СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кітап - білім бұлағы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кітап – білім бұлағы

    Құрметті  балалар, қаңтар айының 15 - нен ақпан айының  15-не дейінгі аралықта  «Жалпыға  бірдей  білім беру»  айлығы жүріп жатыр. Осы  айлыққа  байланысты «Кітап - білім бұлағы» тақырыбымен әңгіме  өткізу жоспарланған болатын. Бұл іс – шарамыздың  түрі кітап туралы  әңгіме өткізу.

   Кітап – білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендігі мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің, тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.Кітаптың  күтімі  туралы  айтпастан бұрын кітаптың  шығу  тиарихына  тоқтала кетейін.

   Кітап (араб.: ‎ – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.

Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды.

Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды. 105 ж. қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тауып, 13-ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Еуропада қолжазба кітап қауырт өркендеп, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс, т.б. металмен өрнектелді. 15-ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды. Осы заманғы кітап — мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі үлгісінде жасалады. Кітап пен кітапхана туралы қызықты деректер Қай елдің, қай халықтың болмасын оның мәдени деңгейі, сауаты, әрине, кітаппен байланысты. Америка Құрама Штаттарында халықтың тең жартысы кітап оқымайтын көрінеді. Соның да салдары шығар, сұрақ-анкета нәтижесіне үңілгенде студенттердің 40 пайызы Израиль - араб елдерінің бірі деп жауап берген. Франклин Рузвельт АҚШ-тың Вьетнам соғысы кезіндегі президенті деп түсінеді екен. Ал сол студенттердің тең жартысы Черчилльдің кім екенін білмей шыққан...

Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Білімсіз қоғам ешқашан да өрге басқан емес. Назарларыңызға кітаптар мен кітапханаларға қатысты бірнеше қызықты дерек ұсынамыз.

Финляндияда «Скепсис» деген қоғам бар. Оның мүшелері әр жылдың аяғында бас қосып, ақылдаса отырып, жылдың ең нашар кітабына «Құрмет грамотасын» беретін көрінеді.

 Бұрынғы батыс Германияда шығып тұратын «Конкрет» атты журналдың жылдың ең жаман шығармасына, яки ең дарынсыз авторына беріп тұратын сыйлығы бар екен. Оны алған адам бұдан былай қарай мұндай кітап жазбауға және осы сыйлыққа келген ақшаға басқа бір мамандық алам деп уәде беруге тиіс екен.

Шри-Ланкада археологиялық қазба жұмыстарымен шұғылданған Америка ғалымдары әр парағы таза алтыннан дайындалған ғажап бір кітап тауып алыпты. Онда көне Үндістанның белгілі бір дастаны басылған дейді.

Францияның Нанта қаласында тұратын бір дәрігер-фармацепт отыз бес жыл бойына әр елдің гимндерін жинаумен шұғылданыпты. Франс Пресс агенттігінің хабарлауына қарағанда оның коллекциясы бүгінде жүз елудің үстіне шығыпты.

Бұдан дәл он жыл бұрын (2004 ж.) Сирия ғалымдары басқа ағайындас әріптестермен біріге отырып, «Бүкіл арабтық энциклопедия» шығаруға кіріскен. Бұл жиырма томдық үлкен еңбектің әрқайсысы мың беттен тұрады.

Францияда небары сегіз сағат ішінде бір өлеңдер жинағын басып шығарған. Таңғы сағат тоғызда қолжазбасын әкеліп тапсырған автор кешкі сағат бесте жырқұмарларға қолтаңба үлестіре бастаған.

Біздің жыл санауымыздан бұрынғы үшінші ғасырдың басында тұрғызылып, жаңаша жыл санаудың басында римдіктердің шабуылы кезінде өртенген дүниенің сегізінші ғажабы – Александр кітапханасы қалпына келтірілді. Кезінде теңдесі жоқ бұл кітапханада мыңдаған папирус оралымдары болған.

Франция президенті болған Франсуа Миттеранның артында қалған өлмес еңбегі – Парижде салынған еш жерде, еш елде болмаған теңдесі жоқ супер кітапхана. Ол осы өткен жиырмасыешы ғаырдың ғылыми-техникалық жаңалықтарының ұлы жемісі.

   Кітап рухани байлығымыз. Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді. Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» дейді.

  Қазіргі заманда техниканың дамуына байланысты "кітапханалардың болашағы жоқ" деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығына, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қала ма. Сондықтан да болашақ адамның өз қолында - кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенің дәлелдейік.

  Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.

  Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.

  Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.   2 сәуір – Халықаралық балалар кітаптарының күні күнделікті баланың өмірінің дағыдысына айналса игі.

  Білімнің қайнар бұлағы - кітап. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Француз философы және жазушысы Дени Дидро «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды» деген. Мұны ғалымдардың зерттеулері де дәлдейді. Олардың зерттеулері бойынша кітап оқитындар қоғам өміріне белсенді қатысады екен. Олар мәдениет мекемелері – мұражайларға, картина галереяларына, театрларға, концерт залдарына басқаларға қарағанда жиі барады, спорттық шараларға да көбірек қатысады. Олардың тағы да бір ерекше қасиеті – рақымшылық танытуда да алдыңғы қатардан көрінеді. Міне кітаптың құндылығы осында, яғни, оның тәрбиелік мәнінде.

  Сондықтан да қазіргі уақыттағы кітаптың, кітап оқудың мәртебесі төмендеуі жұртшылықты алаңдатады. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да кітап оқуға қызығушылық азая бастағаны байқалады. Кітап оқу бос уақытты өткізу түрі ретінен гөрі іскерлік оқуға қарай ойысты, ақпараттық және білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана оқу жиі кездесетін болды. Оқушылар, студенттер көбінесе оқу залдарына тапсырылған тақырып бойынша реферат, баяндама, шығарма жазуға ғана келеді. Бірінші кезекте мұндай жағдай кітапхана қызметкерлерін ойлантып, мынадай сұрақтар жиі мазалайды: біздің кітап оқуға қызығушылығымыз төмендеуінің себептері неде және оның соңы неге әкеледі? Кітап оқымайтын адам сауатсыз, ойлау қабілеті төмен, шығармашылық қиялдауы шектелген болып келетіні белгілі. Осы орайда, айта кететін жайт: қазіргі уақытта қазақ қоғамының алдында тұрған негізгі мәселе – тіл мәселесі ғой. Осы мәселенің де бір шешімі, менің ойымша, жастар болсын, үлкендер болсын – бәрін кітап оқуды, қазақ тілінде көркем шығармаларды оқуға тартуда. Көркем шығармалар біздің тілімізді байытып, қазақ тілінде сөйлеу қабілетін арттыратыны анық. Ал кітапқа деген қызығушылық бала жастан қолға алынса, оның беретін жетістігі де мол болмақ. Осы мақсатта мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында «кітап – көзі ашыққа маржан» атты жыл сайын кітап апталығы өтіп тұрғанымыз абзал. Сіздер жиі  қатысып тұрсаңыздар, нұр үстіне  нұр болары  хақ. Кітап қашан да сенімді  дос , сені  жолда  ешқашан қалдырмайды.

 

Просмотр содержимого документа
«Кітап - білім бұлағы»

«№24 лицей» МКМ



















7 «Б»-сынып







Сынып жетекші А.А.Ширкитбаева















2017-2018 оқу жылы

Тәрбие сағаты: АДАМ  ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ 
Сабақтың мақсаты

а) Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. 
ә) Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. 
б) Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру. 
Сабақтың көрнекілігі: 
Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер.
Қанатты сөздер: 
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» 
Б. Момышұлы. 
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» 
Н.Назарбаев. 
Сабақтың барысы: : Тәрбие сабағымызды бастамай тұрып осы бүгінгі кездесуіміздің мәні 
болып түрған мына қанатты сездерге назар аударайық. 
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» 
Б. Момышұлы. 
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» 
Н.Назарбаев. 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз 
бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың 
тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау 
иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс 
жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, 
қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. 
Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 
Енді осы кезге дейін жүріп откен құқықтық жолымызға көз салып көрелік: 
-1787 жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды. 
-1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың кұқықтары декларациясы қабылданды. 
-1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ да Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды. 
-1959 жылы 20 қарашада БҰҰ ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды. 
-1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды. 
-1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция қабылданды. 
-1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямыз қабылданды. 
- 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары 
туралы заңы қабылданды. 
- 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты 
Заңы қабылданды.  Адамзат баласының емір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сияқты, ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы - Конституция. 
Еліміз 1995 жылы өзінің талғам - талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. 
Қастерлі кұндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. 
Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін 
айқындайды. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам 
басты. 
Ата Заңым бабалардың лебізі, Ата Заңым барлық заңның негізі. Арқа сүйер Ата Заңда адамды Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.
Еркін елдің Ата Заңы ардақты, Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты. Адам кұқы бостандығы, теңдігі - Барлығын да қарастырған жан-жақты. 
Ата Заңмен арайланған айналам, Басшы орынға сайлаймын да, сайланам. Білім алам, еңбек етем, дем алам, Қартайғанда зейнеткер боп жайланам. 
Ата Заңым - мемлекет айбыны, Ата Заңым - ақыл ойдың айдыны. Туған жердің - Қазақстан елінің, Ата Заңмен қорғалады байлығы. 

Ата Заңымыздың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы 
баптарын саралап шығайық: 
12 - бап 
1.Қазақстан Республикасында Конституцияга сәйкес адам құқықтары мен 
бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріліді. 
2.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар 
абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де 
нормативтік құқықтық актілердің мазмұны қолданылуы осыған қарай анықталады. 
З.Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. 
5.Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы 
басқа адамдардың кұқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық 
құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуге тиіс. 
13 - бап 
І.Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің кұқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. 
14 - бап 
І.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 
2.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діңге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. 
17-бап 
1. Адамның қадыр - қасиетіне қол сұғылмайды. 
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық - зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір - қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды. 
18-бап 
1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының кұпиясының болуына, ар - намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. 
2. Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының , телефон арқылы сөйлескен сөздерінің , почта , телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғаңа жол беріледі. 
19 - бап 
І.Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы. 
2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар. 
27 - бап 
1. Неке мен отбасы, ана мен әке жэне бала мемлекеттің қорғауында болады. 
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың етене құқығы әрі міндеті. 
29 - бап 
І.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. 
30 - бап 
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. 
36 - бап 
1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. 
2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет ақарады. 
Заң міндетті бәрімізге, халайық, Заңнаманың басын ашып алайық, Барлық заңның біріктірер бастарын, Ата заңды қасиетке балайық! 
Енді ата заңымыздың тарихына көз жүгіртейік. Сөз кезегі тарихшыларда. 
Тарихшы: Бүгінгі бар деректерге сүйенсек Қазақ хандығы қүрылған кезде XV ғасырда барша жүрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «Әдеп» (Адат) Заңына бағынып келген. Қазіргі күнге дейін сөйлеген сөзімізде, жазған мақаламызда халық арасында әбден қалыптасқан, бұлжытпас қағидаға айналған істерді баяндағанда «Әдеттегідей»,әдетте деп жататынымыз бар . Әдет Заңы бүкіл қазақ қауымы үшін Ата Заңы болатын.Мемлекеттегі барлық істер осымен өлшеніп, осымен бағамдалды, «Әдетке»бүгінге дейін ұлттық болмысымызға тән болып келген барлық әдет - гұрыптар тән болды. 
Тарихшы: XVI ғасырда әдет - ғүрыптарды Қасым хан тұңгыш жүйелеп, 
жинақтауға және жетілдіруге тырысып бес Жарғыны тұжырымдап берді. Олар: 
1 .Мүлік заңы 
2.Қылмыс заңы 
3.Әскери заңы 
4.Елшілік жоралары 
5.Жұртшылық заңы 
Тарихшы: Есім хан «Қасым салған қасқа жолды» заман рухына сай тәптіштеп, 
жаңадан төрт тұғырды дүниеге келтірді: 
1-сі: Хан болсын, ханға лайық Заң болсын 
2-сі: Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын 
З-сі: Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын. 
4-сі: Би болсын, би түсетін үй болсын 
Тарихшы: Заң болып Қасымханның қасқа жолы, Құп алып қазақ қостады оны Шыққанда ескі жолы Есім ханның Өрбітпей отаршылық тастады оны 

Тарихшы: Әз Тәуке хан өз замандастары - Теле, Қазыбек,Әйтеке, Құттыбай және Әнет баба секілді білікті билермен ақылдаса отырып «Жеті жарғы» атты Заңдар топтамасын шығарды. : Бабалардың дәстүрі бойынша тайпалардың, рулардың және би кенестері күймен әрлендіріп, домбыраның үнімен ашылатын. 
Назарларыңызға күй ұсынамыз. 
Енді сіздерге «Жеті жарғы» қабылдау көрінісін ұсынамыз. 
Тауке хан: 
У а, жүртым, алты Алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары! Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан - жай жиналып отырған жоқпыз. Бабаларымыз Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолын» жалғастыра отырып ел тыныштығын сақтайтын, тентекті түзейтін жарғы қабылдап «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заманға» жетуіміз керек. 
Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін ең алдымен дау, жанжалдың негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын, қоныстарын дұрыс жолға қою қажет. Олай болса бірінші жарғы жер дауы болсын. 
Бұдан былай жайылымдар ру- ру болып пайдалануға беріліп және әр ру белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп - қонуға мүмкіндігі бар болсын. Белгіленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін саны мен мелшеріне қарай бөлініп, жерді пайдалау барысында дау туатын болса, ру басшылары, билер әділетті шешім шығаруы қажет. 
Тауке хан: Ал енді, Ұлы жүздің бас биі Теле би, сен не айтасың? 
Теле би: Жыртық үйден жел гулесе - сол жаман. 
Өлім - бесік әлдилеген - сол жаман. 
Ұрлық, қарлық, барымталап мал тауып, 
Берекесін елдің алған - сол жаман. 
Олай болса екінші жарғымыз ұрлық, қарлық, барымтаның жолын қиып, ел 
тыныштығын қорғайтын заңымыз болсын. 
Тауке хан: Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазбек биге сөз берейік. 
Қазбек би: Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден қүт - береке қашпасын деп, Еліміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз. Еш бір дұшпан басынбаған елміз, 
Басымыздан сөзді асырмаған елміз. Келесі жарғымыз ұлт қауіпсіздігін қамтамазыз ету болсын. 
Тауке хан: Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтеке биге берейік. 
Әйтеке би: Қазақ ордасын нығайту үшін ең алдымен бет - бетімен ру -руға белініп, 
бір- бірімен қырқысып, ел берекесін алған рулар арасындағы дауды шешіп , елдің 
ұлттық бірлігін сақтауымыз керек. Алты алаштың баласы бір- біріне жау болса елдің  ертеңі не болмақ? Келесі Жарғымыз ру арасындағы дауды шешуге арналған заңымыз болсын. 
Тауке хан: Келесі сөзді Қырғыз Көкім биге берейік. 
Қырғыз Көкім би: «Аға өлсе - жер мұра, іні өлсе - келін мұра» дегендей жетімдеріміз бен жесірлеріміз ел кезбесін десек келесі жарғымыздың бірі жесір дауы болсын. 
Тауке хан: Қарақалпақ би, жарғыға қосарың бар ма? 
Қарақалпақ би : Балаң жаман болса, 
Көрінгеннің мазағы емес пе! 
Әйелің жаман болса, 
Бұл жалғанның тозаңы емес пе! 
Туған балаң жақсы болса, 
Тән мен жанның шырағы емес пе! 
Алған жарың жақсы болса, 
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе!- деп Қаз дауысты Қазбек би айтқандай, келесі жарғымыз үй іші мен бала тәрбиесі жөнінде болсын. 
Тауке хан: Ал қатаған Жайма би, сөз кезегі саған да келді, не айтарың бар? 
Қатаған Жайма би: Төрені қара өлтірсе, құнын оның кім бермек? 
Азаматын өлтірсе, ақысын оның кім бермек? 
Жерін жөнсіз иеленсе, есесін оның кім бермек? 
Әйелі ерін силамаса, ері елін силамаса, 
елі әдет- ғұрып сақтамаса ертеңгі күніміз не болмақ? Олай болса келесі жарғымыз құн дауы болсын. 
Тауке хан: Уа, жұртым,алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етер Жеті жарғымызды қабылдадық. Айымыз оңымыздан туып «Жеті жарғымыз» темірқазығымыз болсын! Әумин. 
жүргізуші: Жеті жарғыдағы мәселелер былай топтасты: 1 бап - Мемлекттік мәселелеріне байланысты 
2 бап- Әскери іс мәселелеріне байланысты 
3 бап- Шаруашылық іс мәселелеріне байланысты 
4 бап - Қылмыстық іс мәселелеріне байланысты 
5 бап- Діни мәселелеріне байланысты. 
6 бап - Жұртшылық мәселелеріне байланысты 
7 бап - Отбасы және неке мәселелеріне байланысты 
Осы Жеті жарғы заңдары XX ғасыр басына дейін өз күшін сақтады. 
Кеңестік дәуірінде Қазақстанда қабылданған 1937ж және 1978ж Конституциялары болды. Қас қағым сәтте күрделі оқиғалар туындап жататын бүгінгідей жүйрік уақытта егемен еліміздің Ата Заңын жетілдірудің қажеттігі күн тәртібіне қойылды. Бүл ғарыштық жылдамдықпен зымыраған заманның талабы болатын. Сөйтіп,1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде республиканың жалпы бесінші, ал тәуелсіз елдің екінші Конституциясы қабылданды. Бүгінгі қолданыстағы негізгі заңымыз кіріспеден, 9белімнен, 98 баптан құралған. Ол бүгінгі заманның барлық маңызды мәселесіне толық жауап беріп келеді. Келесі маңызды заңның бірі Балалар құқығы туралы конвенция -халықаралық келісімшарт. 1990 жылы әлемнің көптеген елдері осы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша кез келген бала шыққан тегіне қарамастан қамқорлыққа алынуы тиіс. Бұл құжатқа әлемнің 156-шы елі болып 1995 жылы Қазақстан да қол қойды. 
Конвенцияның баптарына көз жүгіртейік, өйткені біздің колледжде 18 жасқа толмаған балалар 1,2 курстарда оқып жүр : 
1 - бап. 
Шарт бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі. 
2 - бап. 
Әрбір баланың нәсіліне, түріне, жынысына, тіліне, дініне,этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан құқығын қамтамасыз етеді. 
6 - бап. 
Әрбір бала өмір сүруге толықтай құқылы. 
7- бап. 
Бала жарық дүниеге келе салысымен есім және азаматтық алуға құқылы. 
9 - бап. 
Бала өз ата- анасынан ажырамауға құқылы. 
13 - бап. 
Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы. 
14-бап. 
Бала ойлау, ар - ұждан, діни сенім бостандығына құқылы. 
15-бап. 
Бала кұрама одақтарға мүше болуға және бейбіт жиындарға қатысуға құқылы. 
16-бап. 
Баланың отбасылық өміріне біреулер қол сұға алмайды. 
17-бап. 
Бала ақпарат көздерінің материалдарына еркін қол жеткізуіне құқылы. 
19-бап. 
Баланы күш керсету және психикалық тұрғыда озбырлық керсетудің барлық түрінен қорғайды. 
27 - бап. 
Баланың әлеуметтік жағынан өсіп - жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді. 
28 - бап. 
Баланың білім алу құқығын мойындайды. 
32 - бап. 
Баланың экономикалық қанаумен денсаулығына қауіп төндіретін, әлеуметтік өсуіне нұқсан келтіретін кез келген жұмысты істемеу құқығын мойындайды. 
33 - бап. 
Қатысушы - мемлекеттер: бір де бір баланың ар намысын аяққа таптайтын айуандық қинаулар мен қатал ұрып соғу сияқты жаза түрлеріне жол бермейді. 
31 - бап. 
Мемлекеттер баланың демалуына және уақытын өз қалауынша өткізуіне, ойын - сауықтарға қатысу құқықтарын мойындайды. 
Баланың жеке басының құқықтары: 
- Аты - жөні, тегіне құқылы. 
- Жанұяда тұрып, тәрбиеленуге құқылы. 
- Ата - анасын біліп және олардың қамқорлығында өмір сүруге. 
- Адами қасиетін силауға. 
- Туған - туыстармен араласуға. 
- Өз құқығын қорғауға. 
- Құқығын қорғау үшін құзырлы мекемелерге шағымдануға, 14 жастан сотқа жүгінуге құқылы. 
- Мемлекеттік стандарттарга сай білім алуға құқылы. 
Біз құқылы мемлекеттің азаматтарымыз, сондықтан әр бір ұжымның, 
оқу орнының, ішкі міндеттері мен құқықтары,ережелері бар. Мысалы:
Геология барлау колледжінің  де Жарғысында колледж оқушыларының міндеттері 
керсетілген: 
1. Колледждің  ішкі тәртіп - ережелері мен жарғысын сақтауға міндетті. 
2. Ұстаздар мен әкімшіліктің талаптарын орындауға. 
3. Оқу болмелерінде тазалық пен реттілік сақтауға, колледж мүлкіне ұқыпты қарауға, егер бүлдірсе оны қалпына келтіру, шығынын өтеуге міндетті. 
4. Өзінен кішіге қамқорлық көрсетуге. 
5. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарының толық болуына. 
6. Сабаққа 15 минут ерте келуге. 
7. Кезекшіліктің міндеттерін ұқыпты орындауға. 
8. Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтауға міндетті. 
Осы колледж оқушыларының міндеттері мен қатар тиым салынатын ережелері де көрсетілген. 

 

Тиым салынады: 
1. Ішімдік, қару, темекі, наркотикалық және улы заттарды колледж аумағына әкелуге. 
2. Колледж ішіне және оның аумағына өрт пен жарылысқа әкелетін заттарды жақындатуға. 
3. Қорқытуға, жәбірлеуге, жеке мүлкін тартып алуға. 
4. Адам өміріне қауып төндіретін әрекет істеуге тиым салынады. : Бүгін біз Еліміздегі ең манызды заң күжаттарына және колледж ережелеріне көз жүгірттік. 
«Еркіндікте болу үшін, заңға бағыну керек деген көне нақыл сөз жүз мәрте әділетті» деген Нұрсұлтан Әбішұлының сөзі бар. 
Еліміздің көпшілігі заңға бағынып еркін жүргенде, сонымен қатар өмірде заң бұзушылық та орын алуда. 

Ежелгі Грекияда әділдік құдайы Фемида болған. Қазір үстел үстінде жатқан заттар 
арқылы : таразы, семсер, көзбайлауыш және мантиядан Фемиданың бейнесін 
жасау керек.  
Фемида-әдлеттілік сот символы. Фемиданың маңызды атрибуттары — семсер мен таразы. Олар сот және кұқық қорғау мекемелерінің эмблемасында жиі қолданылады. 
Фемида - мантия киген, келбетті де келісті әйел.Сол қолында таразы, оң қолында семсер, көзі байлаулы. 
Таразы мөлшер мен әділеттіліктің белгісі. Таразыда жақсы мен жамандық, күнә мен күнәсіздік, әдлет пен әдлетсіздік таразыланды. Көне мифологияларда о дүниенің патшалары адамдардың жаман және жақсы қылықтарын таразылап тағдырларын шешкен. Таразы Фемиданың сол қолында -өйткені денесінің сол жағы сезімтал қабылдағыш екен. 
Семсер-Рухани күштің, кек алудың символы. Семсер екіжақты ол тек жазалау емес, ескерту мағынасын да білдіреді. 
Көзбайлағыш -әділеттіліктің нышаны. Сот алдына келгенді көрмей, тек фактілер мен шындыққа сүйене отырып Фемида әділетті шешім қабылдайды. 
Заң бұзушылықтың себебі қандай? заң бұзушылыққа не әкелуі мүмкін? 
(Жағымсыз қоршаған орта, наркотиктар, маскүнемдік, адамның әлеуметтік жағдайы, қызығушылық, заңды білмегендік). 

Адам өзінің іс әрекеттерін дұрыс бағалауы қажет, соған талпынуы керек 
өйткені ер жеткенде ол өзі үшін және басқаға да жауапты болады. Сондықтан кәзірден бастап ол өзіне болашақта жүретін жол таңдауы қажет. Алдымызда екі жол; бірі ақ, бірі қара. 
Қара жол дегеніміз не? ( маскүнемдік, наркотиктар, заң бұзушылық , жазалау, ыза болу, көралмаушылық, жұмыссыздық.) 

Ақ жолды неге теңеуге болады? Олар: жауапкершілік, сүйіспеншілік ,білімділік пен біліктілік, жұмыспен қамтылу, жауаптылық ,төзімділік, салауатты өмір салты, заңды білу және оны құрметтеу. 
Адам заңды білуі керек , бірақ оған бағына ма жоқ па шешуші өзі. Жүретін жолды таңдаушы да өзі.Алдарыңда екі жол . Таңдауын өздерің жасайсыңдар. Біз сіздерге тек ақ жол тілейміз.























ҚАЗАҚСТАН

Жақсы аттанды демессің сүйем десем,
Табынатын тәңірім, ием де - сен.
Адам болып күн кешу қиын маған.
Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.

Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.

Өзіңше түсің де ерек, ісің де ерек,
(Сырым бар саған айтар ішімде көп.)
Қомағай көзімді бір тойдыра алмай,
Қорқамын бәрі осының түсім бе деп.

Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!...



М.Мақатаев













Автограф



Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?...
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.

Түсінер ең,
Езбін бе, әлде ермін бе,
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара,
Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?!

Сырым да - осы,
Жырым да - осы,
Алдыңда?
Байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
- Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!



М.Мақатаев















Ана! Сен бақыттысың!!!



Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…



(М. Мақатаев)















Барлығы да сендердікі



Сендердікі-өмір,қоғам,заман да,
Сән түзеген қалаң менен далаң да.
Барлығы да мұра болмақ әманда,
Болашақ деп аталтын Адамға.

Қабылдаңдар қазынаны біз берген,
Қиындықты көрмессіңдер біз көрген.
Бұл өмірде сақтау үшін сендерді,
Бабаларың үйде туып, түзде өлген.

Сендер-дағы өздеріңше күресіп,
Өздеріңше сендар де өмір сүресің,
Болашақты жалғау үшін,болашақ
Бола жатар сендердің де үлесің.

Барлығы да сендердікі, барлығы-
Табыстаймыз жансыз бенен жандыны.
Армысыңдар,Ата ұрпақтың тағдыры!
Армысыңдар, жаңа атқан таң нұры!



(М. Мақатаев)






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!