(1894-1938)
Сабақтың эпиграфы:
“ Ол өз елін сүйген.
Ол нағыз ақын болған,
ал нағыз ақынның халқы өмір сүрсе,
ол да мәңгілік өмір сүреді ”.
Р. Сейсенбаев.
білесіңдер?
ҮЙ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРУ:
1.Туған жер – алтын бесік.
(өмірбаяны туралы әңгімелеу)
2. Сыр сандық.
(шығармалар туралы баяндау)
3. Аққу-көлдің көркі. (аққу туралы мәлімет беру)
Сабақтың тақырыбы:
Сәкен Сейфуллин
“ Аққудың айырылуы”
Сабақтың мақсаты:
Ақынның өмірі мен шығармашылық жолын еске түсіріп қайталау;
Поэманы оқи отырып, мазмұнымен танысып, тақырыбы мен негізгі ойын анықтау;
Адамгершілік қасиетін жоғары ұстау – табиғатты, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу
“ Аққудың айырылуы” поэмамен танысу
- Поэма деген не?
- Поэма жанрының басқа лирикалық жанрдан айырмашылығы неде?
Поэма - өлеңді повесть, өмірде болған
не болуға тиіс күрделі құбылыстар
мен келелі оқиғаларды, алуан-
алуан адам тағдыры мен заман
шындығын көлемді, желелі, эпикалық
не лирикалық сипаттағы өлеңмен
суреттелген шығарма
Поэмада үнемі лирикалық кейіпкер болады.
Сөздік жұмысы:
маржан құмы, күміс суы – коралловый песок, серебряная вода
ғашық жар – влюбленные
көркі еді – были украшением
аққу күйі саңқылдады – послышалась лебединая несня
жұбайына аққу келді – прилетел лебедь к паре
бір мезгілде қалт етті – вдруг, в какое-то время
жасыл ұшқын жарк етті –неожиданно блеснула искра
бұрк атылды – выстрелил
кұңіренді көл – огорчилось озеро
күйікке – к горечи
шықты шырқап биікке –поднялся высоко
төмен ағып – бросился лететь вниз
өлімді де сүйгенімен бір көрді –встретить смерть
вместе слюбимой
Поэманы талдау
І. Кіріспе.
ІІ. Екі аққудың кездесуі.
ІІІ. Мергеннің аққуды атуы.
ІV. Жалғыз қалған аққудың қасіреті мен өлімі.
Топтық жұмыс
І топ . Кіріспе.
1) Кіріспеде не туралы жазылады?
2) Көлді сипаттаған үзіндіні оқулықтан тауып, жазып, оқып беріңіз.
3) Көлді қандай құстар мекендейді?
ІІ топ: Екі аққудың кездесуі.
1) Бір мезгілде алыстан не естіледі?
2) Екі аққудың кездескен сәтін мәтіннен тауып оқып беріңіз.
3) Бұл бөлімде ақын нені жырлайды?
ІІІ топ: Мергеннің аққуды атуы
1)Аққулар айрылып кеткен соң не болды?
2) Аққуға атылған оқ немен теңелген?
3) Атылған оқ көлге қалай әсер етті? Көл қайтті?
- ІV ортақ тапсырма: Жалғыз қалған аққудың қасіреті мен өлімі.
1) Аққудың сыңары қалай қайғырды?(мәтіннен тауып оқыңыздар)
2) Зарлаған аққу мергенге не деп жалынды?
3) Мергеннің өзін атпасын білген аққу қандай шешімге келді?
4) Аққулардан қандай үлгі алуға болады?
Мақал-мәтелдер.
1)Аққу –киелі құс.
2)Аққу –құстың сұлтаны.
3)Аққуды атпа, досыңды сатпа.
4)Аққуды атуға болмайды, махаббатты қорлауға болмайды.
Сабақтың қорытындысы
- Дастанның тақырыбы, идеясы неде?
- Поэманың мәселесі қандай?
- Мәселені қалай шешу керек?
- Дастан сіздерді неге үйретті?
Үй тапсырмасы:
- Мәтінді мәнерлеп оқыңыз;
- Өзіңізге ұнаған сюжетін
іріктеп жазып алып, оның
мазмұнына сай сурет салып
келіңіз;
- Мәтін бойынша берілген
сөздерді жаттаңыз.