Сабақтың жоспары
Пән: Қазақстан тарихы.
Сынып: 8
Мерзімі: 30.09.13
Сабақтың тақырыбы: Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері Абылай хан жайлы жүйелі білім беру.
Дамытушылық: Абылай ханның Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтай білгендігін нақтылай отырып, оқушылардың тіл байлығын, тарихи танымын, ізденімпаздыққа қабілеттерін шындау.
Тәрбиелік: Оқушылардың тарихи тұлғаларға деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, тірек сызбалар, кестелер, тест тасырмалары.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, топтастыру әдісі, сұрақ-жауап, ойындар ойнату.
Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру :тест
ІІІ. Жаңа сабақ: Абылай хан билігі.
Жоспары:
1. Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы.
2. Абылай ханның кезіндегі Қазақ хандығы. Ресей және Қытаймен қарым-қатынас.
Негізгі оқиғалар:
1711-1781 жж. - Абылай ханның өмір сүрген жылдары.
1740 ж. - Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясының билігін мойындаған жыл.
1741-1743 жж. - Абылай сұлтан Жоңғарияның тұтқынында болды.
1757 жыл - Қытай қолбасшылары Фу Дэ, Чжао Хой басқарған Қытай әскері қазақ жеріне басып кірген жыл.
1757-1760 жж. - Абылайдың Қытай билігін мойындаған жылдар.
1771 ж. - Қазақ халқының атақты хандары, билері, сұлтандары, батырлары Абылайды хан етіп сайлады.
1778 ж. - ІІ Екатерина Абылай ханды Орта жүздің ханы етіп бекітті.
Абылай хан 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келді. Оның азан айтып қойылған аты Әбілмансұр болатын. 1781 жылы Ташкенттен Түркістан қаласына келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленді. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып, қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан.
Тарихи тұлға:
Әбілмансұр - Орта жүздің сұлтаны, Уәлидің баласы.
Әбілмансұр - Абылай ханның азан шақырып қойған есімі.
Сабалақ - Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты.
Әбілмәмбет - «Сабалақ» атанған Абылай келіп қосылған әкесімен ағайындас Орта жүздің ханы.
Әбілпайыз - Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер. Хандық билік Абылайға берілді.
Әмірсана - Қытайлармен шайқаста жеңіліс тауып, Абылайдан көмек сұраған, Жоңғар тағына таласушылардың бірі.
Уәли - Абылайдың бас мирасқоры.
Бұқар - ХVІІІ ғ. қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау.
Тұлғаға сипаттама.
Қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мәдени қайраткері Абылай хан қандай адам болған?
Сөзге шебер әрі тапқыр
Батыл, ержүрек, әбжіл
Шығыстың жеті тілін білген
Абылай
Дене күші зор
Керемет
шешен
Сөзіне берік, алғыр ойлы
Барынша адал әрі әділ
Домбыраны жақсы тарта білген
Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметінің бағыты: бір орталықтан басқарылатын әрі ешкімге тәуелсіз мемлекет құру.
Біріншіден, оның бір орталықтан басқарылатын мемлекет құруының сәті түсті.
Екіншіден, ол сот билігін күшейте түсті. Неғұрлым күшті, ықпалды саяси тұлға Абылайдың кеңесшісі Бұқар жырау болды.
Үшіншіден, қазақ рулары мен тайпалары арасындағы қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты.
Абылайдың негізгі сыртқы саяси қызметінің бағыты:
Қазақстан аумағының ешкім қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз ету.
Біріншіден, Ресеймен өзара қарым-қатынасында тату-тәтті көршілік саясатын ұстануға тырысты.
Екіншіден, Ресей мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты.
Үшіншіден, өз қол астындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерінің орынсыз талаптары мен әрекеттерінен батыл қорғай білді.
Төртіншіден, іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді.
Бесіншіден, Қытай үкіметімен де дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Алтыншыдан, қытайлықтармен келіссөз жүргізу нәтижесінде Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайлымдарды қазақтардың пайдалануына рұқсат етуге мәжбүр етті.
Жетіншіден, Абылай өзінің негізгі күш-жігерін Жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады.
Сегізіншіден, қазақ-қырғыз шекарасында тыныштық орнатты.
Тарихи кеңістік:
Түркістан - Әбілмансұрдың (кейіннен Абылай атанған) атасы Абылай билік құрған қала.
Түркістан - Абылай хан жерленген қала.
Тарихи ұғым:
Егіншілік - Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы.
Абылай қайтыс болғаннан кейін хан тағына оның үлкен ұлы Уәли отырды. Бірақ ол өзінің атақты әкесінің бастаған ісін жалғастырып алып кете алған жоқ. Шыңғыс тұқымының арасындағы алауыздық салдарынан шиеленісті айтыс-тартыс басталды. Бір кездегі біртұтас Орта жүз енді екіге бөлінді.
ІV. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Атақты қазақ билеушісінің ішкі саясаты туралы шағын әңгіме құрастырыңдар.
2. Абылай ханның қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы жүргізген азаттық күресінде атқарған рөлі қандай болды?
3. Картадан Абылайдың жорық жасаған елдері мен аймақтарын көрсетіңдер.
V. Сабақты қорытындылау.
Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын алады.
1. Оның күш-жігері ең алдымен күшті және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсалды.
2. Бір орталыққа бағынған мемлекет құруға зор ықпал етті.
3. Жоңғар және Еділ қалмақтарын тас-талқан етіп, жеңіп шығуда аса маңызды рөл атқарды.
4. Қытай әскерінің, Алатау қызғыздарының қазақтарға шабуыл жасауын тоқтатты.
5. Қазақтардың Тарбағатайдағы және Іле өзені өңіріндегі байырғы дәстүрлі мал жайылымдарын қайтарып алуына қол жеткізді.
Рефлексия: БББ
Үй жұмысы: оқу
VІ. Оқушыларды бағалау.
Қазақстан ХVІІІ ғ. ортасында
1. Әбілқайыр өлімінен кейін (1748 ж.) Кіші жүздің оңтүстік-шығысына билік еткен:
а. Қайып сұлтан в. Батыр сұлтан с. Нұралы сұлтан
д. Ералы сұлтан е. Барақ сұлтан
2. 1747 ж. орыс патшасы Елизавета Петрованың Алтай өңіріндегі тау-кен кәсіпорындары жөніндегі шешімі:
а. Тау-кен кәсіпорындарын мемлекеттік меншік деп жариялады
в. Орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялады
с. Бұл өңірді Демидовтар әулетіне сыйға тартты д. Бейтарап аймақ деп шешті
е. Осы жердә ежелден қоныстанған халықтарға қайтарып берді
3. Жоңғария дербес ел ретінде тарих сахнасынан жойылған жыл:
а. 1755 ж. в. 1756 ж. с. 1757 ж. д. 1759 ж. е. 1758 ж.
4. Бұқтырма бекінісінің негізі салынған жыл:
а. 1735 ж. в. 1752 ж. с. 1758 ж. д. 1761 ж. е. 1769 ж.
5. 1766 жылы Әбілмәмбет ханның ІІ Екатеринаға хат жолдау себебі
а. Түркістан арқылы өтетін Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймау қабылдауға рұқсат алу
в. Баж салығын тексеретін арнайы мекемелер үшін рұқсат алу
с. Бекіністерде мешіттер салуға рұқсат алу
д. Саудагерлердің сұрауымен айырбас сарайларын кеңейтуге рұқсат алу
е. Бекіністерде керуен сарайларын салуға рұқсат алу
6. 1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші жүз қазақтарына ресми шек қойды:
а. Бекіністерде мешіттер салуға в. Жайық жағалауына мал жаюға
с. Қазақтардың көрші елдермен экономикалық байланыс жасауына
д. Саудагер мейрамханаларының салынуына
е. Шетелдік көпестерге қазақ жерінде тауар сатуға
7. Орта жүз қазақтарына Ертістің оң жағына мал жаюына рұқсат берілді:
а. 1756 ж. қыркүйек в. 1757 ж. желтоқсан с. 1803 ж. маусым
д. 1799 ж. қараша е. 1801 ж. қараша
8. 1799 ж. қарашада Орта жүз қазақтарын Ертістің оң жағасына қайта қоныс аударуға рұқсат еткен император:
а. І Николай в. ІІ Петр с. І Павел д. І Александр е. ІІ Екатерина
9. Ресеймен сауда жүйесіндегі қазақтардың негізгі тауары:
а. жері в. мал с. былғары д. жүн е. астық