СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Абай өмірі, шығармашылығы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

10 сыныптың қазақ әдебиеті сабаағының жоспары. Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған.  

Просмотр содержимого документа
«Абай өмірі, шығармашылығы»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


ІІ санатты, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Аманбаева Айгерім Муратовна

Пән: қазақ әдебиеті

Сынып: 10 «Б»

Сабақ: 1-сабақ

Сабақ өтілетін күн: 12.12.17

Орны: 32

Барлық оқушы саны:23

Қатысқаны:

Жасы: 15-16

Сабақ тақырыбы

Абай өмірі мен шығармашылығы

Жалпы мақсаттар

Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алуға шақырады.

Түйінді идеялар

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,
- деп ақынның өзі айтқандай «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмірін кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де ел мұңын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай туралы сабағымызды жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмын.
Абайдың суретін көрген ол:
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне? – деп айтқан екен.

Стратегиялар

Жекелей ізденіс жұмыстары, «Аяқталмаған сөйлемдер», АКТ, 3 сөзбен, «Қағып ал» қар кесегі

Көрнекіліктер

көрсетілім, оқулық, бейнематериал

Дереккөздер

Әдебиет 10 сынып. Авторлары: Н.Алпысбаев, Б.Әбдіғазиұлы, Б.Сманов, Ж.Сәметова. Алматы: мектеп, 2014, ғаламтор материалдары

Оқыту нәтижелері

Абайдың өмірі мен шығармашылығынан тереңірек түсінік алады, өлең мазмұндарын өз ойларымен түсіндіреді. Ұлы ақынның ғибратты өмірін үлгі тұтады.

Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақ кезеңдері:

1-кезең.

Қызығушылықты ояту:


5 мин

Оқушылармен амандасу.

Бейнетаспа көрсетілімі

Үй жұмысы

  1. Абай өмірі, өскен ортасы.

  2. Ақын өлеңдері

  3. Қарасөздері

Бейнетаспа арқылы Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтырады.


2-кезең. Мағынаны ажырату:


20 мин

Мағынаны тану
Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. Бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушыларына алдын - ала Абай Құнанбайұлы туралы деректер жинау тапсырылған еді.

1. «Білімге бастап ел - жұртын»
Оқушылар слайд арқылы Абай Құнанбайұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстырады)
2. Абай – ақын
*Абайдың өлеңдерін тақырыптарға бөле отырып, талдау жұмысын жүргізеді.
*Абайдың өлеңдері сұралады.
3. Абай – аудармашы
Оқушылар Абайдың аудармалары туралы айтады.
4. Абай – қарасөз шебері
*Қарасөздерінің жазылу ерекшеліктері туралы айтады;
* Абайдың қарасөзі тыңдатылады. bilimland.kz сайты арқылы
5. Абай – сазгер.
* «Желсіз түнде жарық ай «әнін орындау.
Мектепте қандай нақыл сөздер оқушылар назарына ұсынылып отыр.

Сергіту. «Қағып ал » Абай өмірі мен шығармашылығына аиналған сұрақтар.

Бейнесюжет бойынша оқушы пікірі.






Оқушылар білімдерімен бөліседі.

3 сөзбен әдісі бойынша ой қорытады.


3-кезең. Ой- толғаныс және рефлексия:


5 мин

Рефлексия

Аяқталмаған сөйлемдер

Бүгінгі сабақта мен...

Мен үшін ең маңыздысы...

...біраз қиналдым.

Бұл маған ... үшін қажет.

Менің ... сәтті шықты.

Өзім үшін ...

Өтілген тақырып маған ... ұнады.


Оқушылар кезекпен осы сөйлемдерді аяқтайды.

Келесі оқуға арналған тапсырмалар.

2 мин

«Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі» эссе жазу


Жауапкершілікпен оқып, жазып келу.

Бағалау

2 мин

«5», «4», «3»










«№ 45 бейімделген орта мектебі» КММ













Ашық сабақ жоспары



Абайдың өмірі мен шығармашылығы





Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Аманбаева Айгерім Мұратқызы





Өскемен, 2017

1