| «Химия» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудыңтапсырмаларының үлгісі 1. Кестедегі бос орындарды толтыр. [4] | Қосылыстардың классы | Жалпы формула | Заттардың формулалары | Атауы | | СnH2n+2 | | пентан | | алкен | | С3H6 | | | СnH2n-2 | | ацетилен | | Спирт | | C4H9OH | | | Альдегид | | | этаналь | | Карбон қышқылы | | | Сірке кышқылы | | Аминқышқыл | | H2N-CH2-COOH | | 2. Функционалды топтар дегеніміз не? Мысал келтірініз. [2] 3. Бутан молекуласына изомер құрастыр, құрылымдық формулаларын сызып, атаныз . [2] 4. Есеп: Құрамында көміртектің массалық үлесі 81,8%, сутектің массалық үлесі 18,2% болатын, сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 22-ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар. [2] 5. Метан - алкандар класының қарапайым өкілі. Отын ретінде тұрмыста және өндірісте пайдаланатын табиғи газ құрамында кездеседі. Метанның жану реакциясын жазыңыз [1] СН4 + О2 = _______ + ________ 6. Алкен және алкин қанықпаған көмірсутектерге жатады, екеуі де галогендермен реакцияға түседі. а) Алкен мен алкиннің қарапайым қосылысының формуласын жазыңыз және оларды атаңыз. [1] b) Төмендегі сурет бойынша алканды алкеннен және алкиннен (қанықпаған көмірсутектерден) қалай ажыратуға болады? Жауабыңызды түсіндіріңіз. [1] с) Кез келген алкен мен алкиннің бром суымен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңыз. [2] СН2 = СН2 + Br2 = ___________ СН2 ≡ СН2 + Br2 = ___________ 7. Алкендердің құрамында қос байланыс болғандықтан, полимерлену реакцияларына оңай түседі. Этеннен полимерлену реакциясын жазыңыз және түзілген полиэтиленнің қолданылуына мысал келтіріңіз. [3] а) Реакция теңдеуі: b) Мономер, полимер сөздердің мағынасың тұсіндір: с) Қолданылуы: 8. Елімізде биоотын өндірісі қарқынды дамып келеді. Биоотын–биологиялық қалдықтардықайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын. Биоэтанол–биоотынға жатады. [2] Берілген суретке қарап биоотынның артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз? | Артықшылықтары: | Кемшіліктері: | | | | 9. Этанолды зертханада гидратация әдісі арқылы алады. [2] а) Реакция теңдеуін жазыңыз: СН2 = СН2 + Н2О = ___________ b) Этанолдың қолданылуына мысал келтіріңіз. 10. Сірке қышқылдың формуласың жазып, қолданылуына мысал келтіріңіз. [1] 11. Нәруыз адам ағзасына аса қажет қоректік зат. [2] а) Нәруыздың қызметі қандай? b) Нәруызға бай тағам түрлеріне үш мысал келтіріңіз. |