СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Абай шығармалары- ұрпақ нәрі

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абай қарасөздері арқылы жеке тұлға тәрибелеу

Просмотр содержимого документа
«Абай шығармалары- ұрпақ нәрі»









Абай мұрасы-ұрпаққа ұлағат







Орындаушы :

Копбаева Алима Қажиқызы

Оқу орны: Алматы облысы,

Талдықорған қаласы,

Есжан Берліқожаұлы атындағы

11 орта мектебі

Пәні : қазақ әдебиеті

Бағыты: « Абай мұрасы-адамзаттың асыл мұрасы»















Мазмұны

Кіріспе

Абай шығармалары- ұрпақ нәрі

Негізгі бөлім

Абай Құнанбайұлы қара сөздерін оқыту арқылы жеке тұлға қалыптастыру

Қорытынды бөлім

Ақын мұрасы - жеке тұлға қалыптастыруда таптырмас тәрбие құралы

Пайдаланылған әдебиеттер





























Кіріспе

Абай шығармалары- ұрпақ нәрі

«Келер қазақтың да ішетін уы мен балы – Абай » деп Асқар Сүлейменов айтқандай, әлем өркениетінің биік тұлғасы және асқар шыңы ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Заман мен уақыт талабына сай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы заңдылық.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев функционалдық сауаттылықты дамыту бағытында ұлттық жоспарда да нақты міндет қойған еді.Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Оның басты мақсаты жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру. Осы орайда қазақ баласының бәсекеге қабілетті жеке тұлға етіп тәрбиелеуде кімге жүгінеміз?

«Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам айла, зорлықсыз мал табалық.

...

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр баралық.» - деп, Шәкәрім айтқандай, ұлы ғұлама Абайға жүгінелік.

Негізгі бөлім

Әр дәуірде қоғамдық ой, қоғамдық қажеттілік туындайтыны белгілі.Ақын өмір сүрген дәуірде қазақ өмірінде мәдениет, өнер – білім кенжелеп, халық қамын ойламайтын таптың мінез, болмысы Абай шығармаларында орын алды. Сол арқылы ұлы ақын адам бойындағы адамшылықты нақты көрсете отырып, халқына мәңгі өлмес тәрбиелік мұраны нақтылап берді.Кез келген ұлттың маңдайына біте бермейтін осындай ұлы тұлғаның асыл мұрасын келер ұрпаққа таныту біздің міндет.

Абай өмір сүрген кезден бері адам да заман да өзгерді.Бірақ, адам бойындағы әр түрлі қасиеттердің жаманы мен адалы әлі де қалмай келеді.Қазіргі қоғамда адамдардың бойында күндестік, бәсекелестік, қызғаншақтық, дінді теріс ұғыну кеңінен кездеседі.Осындай әдеттерден арылту үшін Абай шығармаларының маңызы зор. Бүгінгі жас жеткіншек –ертеңгі азамат. «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват» - деп ақын өзі айтқан жоқ па?

Ендеше мектептегі «Абайтану» сабағының оқушы бойына берер ізгілігі мен тағылымы мол. Абайды оқысаң бәрін табасың, бәрін аласың. Әлем өркениетінің биік тұлғасы және асқар шыңы – Абайдың қоғамдық – саяси,философиялық ой толғаулары болып табылатын «Қара сөздерінің» маңызы ерекше.Бүгінгі таңда Абай шығармалары әр қилы халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, барлық көзі ашық азаматтардың рухани игілігіне айналып отыр.Абай қарасөздері арқылы ұрпақтың бойына адамның әрқилы қасиетін ашып, ұғындыра аламыз, тәлім мен тәрбиені жеткізе аламыз. Тек оның мағынасын ашып, ұрпақ санасына жеткізу жолын білу қажет. Қаіргі мектептегі «Абайтану « сабағының оқушы бойына берер ізгілігі мен тағылымы мол. Сол сабақтарда өтілген хакім Абайдың қара сөздерінің ұрпақ санасына сіңірудің жолдарын қарастырып көрелік.

Сабақтың тақырыбы: Абай. «Он бесінші» қарасөзі

Сабақтың мақсаты: 1. Адамдардың іс-әрекетіне қарай бағалауларды дәйектеу үшін ғылыми пікірлерді қарастыру;

2. Адамзаттың өзара бірін-бірі бағалау арқылы адамгершілік – имандылыққа тәрбиелеу, жақсылыққа үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету;

3. Ойшылдың пікірі арқылы өз пайымдауларын қорыта алуға, іздене білуге, философиялық тұрғыда ойларын жүйелей білуге баулу;

Шебер – сынып формасында, топпен жұмыс, әңгімелесу, зерттеу,сұрақ-жауап,талдау-жинақтау әдіс – тәсілдерін қолдана отыра,компьютер, интернет желісін пайдалану.

Осы сабақтан қандай нәтиже күтіледі?

1. Абайдың «Он бесінші» қарасөзі арқылы адамдардың ақылды, ақылсыз, есті және есер болып бағаланатын қарама-қарсы мінез-құлық иелерін салыстырып біледі.

2. Адамның іс-әрекетінің психологиялық сипатын пайымдайды.

3.Адамның өзін-өзі қатаң бақылап, ақыл таразысына салып, имандылық жолынан ауытқымауды түйсінеді.

4.Қазақ ұлтының ұрпақтарына арнаған Абай аманатымен танысады.

І .Танымдылық бөлімі

Екі топқа да компьютердің көмегімен Абайдың 15 қарасөзін толық оқып, түсіну тапсырылады.

/Әрі қарай он бесінші қарасөзін бөлімдер арқылы талдау, сараптау жұмыстары жүргізіледі./

ІІ Талдау бөлімі

І топтың тапсырмасы:

1.Ақылды ,есті адам дегеніміз кім?

Абайдың пайымдауы:

« Әуел пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды, сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ,ойласа көңіл сүйсінгендей болады екен.»

Менің пайымдауым: /оқушы өз ойын жазады./

Ақылды ,есті адам өз-өзінің іс әрекетіне жауап бере алады. Ұяты қашанда бірінші тұрады.

2.Абайдың адамның құмарланған нәрсесіне қол жеткізген кездегі психологиялық жағдайын пайымдауы :

«Әрбір құмарлық өзіне бір түрлі дерт болады екен, уа әрбір құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне – міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.

Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қарауылшылардың көзін ашып, «ананы, мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай ақылды қолдан жібермей,бойын сынатпай жүріп ізденеді екен.»

Менің пайымдауым: /оқушы өз ойын жазады/

Есті адам мақтауға мән бермейді, істің нәтижесін көргісі келеді,өзгеге көмектеседі.

ІІ топтың тапсырмасы:

1.Ақылсыздық –есерлік қайдан пайда болады?

Абайдың пайымдауы:

« Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен- дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен.Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсін, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп бірер қызықты қуғанда –ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.»

Менің пайымдауым: /оқушы ақын пайымдауын оқи отыра,өз ойын жазады/

Еңбектеніп жүріп жеткен табысына масаттанып, басқаның мақтауына еріп, өзін «кереметпін» дейтіндер де бар.Кейбіреу аяғыңнан шалып, сүріндіруді ойлап сынауы да мүмкін.


2. Абай адамның өркөкіректеніп, маңайындағылардың бәрінен де өзін артық санап, дандайситын психологиялық келбетті былай пайымдайды:

« Есер кісі ер – тоқымын тастап,бөркі түсіп қалып, етегі атының к...н жауып кетіп,екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен., соны көрдім»

Менің пайымдауым: / Оқушы өз ойын түйіндейді/

Мақтанамын деп қолыңдағының қадірін де білмей, маңайындағыларды місе тұтпай бір-ақ күнде мүсәпір болатындар бар. Ондайлар өзін емес, өзгені сөз ете бастайды.

ІІ тапсырма «Халық айтса, қалт айтпайды» бөлімі

Халық даналығы –хакім Абайдың бағалауының тарихи көркемдік негізі.

/Әр топқа өздері талдаған адамның қасиетін мақал- мәтелдермен пайымдап,слайд жасау тапсырылады/

І топ: «Жақсы адам- ел ырысы, жақсы жер – жанның тынысы»,

«Болған кісі – болдым демес, болдым десе, болған емес»,

«Білімдіден ақыл шығар, ақылды қарттан анқыл шығар»,

« Ақылдыдан шыққан сөз, аңсағанға болсын кез»,

« Жақсы жігіт, жақсы ат көптікі» /оқушылар өздері жалғастырады/

ІІ топ:

«Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас»,

«Алымсыз басқа ақыл жұқпас»,

«Өзі қыңырдың сөзі қисық, өзі сұйықтың сөзі қиық»,

«Ауызында сөзі тұрмастың бір жерде өзі тұрмас»,

«Көше білмес жамандар, көшсе көлік өлтірер, сөйлей білмес жамандар сөзді өзіне келтірер»

/Әр топ өздері жинастырған мақал –мәтелдерді талдап, Абай пайымдауы мен өз ойларымен салыстырады, қорғайды/

ІІІ . «Асылдың сөзі – ақылдың кені» бөлімі

/ Екі топқа да беріледі /

Абай аманаты:

«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе,күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір ең болмаса ,айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды күнінде өзің өкінбестей қызықпен өткізіпсің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыпсың?»

Оқушы қорытынды ой –пікірін кестеге толырады.

Мен бұл пікірмен келісемін

Аманат – тапсырманы орындауға көзқарасым

Айтарым бар...

Өмір бір-ақ рет беріледі. Алдыңғы ата-бабаңа сөз келтірмей, артыңдағы ұрпағыңа үлгі болатындай ойланып өмір сүрген жөн.

Ұлы Абай атаның аманатынан кейін көп нәрсеге көзім жетті. Әр адам өз-өзіне есеп бере алатындай болуы шарт

Ең бастысы -ұрпақ алдында ұятқа қалмау. Адамгершілік,еңбекқорлық- басты қасиет.


Қорытынды

Абай Құнанбаев мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі.Ұлы Абайдың шығармаларын оқыта отырып, оқушының өз пайымдауын, пікірін, зерттеуіне осылайша жол көрсетуіміз керек. Бұл әлем өркениетін ұлттық рухани құндылықтарымен, қоғамдық – әлеуметтік қызметтерімен өркендетер қазақтың ақыл – есті адамдарының мәңгілік жолы.Қазақ ұлтының ұрпағы хакім Абай саралаған адамгершілік – қасиеттер сарабынан тағылым алып, мемлекетіміздің тұтастығын нығайтуға қызмет етеді.

Ақын шығармалары,ой тұжырымдары - жеке тұлға қалыптастыруда таптырмас тәрбие құралы.




















Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Абай қарасөздері

  2. Байтұрсынов А. «Қазақтың бас ақыны» мақаласы

  3. Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылым Алматы,Ғалым,1994.

  4. Мұхамедханов Қ. «Абайдың әдебиет мектебі»

  5. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы, 20 том,18-19 б.

  6. Т.Тәжібаев «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары» Қаз.Мем.КӘБ, 1957 ж;

  7. К.Шаймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» «Рауан» 1990 ж;

  8. «Абайтану курсын оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» жинақ, 2014




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!