Просмотр содержимого документа
«Абай Құнанбаев - ұлы тұлға.»
"Абайды оқы -
таңырқа!"
- Абайдың азан шақырып қойған аты – Ибраһим.
- Әжесі Зере сүйікті немересін Абай, яғни сүйкімді деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді.
Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік
- Абайдың әкесі - Құнанбай . Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы өмірге келеді. Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған. Ол 81 жыл ғұмыр кешкен. Құнанбай ел ішінде қажы атанған.
- Семей өңірінде Құнанбай қажының мешіті орналасқан .
- Абайдың әжесі - Зере Абайға халық қазынасынан нәр беріп, бойына ізгілік шуағын сепкен, білімге итермелеген ұлы ұстаз, тәлімгер, ана.
- Анасы Ұлжан – ұстамды, мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған.
- Зере әже көңілі кең, жүрегі нәзік адам болған. Абай әжесін қатты жақсы көреді. Күндіз де, түнде де ертегі айтқызады.
“ Е-е.. Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,
Бұрынғыда кім өткен?”– деп бастап, әңгіме сұраған тілегін осылайша бастайтын.
Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталадады.
- Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза қазіретінің медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерінде үйренеді.
Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.
- Абай Құнабаев Н. Долгополов досымен бірге.
- Абай орыс әдебиеттерімен атап айтқанда Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған.
Пушкиннің “Евгений Онегин”қазақ тіліне аударады, әрі өзі “Татьянаның хаты” атты ән шығарды.
- Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет сияқты сазгердердің маржан мұраларынан сусындап, әншілік-күйшілік өнерді ерекше бағалаған. Әнге, өнерге жаны құмар болған.
- Абай күйлері : “Торы жорға”, “Май түні”, “Абай желдірмесі”.
- Абай әндері : “Көзімнің қарасы”, “Айттым, сәлем, Қаламқас”, “Сегіз аяқ”, “Қор болды жаным”.
- Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 46 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады.
Абай тоғыз жасынан бастап өлең шығарған. Балаларға арналған өлеңдері “Адам болам десеңіз”, “Әсемпаз болма әрнеге”, “Жазғытұрым”, “Күз”, “Қыс” т.б
Туған елінің,Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғылым мен өнерге жетелеуді армандаған
Абай Құнанбаев:
“ Ғылым таппай мақтанба”
деген өлең жазған.
Абайдың әр өлеңі бізді
жақсы болуға, жаман әдеттерден
жиренуге тәрбиелейді .
Ақынның айтпақ өсиеті
Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар – кейін өкінбейсіңдер
Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді.
“ Жұлдызды сағат” ойыны
1845
1. Абай қай жылы туды?
1855, 1963, 1845;
2. Қай жерде туды?
Семей, Алматы, Торғай
3. Әкесінің аты кім?
Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай;
4. Абай қай рудан?
Жігітек, Бөкенші, Тобықты;
5. Анасының аты кім?
Әйгерім, Зере, Ұлжан;
6. Әжесінің аты кім?
Әйгерім, Зере, Ұлжан;
Семей
Құнанбай
Тобықты
Ұлжан
Зере