СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Абай оқулары сыныптан тыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абай оқулары

Просмотр содержимого документа
«Абай оқулары сыныптан тыс»


Тақырыбы: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Мақсаты:Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтің мол мұрасын 
мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз 
құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына 
мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Сайыстың барысы: 
1­жүргізуші: Дана Абайды
Қазақтың ақылына балаймын!
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,
Жан алаңы, мұңы бар ­қазағы бар Абайдың!
2­жүргізуші: Арлы Абайды
Қазақтың қайраты деп ұғамын,
Қайда барса, айбыны, айбаты деп ұғамын!
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығамын,
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!
1­жүргізуші: Дара Абайды
Қазақтың жүрегі деп білемін!
Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін!?
Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,
Айтқан нақыл сөздерін өр тұлғалы ірі едің


2­жүргізуші: Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, туған елінің мың жылдық 
мұңын шерткен Абай мұрасы ­мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама 
сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап, адымдап 
келеді.
1­жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және Абай өлеңін жан­ тәнімен, ыстық 
жүректерімен сүйетін сайысқа қатысушылар! Бүгін ерекше күн. Себебі, қазақтың ұлы 
ақыны Абай атамыздың жырлары оқылады, әндері шырқалады. Мектепішілік Абай 
оқуларына қош келдіңіздер!
2­жүргізуші: Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1 «Балдаурен» бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі- Байысбай Алтынай
2.Педагог-психолог Түкешбаева Алия

3.
4.
Сайыс 5 баллдық ұпаймен бағаланады.

2­жүргізуші:

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? 

Жырымен жан сусынын қандырған кім? 

Өзіне –өзі орнатып ескерткішті, 

Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім? 

Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім? 

Талабын тас қияға өрлеткен кім? 

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда, 

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 
1­жүргізуші:
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 

Арманын атандырып келешекке , 

Біздермен осы күнгі тілдескен кім? 

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? 

Жауына найза сөзін шанышқан кім? 

Өзендей құйған барып көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?  Әрине -Абай атамыз (балалар барлығы айтады)

1­жүргізуші: Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған, жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,
Енді бүгінгі мектепішілік Абай оқуларына сайысқа түскелі келген жас ақындарымызды, күміскөмей әншілерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.



2­жүргізуші: 
Енді сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 3 кезең бойынша өтіледі. 
1. «Өлең ­ сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңінде (Абай шығармаларын 
жатқа мәнерлеп оқу сайысы)
2.«Абай әлемі » кезеңінде (Ақын өмірінен берілген сұрақтарға жауап береді)

3. «Көңілім әнді ұғады» кезеңінде (Абай әндерін орындау сайысы)


1­жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын құттықтау сөзін мектебіміздің 


...................................................................................................................................береміз. 
1­жүргізуші: Сонымен сайысымызды бастаймыз. : Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.. 

2­жүргізуші: Кейінгі ұрпақ жырларын жаттап қанықты

Үлгі тұтып бәйтеректей алыпты,

Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ қайдасың,

Өлең оқып өзіңді бір танытшы-дей отырып, сайысымыздың «Өлең ­ сөздің патшасы сөз.» деп аталатын келесі кезеңін бастайық .Бұл кезеңде, Абай, шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу сайысында бақ 
сынайтын сайыскерлерге кезек берейік. 

1.1а-сынып оқушысы –Аманбай Еркеназ «Ғылым таппай мақтанба»
2.1ә-­сынып оқушысы
-Әбдіхайым Диас «Ғылым таппай мақтанба»
3.2а- ­сынып оқушысы -

4.2ә-­сынып оқушысы-Мұхитдин Бекзат «Қалың елім қазағым,қайран жұртым»

5.3а-сынып оқушысы :Кенжетай Анель ..................................................................................................
6.3ә-­сынып оқушысы: Қанай Керемет.........................................................................................................

7.4а-сынып оқушысы: Тілеухан Аяулым ақынның «16-қарасөзі»

8.4ә-сынып оқушысы: Еркінбек Бекарыс ақынның «19 -қарасөзі»

1- жүргізуші

Ақынның ата-қоныс жері қандай?

Ата-баба,әулиеті, тегі қандай?

Ақынды тебіренткен, күңіренткен

Ұшқын ұя,ортасы, елі қандай?-дей келе, сайысымыздың «Абай әлемі» атты екінші кезеңі бойынша ақын өмірінен экранда сұрақтар беріледі .Сол сұрақтың дұрыс нұсқасына жауап береміз.

1.1а-сынып оқушысы-................................................................................................................................................
2.1ә-­сынып оқушысы ...........................................................................................................
....................................
3.2а- ­сынып оқушысы ..........................................................................................................
.................................
4.2ә-­сынып оқушысы:...........................................................................................................
...................................

5.3а-сынып оқушысы .................................................................................................................................................
6.3ә-­сынып оқушысы ............................................................................................................
...................................

7.4а-сынып оқушысы..................................................................................................................................................

8.4ә-сынып оқушысы............................................................................................................ ..................................



.2-жүргізуші

Әннің де естісі бар, есері бар

Тыңдаушының құлағын кесері бар

Ақылдының сөзіндей ойлы,күйлі,

Тыңдағанда көңілдің әсері бар- деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекті «Көңілім әнді ұғады» кезеңі бойынша сынға түсетін қатысушылардың әніне береміз


1.1а-сынып оқушысы .Кенжетай Мейіржан «Желсіз түнде жарық ай»
2.1ә-­сынып оқушысы ...
Халила Гүлсезім «Көзімнің қарасы»
3.2а- ­сынып оқушысы .........................................................................................................................................
4.2ә-­сынып оқушысы—Халила Ақнұр «Көзімнің қарасы»

5.3а-сынып оқушысы ...Кенжебек Асем,Кәуіртбек Гүлсезім...............................................................................
6.3ә-­сынып оқушысы ...Кенжетай Бағжан, Дүйсенбек Әбдімырза.....................................................................

7.4а-сынып оқушысы. . Халила Нұртас Сәрсенбай Рамазан «Көзімнің қарасы» .

8.4ә-сынып оқушысы: Молдабек Аружан, Жүзжан Толғанай «Сегізаяқ»

2­жүргізуші: Осымен Мектепішілік Абай оқулары өз мәресіне де келіп жетті. Сайыс 
жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әді
лқазылар алқасына береміз.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша:
1. 1. «Өлең ­ сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясының жеңімпазы:
2. «Абай әлемі» номинациясының жеңімпазы: 
3. «Көңілім әнді ұғады» номинациясының жеңімпазы:
1­жүргізуші: Абай!
Поэзия әлеміне самғадың,
Әділетті көксеуден еш талмадың.
Ақындардың көшбасшысы атанып
Ел аузында мәңгі қалды жазғаның.
2­жүргізуші:Абай!
Өзің едің өлең­жырдың тарланы,
Шоқ жұлдыздай биік туған арманы.
Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым
Қолдасын деп Абай ата аруағы.
1­жүргізуші: Абай!
Орындалмай қалды қанша арманы,
Жас ақындар өнеріңді жалғады.
Ұрпақтарың есіне алып өзіңді
Жауһар жырмен мүсініңді сомдады. 
2­жүргізуші:Абай!
Орындалмай қалды қанша арманың,
Жас ақындар өлеңіңді жалғады.
Ұрпақтарың есіне алып өзіңді.
Жауһар жырмен мүсініңді сомдады.
1­жүргізуші:Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды,
Жыр құдайы жоғарыдан қарайды.
Өлеңкелі кеудесіне қазақтың
Шымырлаған шуақ болып тарайды.
2­жүргізуші:Өлең­ жырдың көктеткен боз тақырын,
Анық басып, жүрдің байқап ақырын.
Қазақ бүгін көтереді көгіне.,
Халық үшін қан жылаған ақынын.
1­жүргізуші: .

Абайдай биік болыңдар.

Абайдай дана, Абайдай дара, 
Абай оқуларының шымылдығын талай жанның жүрегіне үміт отын ұялатып, талай жастың  сезіміне куә болған, шынайы махаббаттың әнұранына айналған әйгілі «Көзімнің қарасы» әнімен жабуға рұхсат етіңіздер!

Осымен, біздің бүгінгі мектепішілік «Абай оқулары» байқауымыз аяқталды. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!