Просмотр содержимого документа
«8- сыныпқа арналған»
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,
Жармыш орта мектебі.
Логика әлемі.
Алгебра, геометрия пәндерінен 8- сыныпқа арналған
қолданбалы курстың бағдарламасы.
Пән мұғалімі: Сейдахметова Л
2016-2017 оқу жылы.
Түсінік хат.
Оқушыларға қазіргі заман талабына сай математикалық білім беру аса күрделі мәселе. Жас ұрпақты сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман-математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі.
Ежелгі замандардан –ақ математикалық білімді ғылымдардың жоғары дәрежесі ретінде қабылданған. Сондқтан да математика барлық ғылымдардың лоргикалық негізі-курс тамыры ретінде қарастырылады.
Орта мектепте математиканы оқыту жүйесіндегі ұсынылып отырған қолданбалы курстың алатын орны ерекше. Ұғалімнің қолданбалы курсты оқытудағы алға қойған мақсаты-есепті ү.лгіге қарап шығаруды ғана білмей, шапшаң ойлайтын, уақытты үнемдейтін, өз бетінше әртүрлі тәсілдермен мәселені оңтайлы шеше алатын болашақтың иесін қалыптастыру.
Курсты оқыту барысында төменгі сыныптан бері қалыптасып келе жатқан математикалық білімдерін, теңдеулер және теңсіздіктер, логикалық есептерді шешуді қолданылатын әдістерді одан әрі қарай дамытып, негізгі бағдарламалық материалдарды жоғарғы дәрежеде меңгеруді көздейді. Қарастырылып отырған курс оқушының білім-біліктілігін, ұғымын жүйелеп, ойлау қабілетін реттей отырып, тереңдете түсіндіреді.Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне, теориялық материалдарды талдап түсінуіне көмектеседі.
Мақсаты:
-Негізгі бағдарламалық материалдарды жоғарғы дәрежеде меңгеру.
-оқушыларды математика пәніне қызығушылығын арттыру.
-Математикалық қабілеттерін, логикалық ойлауын, есте сақтауын, есептеу дағдыларын дамыту.
-оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, өз бетімен еңбектенуіне дағдыландыру.
Міндеттері:
-есеп шығару арқылы игерген білімдерін тереңдету.
-математикадан ауызша есептеулерді, стандарт емес есептерді шешуді үйрену.
Күтілетін нәтиже:
-оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларынның қалыптасуы.
-оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алуы.
-оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерінің, ойлау қабілеттерінің дамуы.
Аптасына 1 сағат, бір жылға 34 сағат.
| қ/с | Тақырыптары | Сағат саны | күні |
| 1 | Қысқаша көбейту формулалары | 1 | 1.09 |
| 2 | Қысқаша көбейту формулаларын өрнекті ықшамдауда қолдану. | 1 | 8.09 |
| 3 | Көбейткіштерге жіктеу. | 1 | 15.09 |
| 4 | Қызықты есептер | 1 | 22.09 |
| 5 | Формулаларды түрлендіру | 2 | 29.09 7.10 |
| 6 | Логикалық есептер | 1 | 14.10 |
| 7 | а –в ; (аı+а₂+…+а )² өрнегін түрлендіру. | 1 | 21.10 |
| 8 | Қысқаша көбейту формулаларын теңдеуді шешуде қолдану. | 2 | 28.10 10.11 |
| 9 | Бөлшектерді қысқарту. | 1 | 17.11 |
| 10 | Қызықты есептер | 1 | 24.11 |
| 11 | Математикалық сұрақтар | 1 | 1.12 |
| 12 | Теңдеулерді шешу | 1 | 8.12 |
| 13 | Өрнекті ықшамдау | 1 | 15.12 |
| 14 | Кенгуру есептері | 1 | 22.12 |
| 15 | Математикалық винегред | 1 | 29.12 |
| 16 | Үшінші дәрежелі түбір | 1 | 12.01 |
| 17 | Иррационал өрнектерді түрлендіру | 1 | 19.01 |
| 18 | Теңсіздіктерді шешу | 1 | 26.01 |
| 19 | Қызықты есептер | 1 | 2.02 |
| 20 | Шырпымен жұмыс | 1 | 9.02 |
| 21 | Мәтін есептер | 2 | 16.02 23.02 |
| 22 | Өрнектерді тепе-тең түрлендіру | 1 | 2.03 |
| 23 | Олимпиада есептері | 1 | 9.03 |
| 24 | Рационал бөлшектер | 1 | 16.03 |
| 25 | Теңдеулерді шешу | 1 | 6.04 |
| 26 | Санның квадратын тез есептеу жолдары | 1 | 13.04 |
| 27 | Қызықты есептер | 1 | 20.04 |
| 28 | Аудан тақырыбына есептер шығару | 1 | 27.04 |
| 29 | Трапеция, ромб | 1 | 4.05 |
| 30 | Олимпиада есептері | 1 | 11.05 |
| 31 | Қайталау | 1 | 18.05 |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Әдебиеттер.
1.Р.Омаров.Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен
құрастырмалар.
2.Математика оқулықтары.
3.Физика және математика журналы.
4.Алгорифм журналы
5.Қызықты 100 есеп.
6.А.Оразов. Мәтінді есептер.