«Информатика теңізіне саяхат»
тақырыбында сыныптан тыс іс-шара
26.04.2017 жыл
№19 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Атагельдиева Жулдыз Нурлановна
-Құрметті оқушылар, ұстаздар сәлеметсіздер!
-Мен баршаңызды бүгінгі сабағымда көргеніме өте қуаныштымын.
-Маған өздеріңіздің бүгінгі көңіл-күйлеріңізді сәйкес карточкамен көрсетіңіздерші!
(Менде көрсетемін) қызыл- өте жақсы, жасыл-жақсы, сары-онша емес
-Бүгін біздің сабағымыз жай сабақ емес саяхат сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың осы күнге дейін алған білімдерін тиянақтау, жинақтау, пысықтау, пәнге деген қызығушылығын одан әрі ояту, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың міндеттері:
1.Оқушылардың алған білімдерін шыңдау.
2.Топпен жұмыс жасауға дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, алғырлыққа, тапқырлыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
3. Шығармашылық тапсырмалар орындату.
Түрі: ойын, жұмбақ, саяхат сабақ
Көрнекілігі:ДК, слайд, қажетті құралдар, карточкалар
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, өзім топ басын сайлаймын, олар өздері топқа бөледі.
1-топ «Ақжелкен» тобы, 2-топ «Көкжелкен» тобы
1-тапсырма:
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» алдарыңдағы ребусты шешіп, ... сол сөзге сөз құрау.


Тақырыбы: «Информатика теңізіне саяхат». Ендеше, балалар онда біз «Информатика» теңізіне саяхатқа шығамыз.
Енді орнымыздан қозғалу үшін мына алдарыңдағы жұмбақтарды шешу керек. Мысалы:
Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп (компьютер – компьютер – computer)
Осылай екі топ алдыларыңдағы жұмбақты шешу керексіңдер. Шешкен соң «Түйінді сөзді »табасыңдар
1-топ:
1. Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын (басып шығарғыш – принтер – printer )
2. Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет, сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы / монитор - монитор – monitor/
3. Компьютер онсыз үндемейді
Екі егіздей тұрады
Ол бар болса егер де
Әндетеді, ысқырады ол...(колонкалар-колонки-Column)
2-топ:
1. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын (тышқан – мышка – mouse)
2. Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген (пернетақта – клавиатура – keyboard)
3. Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген (мәтіналғы – сканер – scanner)
2-тапсырма. «Кім жүйрік?»
Енді балалар, біз ашық теңізге де келіп жеттік. Енді біз білімдерімізді сынап көрейікші. Интербелсенді тур. (Слайдпен жұмыс.)
Ал, енді балалар, біз теңіздің ауасын жұтып, көп жүздік, шаршадық енді біз елге оралуымыз керек. Ол үшін де біз бір тапсырма орындауымыз керек.
3-тапсырма. « Кім епті, еркін ойлы» (үнсіз қимыл). Оқушыларға тақтада компьютерге байланысты суреттер көрсетіледі. Бір оқушы теріс қарап тұрады, қалған оқушылар үнсіз қимыл көрсетіп табулары керек.(Слайд көрсетіледі.)