СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

9 сынып оқушысы Бердалы Асылзат «ҚАРА ЖОРҒА» БИІ – НАҒЫЗ СПОРТ ТҮРІ (ғылыми жоба)

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қара жорға» биі қайдан келді? Қарап отырсақ, бұл бидің тарихы тым әріден басталады екен. Кейбір зерттеушілер «Қара жорғаның» тарихы ХІІ ғасырдан ары асатынын айтады. Тіпті мұны Шыңжаңның Алтай аймағында қоныстанған Керей руының биі екенін айтушылар да бар. Бірақ биден бұрын «Қара жорға» күйінің шыққаны анық.  Жоғарыда аты аталған Арыстан қажы Шәдетұлы бұл бидің халық арасында үш атауы барын, яғни «Қара жорға», «Бақсы биі» және «Буын биі» деп аталатынын айтады. Десек те, бұл биді көпке дейін моңғол биі деп шатастырып жүргендер де болыпты.  – Бұл ежелден келе жатқан қазақ биі. Шекара сызығы тартылғаннан кейін бұл би негізінен шеттегі қазақтардың арқасында сақталып қалған, – дейді. Иә, «Қара жорға» ғажап би! Бұл биде біздің қатпарлы тарихымыз мен тағдырымыз бар. Ғасырлардан жалғасып келе жатқан салт пен дәстүр де осы биде. Тіпті қыз бен жігіттің сұлу сезімі мен махаббатын да осы биден табасың. Биылғы Наурыз мейрамында «Қара жорғаны» әр қазақ билесе, құп болар еді...

 

Просмотр содержимого документа
«9 сынып оқушысы Бердалы Асылзат «ҚАРА ЖОРҒА» БИІ – НАҒЫЗ СПОРТ ТҮРІ (ғылыми жоба)»

Қазір балабақшадағы кішкентай бүлдіршіндерден бастап ата-әжелерімізге дейін «Қара жорға» биін билеу дәстүрге айналып барады. Алайда, көпшіліктің делебесін қоздырып, қызығушылығын арттырған әдемі бидің шығу тарихын балалар біле бермейді. Ендеше, «Қара жорғаның» тарихына зер салайық... Ерте заманда өмір сүрген бір байдың тайпалған қара жорғасы болыпты. Әлгі жорғасы бәйгеден бәйге, жүлдеден жүлде қоймайды екен. Бір күні байдың жалғыз қызы ұзатылып, әкесінен қалың малының өтеуiне қара жорғасын сұрайды. Бай жорғасын қимай, қиналады. Бірақ, жалғызының бетін қайтара алмай, ақыры береді. «Қызым, қаражорғаны бiр тайпалтып жорғалатшы. Жат жұртқа әкетiп барасың ғой, бiр көрiп қалайын», - дейді бай қызын ұзатар алдында. Қара жорғаны ноқталы ұзын арқанымен бос қоя бередi. Жануар үйреншікті жорғасына сала жөнеледi. Сонда ноқтаға байланған ұзын арқан толқынданып, атпен бiрге жорғалап бара жатқандай болады. Осы әдемі көрініске қарап тұрған бiр күйшi «Қара жорға» деген күй шығарады. Бұл күйдің әсерлі болып шыққаны соншалықты, оны естіген қазақ қимылсыз қала алмаған. Бүгінде де солай. Буын-буының еріксіз босайды. Сол себепті де «Қара жорға» биі, кейіннен әні де пайда болады екен. 
Кәсіби бишілердің пікіріне қарағанда, «Қара жорға» биінің денсаулыққа тигізер әсері де мол көрінеді. Яғни, ол бидің әрбір қимылы-дене шынықтыру жаттығуы іспетті. Оны билеген балалар өздерін сергек сезініп, сабаққа деген ынтасы да артады екен. Бір қызығы, бұл әуенге қытайлықтар қызығушылық танытып, зерттеп көріпті. Сөйтіп, бидің денсаулыққа пайдасы барын байқайды. Бұл биді билеген адамның бүкіл сүйегі қимылдайды, яғни денені шынықтыру үшін таптырмайтын тәсіл. Жанға жағымды, тәнге пайдалы. Қазір Алтай мен Шыңжан мектептерінде сабақ осы «Қара жорғамен» басталатын болған.
Ендеше балалар, сендер де ұлттық биіміз-«Қара жорғаны» үйреніп алып, әрдайым билеп жүргендерің абзал. Осы биді билеу арқылы сендердің буындарыңа қан жүгіріп, денелерің шынығады. Өйткені, «Қара жорға»-би ғана емес, нағыз спорт түрі. Қазақтың биі иықпен, буынмен билейді деуші еді. Ұмыт болған биімізді шет елден (Қытай ХР, Монғолия) келген бауырларымыз әкелген екен. Десе де, «Қазақтың биі «Қаражорға» емес» — деушілер де табылып жатыр. «Қамажай» тасада қалып қойған секілді. Бірақ ер адамдар қашан қамажайға билепті? Ендеше негізгі биіміз не болды? 
1995 жылдан бері бұл биді қалың жұртшылыққа кеңінен насихаттаған арғы беттен келген қандасымыз Арыстан қажы Шәдетұлының да еңбегі ақталды деуге болады.
«Қара жорға» биі қайдан келді? Қарап отырсақ, бұл бидің тарихы тым әріден басталады екен. Кейбір зерттеушілер «Қара жорғаның» тарихы ХІІ ғасырдан ары асатынын айтады. Тіпті мұны Шыңжаңның Алтай аймағында қоныстанған Керей руының биі екенін айтушылар да бар. Бірақ биден бұрын «Қара жорға» күйінің шыққаны анық. 
Жоғарыда аты аталған Арыстан қажы Шәдетұлы бұл бидің халық арасында үш атауы барын, яғни «Қара жорға», «Бақсы биі» және «Буын биі» деп аталатынын айтады. Десек те, бұл биді көпке дейін моңғол биі деп шатастырып жүргендер де болыпты. 
– Бұл ежелден келе жатқан қазақ биі. Шекара сызығы тартылғаннан кейін бұл би негізінен шеттегі қазақтардың арқасында сақталып қалған, – дейді. Иә, «Қара жорға» ғажап би! Бұл биде біздің қатпарлы тарихымыз мен тағдырымыз бар. Ғасырлардан жалғасып келе жатқан салт пен дәстүр де осы биде. Тіпті қыз бен жігіттің сұлу сезімі мен махаббатын да осы биден табасың. Биылғы Наурыз мейрамында «Қара жорғаны» әр қазақ билесе, құп болар еді...