Топқа бөлу:«Орныңды тап!» әдісі 1-топ Асхана (кесе, шанышқы, пышақ, қасық, шәйнек, тәрелке.) 2-топ Кітапхана (газет, журнал, түрлі кітаптар) 3-топ Спортзал (доп, арқан, тор, секіртпе) Топқа суреттер таңдап алып, атауларға байланысты топтасады. Әр тапсырма бойынша оқушылар смайликтер, яғни эмоция символдары арқылы бағаланып отырады. (Ж)«Ой қозғау» арқылы оқушылардың өз атауларына түсініктеме беру үшін ізденіп, жаңа тақырыпты ашуға мүмкіндік жасау. Жаңа сабақ: «Үштік әдіс» арқылы өз идеяларымен бөлісіп, сабақтың тақырыбын ашады. Слайдтан қосымша мәліметтер көрсетіліп, танысады. (Т)«Детектив» әдісі арқылы «Қамқорлық» тақырыбы бойынша сурет беріледі. 1-топ: Сурет бойынша оқиғаның соңын айтып беру. 2- топ: Бейнеленген оқиғаға сәйкес әңгіме құрастыру. 3-топ:Қамқорлық дегеніміз не? (өз ойларын айту) Оқушылар берілген тапсырмаларды постер арқылы қорғайды. Дескрипторлар: оқиғаның соңын болжап айтады; бейнеленген оқиғаға сәйкес әңгіме құрастырады; сөйлемдердің құрылымын сақтайды; сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды; ҚБ«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы«смайликтер бойынша өте жақсы, жақсы, қанағат» (Ж.ж)«Дауыстап ойлау» әдісі арқылыоқулықпен жұмыс жасайды. Суреттердің көмегімен сөздерді оқып, дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дыбыстарды ажыратады. Салыстырады Алма | А дыбысы сөздің басында және соңында | Айран | А дыбысы сөздің басында, ортасында | Асық | А дыбысы сөздің басында | Кітап | А дыбысы сөздің ортасында кездеседі | Дескриптор: А а әрпінің сөздегі орнын анықтайды, ажыратады. ҚБ смайликтер Сергіту сәті: Менің мектебім үшбұрышты Егер ол үшбұрышты болмаса, Ол менің мектебім емес. (Ж.ж)«Миға шабуыл» әдісі бойынша жұптарға суреттер беріледі. Суреттегі заттарды атайды, сөзде неше дыбыс барын анықтайды, дауысты дыбыстарды қызыл, дауыссыз дыбыстарды көк түспен бояйды. Дескриптор: суреттегі заттарды атайды; сөздегі дыбыс санын анықтайды; дауысты дыбыстарды анықтайды; дауыссыз дыбыстарды анықтайды; ҚБ «Тиын тарату» (Ж)Дәптермен жұмыс. Жазу дәптері бойынша А а әрпіне берілген тапсырмаларды орындайды. (З.ж)«Галереяны шарлау» әдісі арқылы «Менің күн тәртібім» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру Дескриптор: тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады; сөйлемдердің құрылымын сақтайды; сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды; ҚБ«Плюс, минус» әдісі және эмоция символдары арқылы (Т.ж)«Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар жылдам әрі тұжырымды ой жинақтайды Оқушылар сабақ барысында алған смайликтер нәтижесін баяндайды. Жауаптарды бағалау критерийлері: Тақырыпқа немесе сюжетті суретке сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды. Сурет бойынша әңгіме құрастырады Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты\ дауыссыз) ажыратады Рефлексия: «Жетістік баспалдағы» әдісін алдым. Оқушылар смайликтер арқылы сабақты қаншалықты меңгергендіктерін көрсетіп тақтада көрсетілген баспалдақтарға смайликтерін жапсырады. -тапсырманы орындай алмадым -аздап қиналдым -тапсырманы орындай алдым |