СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"А, В, С, Д, Е вирусты гепатиттер".

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Вирусты гепатиттер.

Просмотр содержимого документа
«"А, В, С, Д, Е вирусты гепатиттер".»

Вирусты гепаттиттер А,В,С,Д,Е және т.б. этиологиясы, эпидемиологиясы , клиникасы.Диагностикасы, алдын алу.

Вирусты гепаттиттер А,В,С,Д,Е және т.б. этиологиясы, эпидемиологиясы , клиникасы.Диагностикасы, алдын алу.

Жоспар     І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім  1.Вирустты гепатиттерге жалпы түсініктеме  2.А,В,С,Д,Е –ның Этиологиясы, Эпидемиологиясы және Клиникалық көрінісі  3. Диагностикасы, алдын алу. ІІІ.Қорытынды І V .Пайдаланылған әдебиет

Жоспар

  • І.Кіріспе
  • ІІ.Негізгі бөлім

1.Вирустты гепатиттерге жалпы түсініктеме

2.А,В,С,Д,Е –ның Этиологиясы, Эпидемиологиясы және Клиникалық көрінісі

3. Диагностикасы, алдын алу.

  • ІІІ.Қорытынды
  • І V .Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе Вирусты гепатиттер – (hepatitis virosa) бауыр зақымдалуымен жүретін жұқпалы аурулар.Жедел гепатитінің ауырлығы әр түрлі  болады:симптомсыз және клиникалық көріністері әлсіз дамығаннан бастап, ауыр және қатерлі өліммен аяқталатын түрлерге дейін.Ол адамды өлімге әкелетін инфекциялардың қатарына жатады.

Кіріспе

Вирусты гепатиттер – (hepatitis virosa) бауыр зақымдалуымен жүретін жұқпалы аурулар.Жедел гепатитінің ауырлығы әр түрлі болады:симптомсыз және клиникалық көріністері әлсіз дамығаннан бастап, ауыр және қатерлі өліммен аяқталатын түрлерге дейін.Ол адамды өлімге әкелетін инфекциялардың қатарына жатады.

Сау бауыр Зардап шеккен бауыр

Сау бауыр

Зардап шеккен бауыр

А вирусты гипатит А гипатиті (син . жұқпалы, эпидемиялық гепатит, Боткин ауруы )- фекальды-оралды механизмі арқылы берілетін вирусты ішек инфекциясы.РНҚ-лы вируспен тудырылатын жедел бауырдың қабынуы,әдетте өзіндік сауығуымен аяқталады.Бұрын бұл ауру тек балалар арасында тіркелетін, ал қазір батыс елдерінің гигеналық деңгейінің жоғарлауына байланысты, ересек адамдардың арасында кездеседі.

А вирусты гипатит

А гипатиті (син . жұқпалы, эпидемиялық гепатит, Боткин ауруы )- фекальды-оралды механизмі арқылы берілетін вирусты ішек инфекциясы.РНҚ-лы вируспен тудырылатын жедел бауырдың қабынуы,әдетте өзіндік сауығуымен аяқталады.Бұрын бұл ауру тек балалар арасында тіркелетін, ал қазір батыс елдерінің гигеналық деңгейінің жоғарлауына байланысты, ересек адамдардың арасында кездеседі.

Гепатит көбінесе балаларда кездеседі Микроскоптық көрінісі

Гепатит көбінесе балаларда кездеседі

Микроскоптық көрінісі

Этиологиясы А гепатит вирусы ( HAV ) энтеровирустар тұқымдастығына Picornaviridae жатады.Кей кезде вирусты 72 типтегі энтеровирус деп те атайды.Ол дөңгелек, сәл жиектелген, көлденеңінен алғанда 27-32 нм бөлшек.Вирустың нуклеокапсидінің сыртқы қабығы және беткейлік шығыңқысы жоқ.Вирионның орталық компоненті болмайды.Вирустың геномы молекулярлық салмағы 2,25 мегадельтон, жалғыз спиральды сызықты РНҚ молекуласынан тұрады.Әлемнің әр бөлігінде вирусының әр түрлі штамдары анықталған, бірақ олардың бәрінде барлығын бір серотипке жатқызатын бірдей антиген бар және қарама- қарсы протективті иммунитет туғызады.Жплғыз антиген болғандықтан анти ( HAV) - антиденелері алдымен Ig M , кейін Ig G түзіледі.

Этиологиясы

А гепатит вирусы ( HAV ) энтеровирустар тұқымдастығына Picornaviridae жатады.Кей кезде вирусты 72 типтегі энтеровирус деп те атайды.Ол дөңгелек, сәл жиектелген, көлденеңінен алғанда 27-32 нм бөлшек.Вирустың нуклеокапсидінің сыртқы қабығы және беткейлік шығыңқысы жоқ.Вирионның орталық компоненті болмайды.Вирустың геномы молекулярлық салмағы 2,25 мегадельтон, жалғыз спиральды сызықты РНҚ молекуласынан тұрады.Әлемнің әр бөлігінде вирусының әр түрлі штамдары анықталған, бірақ олардың бәрінде барлығын бір серотипке жатқызатын бірдей антиген бар және қарама- қарсы протективті иммунитет туғызады.Жплғыз антиген болғандықтан анти ( HAV) - антиденелері алдымен Ig M , кейін Ig G түзіледі.

Эпидемиологиясы Инфекция көзі: сарғыштанбаған және субклиникалық, сонымен қатар аурудың манифестті түрімен науқастар жатады. Берілуі механизімі- фекальды-оралды. Берілуі ауалы-тамшылы жолмен қазіргі кезде жоққа шығарылған. Вирус сарғыштануға дейін 10-14 күн бұрын бөліне бастайды,сарғыштың 2-7 күнінде аяқталады. Вирусты А гепатитінің сарғыштық түрімен ауырған науқастардан, аурудың жасырын және сарғыштық жоқ түрлерімен ауырғандардың саны 2-10 есе көп кездеседі. А вирусы гипатитке қабылдаушылық ортақ болады.1жастан үлкен балалар (3-12 дейінгі жаста) және жастар арасында жиі кездеседі.Және ауру сырқаттану кезеңі күз-қыс айлары тіркеледі. А вирусті гепатиті жалпылама таралған.аурудың таралуына көбінесе санитарлық жағдай, тұрғындардың санитарлық мәдениеті ісер етеді.

Эпидемиологиясы

Инфекция көзі: сарғыштанбаған және субклиникалық, сонымен қатар аурудың манифестті түрімен науқастар жатады.

  • Берілуі механизімі- фекальды-оралды.
  • Берілуі ауалы-тамшылы жолмен қазіргі кезде жоққа шығарылған.
  • Вирус сарғыштануға дейін 10-14 күн бұрын бөліне бастайды,сарғыштың 2-7 күнінде аяқталады.
  • Вирусты А гепатитінің сарғыштық түрімен ауырған науқастардан, аурудың жасырын және сарғыштық жоқ түрлерімен ауырғандардың саны 2-10 есе көп кездеседі.
  • А вирусы гипатитке қабылдаушылық ортақ болады.1жастан үлкен балалар (3-12 дейінгі жаста) және жастар арасында жиі кездеседі.Және ауру сырқаттану кезеңі күз-қыс айлары тіркеледі.
  • А вирусті гепатиті жалпылама таралған.аурудың таралуына көбінесе санитарлық жағдай, тұрғындардың санитарлық мәдениеті ісер етеді.
Патогенезі Вирустық гепатит А вирусы ас қорыту жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Көбеюі ащы ішектің эпителийлерінде жасушаларымен мезинтеральді лимфа түйіндерінде өтеді. Одан әрі вирус қанға түсіп, гепатоциттерге жетіп, көбейіп, инкубациялық кезеңнің аяғында вирус қайтадан қанға түседі. Қайта гепатоцитттерге енеді, жасуша ішінің метаболитикалық процестердің бұзылуына әкеліп соқтырады. Лизосомальде мембрананың өтімділігі себебінен белсенді гидролазалар сыртқа шығып, жасушаны аутолизге ұшыратып, гепатоциттердің цитолизіне және некробиозына себепкер болады. Зат алмасу процестері бұзылып, иммунологиялық процестер (өзгерістер) пайда болады. Қабынудың салдарынан цитолитикалық, мезенхимальдық қабыну холистатикалық синдром пайда болады.

Патогенезі

Вирустық гепатит А вирусы ас қорыту жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Көбеюі ащы ішектің эпителийлерінде жасушаларымен мезинтеральді лимфа түйіндерінде өтеді. Одан әрі вирус қанға түсіп, гепатоциттерге жетіп, көбейіп, инкубациялық кезеңнің аяғында вирус қайтадан қанға түседі. Қайта гепатоцитттерге енеді, жасуша ішінің метаболитикалық процестердің бұзылуына әкеліп соқтырады. Лизосомальде мембрананың өтімділігі себебінен белсенді гидролазалар сыртқа шығып, жасушаны аутолизге ұшыратып, гепатоциттердің цитолизіне және некробиозына себепкер болады. Зат алмасу процестері бұзылып, иммунологиялық процестер (өзгерістер) пайда болады. Қабынудың салдарынан цитолитикалық, мезенхимальдық қабыну холистатикалық синдром пайда болады.

Клиникалық көрінісі А вирусты гепатиті айқын клиникалық белгілерімен (сарғыштық және сарғыштықсыз) және клиникалық белгілерінсіз өтуі мүмкін (инаппрантты түрі).Сарғыштықсыз түрінде сарғыштық пен гипербилирубинемиядан басқа гипатиттің барлық клиникалық және биохимиялық көріністері болады, трансаминазалардың белсенділігі жоғарылайды, анти- HAV  IGM анықталады.Субклиникалық түрінде клиникалық симптомдары болмайды, бірақ трансаминазалардың белсенділігі жоғарлап, анти- HAV  IGM анықталады. Ауру түрлерінің ажыратылуы: -ағымы бойынша:жедел,ұзағырақ; -ауырлық дәрежесі бойынша:жедел, орташа, ауыр; Жасырын кезеңі 6-50 күн (жиі 15-30 күн)

Клиникалық көрінісі

А вирусты гепатиті айқын клиникалық белгілерімен (сарғыштық және сарғыштықсыз) және клиникалық белгілерінсіз өтуі мүмкін (инаппрантты түрі).Сарғыштықсыз түрінде сарғыштық пен гипербилирубинемиядан басқа гипатиттің барлық клиникалық және биохимиялық көріністері болады, трансаминазалардың белсенділігі жоғарылайды, анти- HAV IGM анықталады.Субклиникалық түрінде клиникалық симптомдары болмайды, бірақ трансаминазалардың белсенділігі жоғарлап, анти- HAV IGM анықталады.

Ауру түрлерінің ажыратылуы:

-ағымы бойынша:жедел,ұзағырақ;

-ауырлық дәрежесі бойынша:жедел, орташа, ауыр;

Жасырын кезеңі 6-50 күн (жиі 15-30 күн)

1.Жасырын кезеңі 6-50 күн (жиі 15-30 күн) 2.Продромалды (сарғыштық алды) кезең – 2-14 күн (жиі 5-7 күн).Продромалды кезең әр түрлі вариантпен өтуі мүмкін,грипп тәрізді,диспепсиялық, астеновегатативті, аралас.  1. Грипп тәрізді варианты жедел басталады, дене қызуы 38-39 °С, 2-3 күн байқалады;басы,бұлшық еттері ауырады,катаральды белгілері болуы мүмкін.  2.Диспепсиялық вариантта тәбет төмендейді,эпигастрий аймағында ауырлық немесе ауру сезімі болады, оң жақ қабырға асыты ауырып, науқаста жүрек айну,құсу болады. 4. Аралас түрінде бірнеше варианттардың симптомдары кездеседі.Ауру басталғаннан кейін 2-4 күн өткен соң несеп сарғаяды, түсі қою шай немесе сыра түстес болады сонымен қатар үлкен дәреті түссізденеді.  3.Астеновегатативті вариантта, әлсіздік,ұйқышылдық,ашушаңдық,басы ауырып, айналып, жұмысқа қабілеті төмендейді.

1.Жасырын кезеңі 6-50 күн (жиі 15-30 күн)

2.Продромалды (сарғыштық алды) кезең – 2-14 күн (жиі 5-7 күн).Продромалды кезең әр түрлі вариантпен өтуі мүмкін,грипп тәрізді,диспепсиялық, астеновегатативті, аралас.

1. Грипп тәрізді варианты жедел басталады, дене қызуы 38-39 °С, 2-3 күн байқалады;басы,бұлшық еттері ауырады,катаральды белгілері болуы мүмкін.

2.Диспепсиялық вариантта тәбет төмендейді,эпигастрий аймағында ауырлық немесе ауру сезімі болады, оң жақ қабырға асыты ауырып, науқаста жүрек айну,құсу болады.

4. Аралас түрінде бірнеше варианттардың симптомдары кездеседі.Ауру басталғаннан кейін 2-4 күн өткен соң несеп сарғаяды, түсі қою шай немесе сыра түстес болады сонымен қатар үлкен дәреті түссізденеді.

3.Астеновегатативті вариантта, әлсіздік,ұйқышылдық,ашушаңдық,басы ауырып, айналып, жұмысқа қабілеті төмендейді.

3. Аурудың өршу кезеңі(сарғаю кезеңі)  сарғаюдан басталады,ол шамамен 2-3 аптаға (орташа тербелісі 1 аптадан 1-2 ай) созылады.Сарғыштық басталғаннан соң аурудың дене қызуы қалыптасып, бас ауруы және де басқа да жалпы ауру белгілері басылады,жағдайы жақсарады, осы белгілер А гепатитінің В мен С гепатитінен салыстырмалы диагностикалық ерекше белгі болып саналады.   4. Реконвелесценция кезеңінде біртіндеп клиникалық –биохимиялық көрсеткіштер қалпына келеді.Науқас 4-6 апта мерзімнде айығады.Науқастардың 5-10 % -да аурудың ұзақ ағымды түрі кездеседі,ауру бірнеше айға созылып, науқас айығады.Кейбір науқастарда реконвелесценция кезінде 1-3 айдан соң рецидивтер (аурудың қайта өршуі) байқалады, клиникалық белгілері мен лабораторлық көрсеткіштері өзгереді.

3. Аурудың өршу кезеңі(сарғаю кезеңі) сарғаюдан басталады,ол шамамен 2-3 аптаға (орташа тербелісі 1 аптадан 1-2 ай) созылады.Сарғыштық басталғаннан соң аурудың дене қызуы қалыптасып, бас ауруы және де басқа да жалпы ауру белгілері басылады,жағдайы жақсарады, осы белгілер А гепатитінің В мен С гепатитінен салыстырмалы диагностикалық ерекше белгі болып саналады.

4. Реконвелесценция кезеңінде біртіндеп клиникалық –биохимиялық көрсеткіштер қалпына келеді.Науқас 4-6 апта мерзімнде айығады.Науқастардың 5-10 % -да аурудың ұзақ ағымды түрі кездеседі,ауру бірнеше айға созылып, науқас айығады.Кейбір науқастарда реконвелесценция кезінде 1-3 айдан соң рецидивтер (аурудың қайта өршуі) байқалады, клиникалық белгілері мен лабораторлық көрсеткіштері өзгереді.

Диагностикасы  А гепатиті диагнозы эпидемиологиялық (А гепатитімен науқаспен жанасқаннан кейін 7-50 күнге ауыруы), клиникалық белгілері (аурудың циклділігі симптомдарының алмасу заңдылығымен өтетін продромалды және сарғыштық кезеңі), лабораторлық зерттеу нәтижелеріне негізделеді.  Лабораторлық зерттеу келесі нетижелерге негізделеді: 1.Перифериялық қан анаилизінің өзгеруі; 2.Пигмент тесттерінің өзгеруі; 3.Бауыр сынамаларының өзгеруі; 4.Серологиялық анализ; 5.Аспаптық.  Қанның жалпы анализінде лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, және моноцитоз байқалады.Қалыпты жағдайда жалпы билирубин 20,5 мкмоль/л құрайды.Гепатит кезінде гипербилирубинемия тікелкей фракция көбеюімен байқалады.Пигмент алмасцудың бұзылысы сарғыштық алды кезеңде басталып, несепте уробилин пайда болады. А гепатитінің диагностикасы вирустың антигеннің ( HAV Ag) нәжісте және вирусқа қарсы антиденелерінің қан сарысуында анықталуы негізделеді.

Диагностикасы

А гепатиті диагнозы эпидемиологиялық (А гепатитімен науқаспен жанасқаннан кейін 7-50 күнге ауыруы), клиникалық белгілері (аурудың циклділігі симптомдарының алмасу заңдылығымен өтетін продромалды және сарғыштық кезеңі), лабораторлық зерттеу нәтижелеріне негізделеді.

Лабораторлық зерттеу келесі нетижелерге негізделеді:

1.Перифериялық қан анаилизінің өзгеруі;

2.Пигмент тесттерінің өзгеруі;

3.Бауыр сынамаларының өзгеруі;

4.Серологиялық анализ;

5.Аспаптық.

Қанның жалпы анализінде лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, және моноцитоз байқалады.Қалыпты жағдайда жалпы билирубин 20,5 мкмоль/л құрайды.Гепатит кезінде гипербилирубинемия тікелкей фракция көбеюімен байқалады.Пигмент алмасцудың бұзылысы сарғыштық алды кезеңде басталып, несепте уробилин пайда болады. А гепатитінің диагностикасы вирустың антигеннің ( HAV Ag) нәжісте және вирусқа қарсы антиденелерінің қан сарысуында анықталуы негізделеді.

Емі А гепатитінің еміне төсек режимі, “ жартылай ” төсек режимі,тиімді тамақтану және витамин емі сияқты емдеу шаралары жатады. Аурудың жеңіл және орташа ауырлығында науқастар  “ жартылай ” төсекте жату керек, ал ауыр ағымында –төсек режимі.Ауруханадан шыққан соң 6 айға дейін ауыр жұмыс істеуге болмайды. № 5 емдәм үстелі (Певзнер бойынша),ауыр қорытылатын майды тамақтарды (сиыр,қой,шошқа еті), қуырылған , ащы тағамдарды жеуге болмайды.Ауруханадан шыққын соң 6 айға дейін емдәм сақтау керек. Дезинтоксикация мақсатымен науқасқа тәулігіне 1,5-2,0 л сұйықтық беріледі.Анорексия белгісімен,қайта-қайта құсатын науқастарға паренталды жолмен глюкоза, Рингер сұйықтығы құйылады.А гепатиті Қатерсіз ағымды, циклді, сауығуымен өтетін болғандықтан науқастарға вирусқа қарсы препараттар тағайындалмайды.

Емі

А гепатитінің еміне төсек режимі, жартылай төсек режимі,тиімді тамақтану және витамин емі сияқты емдеу шаралары жатады. Аурудың жеңіл және орташа ауырлығында науқастар жартылай төсекте жату керек, ал ауыр ағымында –төсек режимі.Ауруханадан шыққан соң 6 айға дейін ауыр жұмыс істеуге болмайды.

5 емдәм үстелі (Певзнер бойынша),ауыр қорытылатын майды тамақтарды (сиыр,қой,шошқа еті), қуырылған , ащы тағамдарды жеуге болмайды.Ауруханадан шыққын соң 6 айға дейін емдәм сақтау керек.

Дезинтоксикация мақсатымен науқасқа тәулігіне 1,5-2,0 л сұйықтық беріледі.Анорексия белгісімен,қайта-қайта құсатын науқастарға паренталды жолмен глюкоза, Рингер сұйықтығы құйылады.А гепатиті

Қатерсіз ағымды, циклді, сауығуымен өтетін болғандықтан науқастарға вирусқа қарсы препараттар тағайындалмайды.

Алдын алу шаралары Санитарлық –гигиеналық шараларға фекалды-оралды механизмін үзу жатады. Эпидемиялық ошақта А гепатитімен ауырған науқас анықталғанда,күнделікті және қорытынды дезинфекция жасалады, науқасты оқшаулап ауруханаға жатқызады.Науқасты оқшаулаған соң, жанасқандарды 35 күн бақылап, биохиямиялық тексеруден өткізеді.А гепатитінің алдын алу мақсатымен донорлық иммуноглобулинді (1,5-4,5 мл бұлшық етке) енгізеді,қайта енгізу 4 реттен көп болмауы керек.А гепатитінің алдын алуы “ Хаврикс-А ” , “ Аваксим ” вакциналары жасалады.Бұл вакциналарды адамдарға А гепатиті бойынша қолайсыз аймақтарға барар бұрын (туристер,әскери қызметкерлер т.б.) бұлшық етке 2 мәрте (6-12 ай аралығы) енгізеді.Вакцинациядан кейінгі иммунитет 10 жыл сақталады.

Алдын алу шаралары

Санитарлық –гигиеналық шараларға фекалды-оралды механизмін үзу жатады.

Эпидемиялық ошақта А гепатитімен ауырған науқас анықталғанда,күнделікті және қорытынды дезинфекция жасалады, науқасты оқшаулап ауруханаға жатқызады.Науқасты оқшаулаған соң, жанасқандарды 35 күн бақылап, биохиямиялық тексеруден өткізеді.А гепатитінің алдын алу мақсатымен донорлық иммуноглобулинді (1,5-4,5 мл бұлшық етке) енгізеді,қайта енгізу 4 реттен көп болмауы керек.А гепатитінің алдын алуы Хаврикс-А , Аваксим вакциналары жасалады.Бұл вакциналарды адамдарға А гепатиті бойынша қолайсыз аймақтарға барар бұрын (туристер,әскери қызметкерлер т.б.) бұлшық етке 2 мәрте (6-12 ай аралығы) енгізеді.Вакцинациядан кейінгі иммунитет 10 жыл сақталады.

Жедел В вирусты гепатит Жедел В вирусты гепатиті ДНҚ вирусымен (Дейн бөлшегі)тудырылатын жедел бауырдың қабынуы,адамнан адамға парентаральді немесе вертикальды жолмен жұғады.Ауру әдетте өзіндік сауығуымен аяқталады, кейбір жағдайда ұзақ созылмады вирус тасымалдаушылық пайда болады немесе созылмалы гепатит және гепатиттен кейін бауыр циррозы дамиды.

Жедел В вирусты гепатит

Жедел В вирусты гепатиті ДНҚ вирусымен (Дейн бөлшегі)тудырылатын жедел бауырдың қабынуы,адамнан адамға парентаральді немесе вертикальды жолмен жұғады.Ауру әдетте өзіндік сауығуымен аяқталады, кейбір жағдайда ұзақ созылмады вирус тасымалдаушылық пайда болады немесе созылмалы гепатит және гепатиттен кейін бауыр циррозы дамиды.

1.Өткір гепатит В 2,3.Созылмалы гепатит В 4.Бауыр циррозы 5.Бауыр қатерлі ісігі

1.Өткір гепатит В 2,3.Созылмалы гепатит В 4.Бауыр циррозы 5.Бауыр қатерлі ісігі

Эпидемиологиясы В гепатитінің қоздырғышы науқастан немесе вирустасымалдаушыдан жыныстық, паренталдық жолдармен және перинаталды беріледі. “Сарысулық гепатит” қаупі сақталатын қанның мұқият тексерілетіндегінен өзекті емес.Басқа берілу жолдарының маңыздылығы керісінше артты.Соңғы кезде В гепатиті көп жағдайда жыныстық жолмен таралатын ауыру есебінде,сонымен қатар нашақорлық арасында 75% жағдайда HAV –маркерлер анықталады.Ауру жұқтыру қаупі бар тобына кіретіндер: акушерлер,хтрургтер, стоматологтар, қанмен жанасатын процедуралық мейірбикерлер.Ауру жұққан анасынан баласына жұқпа жұқтыруы мүмкін. В гепатитінің маусымдылығы болмайды. В гепатитімен ауырған және HBsAg – антиденелері бар адамдар қайта ауырмайды. Дүниежүзінде 1 млрд. жұқпа жұқтырған және 300 млн. HAV –тасымалдаушылары бар.Олардың 25- % да ауыр түрдегі бауыр аурулары дамуы, цирроз бен гепатоцеллюларлы карциномадан өлімге душар болуы мүмкін.

Эпидемиологиясы

В гепатитінің қоздырғышы науқастан немесе вирустасымалдаушыдан жыныстық, паренталдық жолдармен және перинаталды беріледі. “Сарысулық гепатит” қаупі сақталатын қанның мұқият тексерілетіндегінен өзекті емес.Басқа берілу жолдарының маңыздылығы керісінше артты.Соңғы кезде В гепатиті көп жағдайда жыныстық жолмен таралатын ауыру есебінде,сонымен қатар нашақорлық арасында 75% жағдайда HAV –маркерлер анықталады.Ауру жұқтыру қаупі бар тобына кіретіндер: акушерлер,хтрургтер, стоматологтар, қанмен жанасатын процедуралық мейірбикерлер.Ауру жұққан анасынан баласына жұқпа жұқтыруы мүмкін.

В гепатитінің маусымдылығы болмайды. В гепатитімен ауырған және HBsAg – антиденелері бар адамдар қайта ауырмайды.

Дүниежүзінде 1 млрд. жұқпа жұқтырған және 300 млн. HAV –тасымалдаушылары бар.Олардың 25- % да ауыр түрдегі бауыр аурулары дамуы, цирроз бен гепатоцеллюларлы карциномадан өлімге душар болуы мүмкін.

Берілу жолдары: Табиғи және жасанды. Жасанды жолдар: теріні және шырышты қабаттарды зақымдайтын манипуляциялар (операциялар, инъекциялар, эндоскопиялық тексерулер, манипуляциялар, педикюр, татуаж).  Табиғи жолмен: жарақаттанған тері қабаттары арқылы. Берілу факторлары: 1. қан; 2. плазма; 3. эритроциттер; 4. фибриноген; 5.протромбин.  Тұрмыстық қатынас арқылы да беріледі: тұрмыстық зат, тіс щеткасы, қырынатын заттар, т.б. ВГВ-ны қабылдау мүмкіндігі өте жоғары. Инфицирлену күші СПИД-ке қарағанда 100 есе көп. ВГВ-мен 12 жасқа дейінгі балалалар және 30 жастан асқан адамдар ауырады. Сырқаттанғаннан кейін ұзақ уақыт иммунитет түзіледі.

Берілу жолдары: Табиғи және жасанды.

Жасанды жолдар: теріні және шырышты қабаттарды зақымдайтын манипуляциялар (операциялар, инъекциялар, эндоскопиялық тексерулер, манипуляциялар, педикюр, татуаж).

Табиғи жолмен: жарақаттанған тері қабаттары арқылы. Берілу факторлары:

1. қан; 2. плазма; 3. эритроциттер; 4. фибриноген; 5.протромбин.

Тұрмыстық қатынас арқылы да беріледі: тұрмыстық зат, тіс щеткасы, қырынатын заттар, т.б. ВГВ-ны қабылдау мүмкіндігі өте жоғары. Инфицирлену күші СПИД-ке қарағанда 100 есе көп. ВГВ-мен 12 жасқа дейінгі балалалар және 30 жастан асқан адамдар ауырады. Сырқаттанғаннан кейін ұзақ уақыт иммунитет түзіледі.

Клиникасы Аурудың ағымының сипатына, клиникалық белгілердің көріністерінеғ вирустың фазасына, морфофункционалдық өзгерістерінің тереңдігіне, асқынулары мен аурудың нәтижесіне байланысты В гепатитінің бірнеше түрлері мен оның клиникалық- морфологиялық варианттарын ажыратады. І. Ағым циклдігіне байланысты; ІІ.Симптомдарының көріну дәрежесіне қарай; ІІІ.Ауыру дәрежесіне қарай; І V .Асқынуларына қарай. V .Аурудың аяқталуына байланысты.

Клиникасы

Аурудың ағымының сипатына, клиникалық белгілердің көріністерінеғ вирустың фазасына, морфофункционалдық өзгерістерінің тереңдігіне, асқынулары мен аурудың нәтижесіне байланысты В гепатитінің бірнеше түрлері мен оның клиникалық- морфологиялық варианттарын ажыратады.

І. Ағым циклдігіне байланысты;

ІІ.Симптомдарының көріну дәрежесіне қарай;

ІІІ.Ауыру дәрежесіне қарай;

І V .Асқынуларына қарай.

V .Аурудың аяқталуына байланысты.

Диагностикасы Жедел В гепатиттің диагнозы анамнездік, клиникалық- биохиямиялық мәліметтерге , вирустың серологиялық маркерлерін зерттеу нәтижелеріне негізделеді.Егер ауру басталуынан 45-180 күн бұрын науқасқа қан препараттары құйылған болса, операциялық, акушерлік-гинекологиялық, стоматологиялық шаралар, эндоскопиялық зерттеулер жасалынса, көптеген инъекциялар (соның ішінде, есірткілер) енгізілсе, егер В гепатитімен ауыратын науқаспен жыныстық немесе басқа тығыз қатынас болса В гепатитті болжауға болады.Қанда HBeAg,  HBV –ДНҚ , анти HBc IgM және HBsAg -нің ұзақ уақыт (3 айдан көп) жоғары титрде болса, жұқпалы процестің созылыңқы ағымы туралы және созылмалы түрге айналу мүмкіндігінің жоғары болуы туралы айтады. Егер қанда 6 айдан астам HBsAg, тұрақты титрде анықталса созылмалы гепатиттің дамуы туралы, активті вирусты репликациямарк ё рлері, клиникалық көріністер және биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруі болмаса да, ойлау керек.

Диагностикасы

Жедел В гепатиттің диагнозы анамнездік, клиникалық- биохиямиялық мәліметтерге , вирустың серологиялық маркерлерін зерттеу нәтижелеріне негізделеді.Егер ауру басталуынан 45-180 күн бұрын науқасқа қан препараттары құйылған болса, операциялық, акушерлік-гинекологиялық, стоматологиялық шаралар, эндоскопиялық зерттеулер жасалынса, көптеген инъекциялар (соның ішінде, есірткілер) енгізілсе, егер В гепатитімен ауыратын науқаспен жыныстық немесе басқа тығыз қатынас болса В гепатитті болжауға болады.Қанда HBeAg, HBV –ДНҚ , анти HBc IgM және HBsAg -нің ұзақ уақыт (3 айдан көп) жоғары титрде болса, жұқпалы процестің созылыңқы ағымы туралы және созылмалы түрге айналу мүмкіндігінің жоғары болуы туралы айтады.

Егер қанда 6 айдан астам HBsAg, тұрақты титрде анықталса созылмалы гепатиттің дамуы туралы, активті вирусты репликациямарк ё рлері, клиникалық көріністер және биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруі болмаса да, ойлау керек.

Емі Қазіргі кезде В гепатитте қолданылатын негізгі вирусқа қарсы препарат – альфа-интерферон; нақты айтқанда оның рекомбинантты және нативті препараттары.Альфа-интерферон3-5 мл .МЕ аптасына 3 рет тері астына немесе бұлшық етке 1-3 ай тағайындалады.Емнің курсын осылай өткізгенде роцестің созылмаылы түрге айналу мүмкіндігі 5 есе азаяды. Сонымен қатар этиотропты еміне химиопрепараттар жатады,мысалы: Синтетикалық нуклеозидтер:фамцикловир -750 мл/тәулігіне; Протеаза ингибиторлары :саквинавир -600 мг х3 рет/тәулігіне; Интерферон индукторлары:неовир 250-500 мг бұлшық етке 1 күн ара Иммуномодуляторлар:лейкинферон -1 ампуладан бұлшық етке -1 күн ара;   В гепатитінің ауыр түрінде және жедел бауыр жетіспеушілігінің белгілері пайда болған да интенсивті терапия жүргізіледі.Науқастарды бақылау және олардың күтімі өте маңызды.  Мидың гипоксиясын және ісініп-домбығуын алдын алу үшін мұрын катетрлері арқылы 5л/сағ жылдамдығымен ылғалданған оттегі үнемі ингаляцияланады.Бұл шараны ерте қолданған жағдайда (тәулігіне 2-3 сеанс) команың дамуын алдын алуға болады.

Емі

Қазіргі кезде В гепатитте қолданылатын негізгі вирусқа қарсы препарат – альфа-интерферон; нақты айтқанда оның рекомбинантты және нативті препараттары.Альфа-интерферон3-5 мл .МЕ аптасына 3 рет тері астына немесе бұлшық етке 1-3 ай тағайындалады.Емнің курсын осылай өткізгенде роцестің созылмаылы түрге айналу мүмкіндігі 5 есе азаяды.

Сонымен қатар этиотропты еміне химиопрепараттар жатады,мысалы:

  • Синтетикалық нуклеозидтер:фамцикловир -750 мл/тәулігіне;
  • Протеаза ингибиторлары :саквинавир -600 мг х3 рет/тәулігіне;
  • Интерферон индукторлары:неовир 250-500 мг бұлшық етке 1 күн ара
  • Иммуномодуляторлар:лейкинферон -1 ампуладан бұлшық етке -1 күн ара;

В гепатитінің ауыр түрінде және жедел бауыр жетіспеушілігінің белгілері пайда болған да интенсивті терапия жүргізіледі.Науқастарды бақылау және олардың күтімі өте маңызды.

Мидың гипоксиясын және ісініп-домбығуын алдын алу үшін мұрын катетрлері арқылы 5л/сағ жылдамдығымен ылғалданған оттегі үнемі ингаляцияланады.Бұл шараны ерте қолданған жағдайда (тәулігіне 2-3 сеанс) команың дамуын алдын алуға болады.

Алдын алу шаралары Алдын алу шаралары жұқпа көздерін активті анықтауға, таралудың табиғи және жасанды жолдарының үзілуіне, қауіп топтарында вакцинацияны жүргізуге бағытталған. В гепатитімен залалдану қаупі жоғары топқа жататын адамдар вакцинацияланады:медицина қызметкерлері , медициналық мекемелердің студенттері,науқастар,В гепатитімен ауырған науқастың туыстары,нашақорлар.Ересек адамдар иммунизациясының кестесі 3 егуден тұрады; екі егу 1 ай аралықпен енгізіледі, үшінші 6-айдан соң жасалынады.Ревакцинация 7 жылдан кейін өтеді. Қандағы антиденелер 10 ХБ (халықаралық бірліктен) жоғары деңгейі иммунизацияның толық курсын өткен адамдардың 85-95%- де дамиды.Екі егуден кейін антиденелер 50-60% -те пайда болды. Шұғыл көрсеткіштер бойынша иммунопрофилактика қоздырғышпен қатынасы болған адамдарға жүргізіледі.Вакцинамен бірге құрамында В гепатит вирусына қарсы антиденелер бар арнайы иммуноглобулинмен енгізілсе, ммунопрофилактиканың нәтижелі жоғары болады.

Алдын алу шаралары

Алдын алу шаралары жұқпа көздерін активті анықтауға, таралудың табиғи және жасанды жолдарының үзілуіне, қауіп топтарында вакцинацияны жүргізуге бағытталған.

В гепатитімен залалдану қаупі жоғары топқа жататын адамдар вакцинацияланады:медицина қызметкерлері , медициналық мекемелердің студенттері,науқастар,В гепатитімен ауырған науқастың туыстары,нашақорлар.Ересек адамдар иммунизациясының кестесі 3 егуден тұрады; екі егу 1 ай аралықпен енгізіледі, үшінші 6-айдан соң жасалынады.Ревакцинация 7 жылдан кейін өтеді.

Қандағы антиденелер 10 ХБ (халықаралық бірліктен) жоғары деңгейі иммунизацияның толық курсын өткен адамдардың 85-95%- де дамиды.Екі егуден кейін антиденелер 50-60% -те пайда болды.

Шұғыл көрсеткіштер бойынша иммунопрофилактика қоздырғышпен қатынасы болған адамдарға жүргізіледі.Вакцинамен бірге құрамында В гепатит вирусына қарсы антиденелер бар арнайы иммуноглобулинмен енгізілсе, ммунопрофилактиканың нәтижелі жоғары болады.

С вирусты гепатиті С гепатиті этилогиялық белгілері жағынан В гепатитке ұқсас болып келеді.Бірақ сарғыштануымен жүретін түрлері жеңілірек өтіп, клиникалық белгілеріне тез жоғалады. С гепатиті көп жағдайда сарғыштану белгілерінсіз, субклиникалық және инаппарантты түрде өтеді.Алайда бұл аурудың 80-90 % созылмалы түрде ауысса,20-30 % бауыр циррозы тудырады.

С вирусты гепатиті

С гепатиті этилогиялық белгілері жағынан В гепатитке ұқсас болып келеді.Бірақ сарғыштануымен жүретін түрлері жеңілірек өтіп, клиникалық белгілеріне тез жоғалады.

С гепатиті көп жағдайда сарғыштану белгілерінсіз, субклиникалық және инаппарантты түрде өтеді.Алайда бұл аурудың 80-90 % созылмалы түрде ауысса,20-30 % бауыр циррозы тудырады.

Бауырдағы вирус қоздырғышы Қанның өзгерісі

Бауырдағы вирус қоздырғышы

Қанның өзгерісі

Татуаж жаса ғанда Инелермен инъекция жасағанда Донор болғанда

Татуаж жаса ғанда

Инелермен инъекция жасағанда

Донор болғанда

Клиникасы Инкубациялық кезеңі 20 күннен 150 күнге дейін, орташа 40-50күн.Жедел С гепатиті көп жағдайда анықталмайды, себебі организмдегі патологиялық процесс жасырын (латентті) түрде өтеді.Астеновегетативті және диспепсиялық синдромдар сарғыштанумен өтетін (өте сирек кездеседі) С гепатитінің бастапқы кезеңінде және сарғыштанусыз өтетін түрінде кездеседі.Клиникалық белгілері өте мардымсыз.Науқастар әлсіздік, тез шаршағыштықтың,тәәбетсіздіктіңорын алғанына шағымданады.Сарғыштану кезеңінде жалпы улану белгілері айқын емес.Сарғаюдың айқындылығы төмен болады да, , көздің , таңдайдың аздап сарғаюымен, терінің білінер-білінбес сарғыштануымен, холурия және ахолия белгілерінің бір-екі рет байқалуымен сипатталады.Кейде бауыры аздап үлкейеді,пальпациялағанда жұмсақ болады.Көкбауыры үлкеймейді.

Клиникасы

Инкубациялық кезеңі 20 күннен 150 күнге дейін, орташа 40-50күн.Жедел С гепатиті көп жағдайда анықталмайды, себебі организмдегі патологиялық процесс жасырын (латентті) түрде өтеді.Астеновегетативті және диспепсиялық синдромдар сарғыштанумен өтетін (өте сирек кездеседі) С гепатитінің бастапқы кезеңінде және сарғыштанусыз өтетін түрінде кездеседі.Клиникалық белгілері өте мардымсыз.Науқастар әлсіздік, тез шаршағыштықтың,тәәбетсіздіктіңорын алғанына шағымданады.Сарғыштану кезеңінде жалпы улану белгілері айқын емес.Сарғаюдың айқындылығы төмен болады да, , көздің , таңдайдың аздап сарғаюымен, терінің білінер-білінбес сарғыштануымен, холурия және ахолия белгілерінің бір-екі рет байқалуымен сипатталады.Кейде бауыры аздап үлкейеді,пальпациялағанда жұмсақ болады.Көкбауыры үлкеймейді.

Емі Емдеу принциптері В және А гепатиттеріндегідей.Созылмалы түрге өте жиі ауысатындықтан , вируске қарсы емді жедел С гепатитінің кез келген түрінде жүргізу керек.Осы кезде созылмалы түрге ауысу жиілігі 3 есе азаяды. Алдын алу шаралары В гепатитіндегідей .Қазіргі кезге дейін вакцинасы жоқ. Болжамы Ауруханадан шығару және диспансерлік бақылау ережелері В гепатитіндегідей.Жедел HCV –жұқпасының 85-90 % созылмалы түрге ауысады, ал 10-15 % ғана айығады.

Емі

Емдеу принциптері В және А гепатиттеріндегідей.Созылмалы түрге өте жиі ауысатындықтан , вируске қарсы емді жедел С гепатитінің кез келген түрінде жүргізу керек.Осы кезде созылмалы түрге ауысу жиілігі 3 есе азаяды.

Алдын алу шаралары

В гепатитіндегідей .Қазіргі кезге дейін вакцинасы жоқ.

Болжамы

Ауруханадан шығару және диспансерлік бақылау ережелері В гепатитіндегідей.Жедел HCV –жұқпасының 85-90 % созылмалы түрге ауысады, ал 10-15 % ғана айығады.

Д вирусты гепатиті РНК-геномды дельтавирустармен шақырылатын, парентральды жолмен тарайтын, бауырды зақымдайтын, көбінесе қолайсыз аяқталатын жедел немесе созылмалы вирусты инфекция.

Д вирусты гепатиті

РНК-геномды дельтавирустармен шақырылатын, парентральды жолмен тарайтын, бауырды зақымдайтын, көбінесе қолайсыз аяқталатын жедел немесе созылмалы вирусты инфекция.

Этиологиясы    Д гепатитінің вирусын (HDV) ең алғаш рет 1977 ж M.  Rizetto ашқан. HDV диаметрі 35-37 нм болатын сфералық бөлшектер. Д гепатитінің вирусы өзінің РНҚ-нан, ішкі антигеннен ( HD А g ) және сыртқы H В s А g – нен тұрады. ( HDV) -ң ерекшелігі, оның өмірлік циклінде көмекші HBV –ң орын алуы мүмкін.Сондықтан Д гепатиті тек қана В гепатитімен инфекцияланған адамдарда ғана болады. HDV құрамында өзіндік полимераза ферменті болмайды, сондықтан оның функциясын HBV –ң РНҚ полимеразасы атқарады. Вирус геномы 1700 нуклеотидтер құралған бір тізбекті сақиналы негативті жалғыз РНҚ молекуласынан тұрады. HDV температураға тұрақты, оның белсенділігі ультракүлгін сәулелерінің әсерінен де жойылмайды. Адамға бір уақытта екі инфекция қатарынан жұғу мүмкін HBV/HDV бұл кездегі жағдайды ко-инфекция деп атайды.(В+Д микст-гепатиті)және HBV инфекциясы бар науқастарға Д гепатиті жұқса, HBV/HDV – суперинфекциясы дамиды.

Этиологиясы

Д гепатитінің вирусын (HDV) ең алғаш рет 1977 ж M. Rizetto ашқан. HDV диаметрі 35-37 нм болатын сфералық бөлшектер. Д гепатитінің вирусы өзінің РНҚ-нан, ішкі антигеннен ( HD А g ) және сыртқы H В s А g – нен тұрады.

( HDV) -ң ерекшелігі, оның өмірлік циклінде көмекші HBV –ң орын алуы мүмкін.Сондықтан Д гепатиті тек қана В гепатитімен инфекцияланған адамдарда ғана болады.

HDV құрамында өзіндік полимераза ферменті болмайды, сондықтан оның функциясын HBV –ң РНҚ полимеразасы атқарады.

Вирус геномы 1700 нуклеотидтер құралған бір тізбекті сақиналы негативті жалғыз РНҚ молекуласынан тұрады.

HDV температураға тұрақты, оның белсенділігі ультракүлгін сәулелерінің әсерінен де жойылмайды.

Адамға бір уақытта екі инфекция қатарынан жұғу мүмкін HBV/HDV бұл кездегі жағдайды ко-инфекция деп атайды.(В+Д микст-гепатиті)және HBV инфекциясы бар науқастарға Д гепатиті жұқса, HBV/HDV – суперинфекциясы дамиды.

Эпидемиологиясы Д гепатитінің тарлуы әр түрлі аймақтарда әр түрлі болады да, HBsAg таралу жиілігімен сай келеді.Бақылай келе HDV инфекциясының таралуы HBV –инфекциясының 0,1 % -тен 20-30 % -ке дейінгі жиілікте кездесетіні анықталды.Инфекция көзі мен таралу механизмі В гепатитіндегідей, бірақ ауру тудыратын мөлшері анағұрлым төмен болады.Д гепатитінің берілу жолдары В гепатитіндегідей болғанымен, ауру анадан баласына перинаталды жолмен берілуі өте сирек кездеседі.Сондықтан Д гепатитіне балалар сирек шалдығады. Соңғы кезде дамыған елдерде В гепатитіне қарсы вакцина жақсы жолға қойылғандықтан,Д гепатитінің де азаюы байқалуда және ол өте жиі нашақорларда кездеседі. В гепатитімен ауыратын немесе HBsAg тасымалдаушысы болатын адам Д гепатитімен ауыруы мүмкін.

Эпидемиологиясы

Д гепатитінің тарлуы әр түрлі аймақтарда әр түрлі болады да, HBsAg таралу жиілігімен сай келеді.Бақылай келе HDV инфекциясының таралуы HBV –инфекциясының 0,1 % -тен 20-30 % -ке дейінгі жиілікте кездесетіні анықталды.Инфекция көзі мен таралу механизмі В гепатитіндегідей, бірақ ауру тудыратын мөлшері анағұрлым төмен болады.Д гепатитінің берілу жолдары В гепатитіндегідей болғанымен, ауру анадан баласына перинаталды жолмен берілуі өте сирек кездеседі.Сондықтан Д гепатитіне балалар сирек шалдығады.

Соңғы кезде дамыған елдерде В гепатитіне қарсы вакцина жақсы жолға қойылғандықтан,Д гепатитінің де азаюы байқалуда және ол өте жиі нашақорларда кездеседі.

В гепатитімен ауыратын немесе HBsAg тасымалдаушысы болатын адам Д гепатитімен ауыруы мүмкін.

Клиникалық көрінісі Вирусты Гепатит Д-ның 2 түрі белгілі: коинфекция-жедел аралас гепатит суперинфекция- созылмалы В-инфекция үстінен жедел Д гепатит Вирусты Гепатит Д-да мынандай клиникалық жіктелу қолданылады:              Түрі Клиникалық көрінісімен: Ауырлығы Ағымы сарғаю фулминантты сарғаюсыз сарғаю фулминантты сарғаюсыз жеңіл (10%) орташа (45%) ауыр (25%) Клиникалық көрініссіз: Жедел Созылмалы субклиникалық вирус тасымалдаушы субклиникалық вирус тасымалдаушы

Клиникалық көрінісі

Вирусты Гепатит Д-ның 2 түрі белгілі:

коинфекция-жедел аралас гепатит

суперинфекция- созылмалы В-инфекция үстінен жедел Д гепатит

Вирусты Гепатит Д-да мынандай клиникалық жіктелу қолданылады:

Түрі

  • Клиникалық көрінісімен:

Ауырлығы

Ағымы

  • сарғаю фулминантты сарғаюсыз
  • сарғаю
  • фулминантты
  • сарғаюсыз

жеңіл (10%)

орташа (45%) ауыр (25%)

  • Клиникалық көрініссіз:

Жедел

Созылмалы

  • субклиникалық вирус тасымалдаушы
  • субклиникалық
  • вирус тасымалдаушы
Сарғаю алды кезең. Ұзақтығы орташа 5 күн. Бұл кезде байқалады: астеновегетативтік синдром, артралгия, кейде интоксикациялық синдром, диспепсиялық бұзылыстар, гепаталгия  Суперинфекция Hb sAd тасымалдаушылықта қалыптасса, жедел вирусты Д гепаттиті дамиды:  қысқа инкубациялық мерзім (3-4 апта)  қысқа продромальды (сарғаю алды) кезең  жедел басталуы (жоғары температура, артралгия, гепаталгия, экзантема т .б.).  сарғаю кезеңінде интоксикация синдромы айқын өршиді  бауыр мен көкбауыр ұлғаяды  кейбіреуінде ісіну- асциттік синдромы дамиды  өту бағыты-толқын тәрізді   Вирусты Гепатит Д қоздырғышының дельта-антигені

Сарғаю алды кезең. Ұзақтығы орташа 5 күн. Бұл кезде байқалады: астеновегетативтік синдром, артралгия, кейде интоксикациялық синдром, диспепсиялық бұзылыстар, гепаталгия Суперинфекция Hb sAd тасымалдаушылықта қалыптасса, жедел вирусты Д гепаттиті дамиды: қысқа инкубациялық мерзім (3-4 апта) қысқа продромальды (сарғаю алды) кезең жедел басталуы (жоғары температура, артралгия, гепаталгия, экзантема т .б.). сарғаю кезеңінде интоксикация синдромы айқын өршиді бауыр мен көкбауыр ұлғаяды кейбіреуінде ісіну- асциттік синдромы дамиды өту бағыты-толқын тәрізді

Вирусты Гепатит Д қоздырғышының дельта-антигені

Емі Д гепатитінің А және В гепатиттерінің еміндей болады. -госпитализация -күн тәртібі – төсектік режим -диета №5 дастархан -патогенетикалық ем -симптоматикалық ем -этиотропты ем  Болжамы  Ауруханадан шығару мен диспансерлік бақылауға алу ережелері в гепатитіндегідей.Жедел коинфекциясының болжамы В гепатитімен сәйкес келеді.Жедел супер инфекцияның ағымы көп жағдайда созылмалы түрге аусады (себебі бұл науқастарда созылмалы В гепатиті өтуде) ол 20 % жағдайда өлім жітіммен аяқталуы мүмкін.  Алдын алу шаралары  В гепатитіндегідей.В гепатитіне қарсы вакцинация дельта гепатитінің таралуына да әсер етеді

Емі

Д гепатитінің А және В гепатиттерінің еміндей болады.

-госпитализация

-күн тәртібі – төсектік режим

-диета №5 дастархан

-патогенетикалық ем

-симптоматикалық ем

-этиотропты ем

Болжамы

Ауруханадан шығару мен диспансерлік бақылауға алу ережелері в гепатитіндегідей.Жедел коинфекциясының болжамы В гепатитімен сәйкес келеді.Жедел супер инфекцияның ағымы көп жағдайда созылмалы түрге аусады (себебі бұл науқастарда созылмалы В гепатиті өтуде) ол 20 % жағдайда өлім жітіммен аяқталуы мүмкін.

Алдын алу шаралары

В гепатитіндегідей.В гепатитіне қарсы вакцинация дельта гепатитінің таралуына да әсер етеді

Е вирусты гепатиті Е вирусты гепатиті құрамында РНҚ бар вируспен тудырылады (HEV) . Бұл гепатиттің таралу механизмі фекалды- оралды. Е гепатиті, ДДҰ мәліметтері бойынша тропикалық және субтропикалық аумақтарынындағы (Индия, Непал, Бирма, Орта Азия, Латын Америкасы, т.б.) ересек тұрғындарының арасында ең жиі кездесетін жедел вирусты гепатиті болып табылады.Бірақ Е гепатитімен аурушылдық Европа мен Ресейде де кездеседі.

Е вирусты гепатиті

Е вирусты гепатиті құрамында РНҚ бар вируспен тудырылады (HEV) . Бұл гепатиттің таралу механизмі фекалды- оралды.

Е гепатиті, ДДҰ мәліметтері бойынша тропикалық және субтропикалық аумақтарынындағы (Индия, Непал, Бирма, Орта Азия, Латын Америкасы, т.б.) ересек тұрғындарының арасында ең жиі кездесетін жедел вирусты гепатиті болып табылады.Бірақ Е гепатитімен аурушылдық Европа мен Ресейде де кездеседі.

Этиологиясы 1990 жылы молекулярлы гибридизация әдісімен вирусспецификалық клон бөлініп алынған.Бұл клон Азияның әртүрлі аймақтарындағы эпидемияялық өршулер кезінде науқастардың нәжісінен бөлінген клонға ұқсас болды.Иммундық-электронды микроскопиялық зерттеу барысында Е гепатит вирусның құрылымы анықталды. Сынамаларда димаетрі 27-33 нм (көбінесе 32-34 нм) сфера тәрізді вирусқа ұқсас бөлшектер табылады. Вирус –бір жіпшелі құрамында РНҚ бар:қабықшасы жоқ. HEAAg –ге ие.Е гепатит вирусының таксономдық жіктелуі әлі толығымен анықталған емес.

Этиологиясы

1990 жылы молекулярлы гибридизация әдісімен вирусспецификалық клон бөлініп алынған.Бұл клон Азияның әртүрлі аймақтарындағы эпидемияялық өршулер кезінде науқастардың нәжісінен бөлінген клонға ұқсас болды.Иммундық-электронды микроскопиялық зерттеу барысында Е гепатит вирусның құрылымы анықталды. Сынамаларда димаетрі 27-33 нм (көбінесе 32-34 нм) сфера тәрізді вирусқа ұқсас бөлшектер табылады. Вирус –бір жіпшелі құрамында РНҚ бар:қабықшасы жоқ. HEAAg –ге ие.Е гепатит вирусының таксономдық жіктелуі әлі толығымен анықталған емес.

Эпидемиологиясы Е гепатиті А гепатитке ұқсас, фекалды-оралды механизммен тарайтын антропонозды инфекция жатады.Инфекция көзі- жедел HEV - инфекциясымен, әсіресе оның сарғаюсыз, немесе латентті түрімен ауыратын адамдар.Таралу жолы- көбінесе су арқылы ,HEV- ні water  born hepatitis virus деп атайды.А гепатитпен ерекше қатынастық-тұрмыстық жолмен сирек тарайды.Жанұялық ошақтар тіркелген емес.Бұны HAV- мен салыстырғанда HEV - нің нәжістегі концентрациясы аз болатынымен түсіндіруге болады. Е гепатімен көбінесе 15-40 жастағы адамдарда тіркеледі.Ер адамдар жиірек ауырады.Бұл ауру кезіндегі өлім-жітім көрсеткіші жоғары емес.Е гепатитімен ауыру көбінесе күзде жоғарылайды, күзде жаңбыр көп жауып, ірі өзендер толады.Осыған байланысты жер асты суларының деңгейі жоғарылап, сумен қамтамасыз ету көздері залалданады.

Эпидемиологиясы

Е гепатиті А гепатитке ұқсас, фекалды-оралды механизммен тарайтын антропонозды инфекция жатады.Инфекция көзі- жедел HEV - инфекциясымен, әсіресе оның сарғаюсыз, немесе латентті түрімен ауыратын адамдар.Таралу жолы- көбінесе су арқылы ,HEV- ні water born hepatitis virus деп атайды.А гепатитпен ерекше қатынастық-тұрмыстық жолмен сирек тарайды.Жанұялық ошақтар тіркелген емес.Бұны HAV- мен салыстырғанда HEV - нің нәжістегі концентрациясы аз болатынымен түсіндіруге болады.

Е гепатімен көбінесе 15-40 жастағы адамдарда тіркеледі.Ер адамдар жиірек ауырады.Бұл ауру кезіндегі өлім-жітім көрсеткіші жоғары емес.Е гепатитімен ауыру көбінесе күзде жоғарылайды, күзде жаңбыр көп жауып, ірі өзендер толады.Осыған байланысты жер асты суларының деңгейі жоғарылап, сумен қамтамасыз ету көздері залалданады.

Клиникасы Е вирусты гепатиті клиникалық көріністері бойынша А вирусты гепатитке ұқсас. Инкубациялық кезең 10-60 күн (көбінесе 30-40 күн). Әдетте ауру бірте-бірте басталады. Сарғаю алдындағы кезең 1-9 күн. Аурудың негізгі белгілеріне әлсіздік, немқұрайлық, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу жатады. Науқастардың көбісі эпигастрий аумағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданады. Дене қызуы сирек жоғарылайды әдетте 38° С-ден жоғары емес. Сарғаю кезенінің ұзақтығы 1-3 апта. Вирусты А гепатиттен ерекше сарғаю пайда болған кезде итоксикация белгілері жоғалмайды. Е гепатиті көбінесе жеңіл және орташа ауыр түрде өтіп, сауығымен аяқталады. Бірақ кейбір науқастарды(әсіресе, ересек адамдарда) Е гепатиті ауыр және фульминантты түрде өтіп, жедел бауыр жетіспеушілігіне әкеледі де өліммен аяқталады.

Клиникасы

Е вирусты гепатиті клиникалық көріністері бойынша А вирусты гепатитке ұқсас.

Инкубациялық кезең 10-60 күн (көбінесе 30-40 күн). Әдетте ауру бірте-бірте басталады. Сарғаю алдындағы кезең 1-9 күн. Аурудың негізгі белгілеріне әлсіздік, немқұрайлық, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу жатады. Науқастардың көбісі эпигастрий аумағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданады. Дене қызуы сирек жоғарылайды әдетте 38° С-ден жоғары емес. Сарғаю кезенінің ұзақтығы 1-3 апта. Вирусты А гепатиттен ерекше сарғаю пайда болған кезде итоксикация белгілері жоғалмайды. Е гепатиті көбінесе жеңіл және орташа ауыр түрде өтіп, сауығымен аяқталады. Бірақ кейбір науқастарды(әсіресе, ересек адамдарда) Е гепатиті ауыр және фульминантты түрде өтіп, жедел бауыр жетіспеушілігіне әкеледі де өліммен аяқталады.

Емі Е вирусты гепатиті кезінде жүргізілетін емдеу комплексі А вирусты гепатиті кезіндегі емге ұқсас. Алдын алу шаралары А гепатитінің ауырушылдықты төмендетуге бағытталған гигиеналық шаралар (соның ішінде, тұрғындары сумен қамтамасыз етуді жақсарту),Е гепатиті кезінде де эффективті болып табылады.Қазіргі кезде вакцина өнделген емес. Болжамы. Ауруханадан шығару ережелері және диспансерлік бақылау А гепатитіне ұқсас.Е гепатитінің нәтижелері де А гепатитіне тән,бірақ жүкті әйелдер арасындағы жоғары өлім көрсеткіші ерекше.

Емі

Е вирусты гепатиті кезінде жүргізілетін емдеу комплексі А вирусты гепатиті кезіндегі емге ұқсас.

Алдын алу шаралары

А гепатитінің ауырушылдықты төмендетуге бағытталған гигиеналық шаралар (соның ішінде, тұрғындары сумен қамтамасыз етуді жақсарту),Е гепатиті кезінде де эффективті болып табылады.Қазіргі кезде вакцина өнделген емес.

Болжамы.

Ауруханадан шығару ережелері және диспансерлік бақылау А гепатитіне ұқсас.Е гепатитінің нәтижелері де А гепатитіне тән,бірақ жүкті әйелдер арасындағы жоғары өлім көрсеткіші ерекше.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!