететін aизикалықшама–
A) Жылу өткізгіштік.
B) Дененің жылусыйымдылығы.
C) Заттың меншікті жылусыйымдылығы.
D) Жылу берілу.
7. Сәуле шығару энергиясын дененің ішкі энергиясына түрлендіретін процесс –
A) Конвекция.
B) Жылу мөлшері.
C) Жұтылу.
D) Шығару.
8. m=20 кг болатын болаттан жасалған бөлшек жонғыш білдекте 50oС-ге дейін қыздырылды. Болаттың меншікті жылусыйымдылығы 500 Дж/кг*оС. Бөлшектің ішкі энергиясының артуы -
A) 50 кДж.
B) 5 МДж.
C) 500 кДж.
D) 5000 Дж.
9. m=5кг болатын жанар май толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады? Жанармайдың меншікті жану жылуы 46*106 Дж/кг.
A) 2,3·105 кДж.
B) 1,15·105 кДж.
C) 23·106 кДж.
D) 2,3·107 Дж.
10. 363К температура мәнін цельсий шкаласы бойынша градуста жазыңдар:
A) 100 °С. B) 90 °С. C) 110 °С. D) 636 °С.
11. Кристалл заттың сұйық күйге айналу температурасы ... деп аталады.
А) Қызу температурасы.
В) Қайнау температурасы.
С) Балқу температурасы.
D) Конденсация температурасы.
12. Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу проɰесі –
А) Кристалдану.
В) Қайнау.
С) Балқу.
D) Сублимация.
13. Массасы 1 кг кристалл дене балқу температурасы кезінде толығымен сұйық күйге айналуы үшін қажет жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама –
А) Меншікті балқу жылуы.
В) Меншікті жану жылуы.
С) Меншікті булану жылуы.
D) Меншікті жылусыйымдылығы.
14. Меншікті балқу жылуын есептейтін формула –
А) λ =
В) λ =
С) λ = cm(t2- t1)
D) λ = Qm
15. Сұйықтың бетінен ғана түзілетін булану –
А) Кристалдану.
В) Қай нау.
С) Суб ли ма ция.
D) Ке бу.
16. Сұйықтың кебу жылдамдығы...тәуелді.
А) Тек еркін беттің ауданы мен желдің бар болуына.
В) Тек температураға.
С) Тек заттың тегіне.
D) А), В), С) тармақтарында көрсетілген барлық себептерге.
17. Сұйықтың қайнау температурасы ... артады.
А) Сұйықтың үстіндегі ауа қысымы азайғанда.
В) Сұйықтың үстіндегі ауа қысымы көбейгенде.
С) Сұйықтың үстіндегі ауа болмағанда.
D) Ыдыстың биіктігін азайтқанда.
18. Жүйенің күйін сипаттайтын термодинамикалық параметрлер –
A) Масса.
B) Тек температура.
C) Көлем, температура, қысым.
D) Масса, көлем, температура, қысым.
19. Сырттан жану қозғалтқышы –
A) Бензинді қозғалтқыш.
B) Дизель.
C) Газ турбинасы.
D) Бу трубинасы.
20. Будың немесе газдың жұмысын есептеу формуласы –
A) A = p ⋅ ∆V
B) A = − A′
C) ∆U = Q + A′
D) Q = ∆U + A
21. Газдың немесе будың ішкі ɷнергиясын механикалық ɷнергияға айналдыруғаарналғанқұрылғы-
A) Мәңгі қозғалтқыш.
B) Электрқозғалтқыш.
C) Жылулық қозғалтқыш.
D) Динамомәшине.
22. Идеал мәшиненің пайдалы әрекет коэффициенті -
A)
B)
C)
D)
23. «Жеке алынған энергия көзі арқылы үздіксіз жұмыс жасау мүмкін емес» деген тұжырым -
A) Термодинамиканың бірінші заңы.
B) Кулон заңы.
C) Ньютонның бірінші заңы.
D) Термодинамиканың екінші заңы.
24. Газ 600Дж-ға тең жұмыс атқарды. Егер газға 400Дж энергия берілген болса, оның ішкі энергиясы -
A) 200 Дж артты.
B) 200 Дж кеміді.
C) 1000 Дж артты.
D) 1000 Дж кеміді.
25. 1 кДж отын энергиясы есебінен 400 Дж механикалық жұмыс атқаратын жылу мәшинесінің пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңдар:
A) 4%. B) 20%. C) 30%. D) 40%