Сабақтың
тақырыбы: Абай – ұлы суреткер
Сабақтың
мақсаты: 1) білімділік: Абай мұрасын тереңдей оқып үйрету. Көркем поэзияның, сөз өнерінің құдіретін таныту;
2) тәрбиелік: көркем поэзияға деген қызығушылыққа, халықтың құсбегілік өнерін түсіне білуге тәрбиелеу;
3) дамытушылық: шығармашылық белсенділіктерін шыңдау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Сабақтың
түрі: Саяхат – сабақ
Сабақтын
көрнекілігі: «Абай елі» фотоальбомы, Абай және Мұхтар портреттері, саяхаттың
сызба- схемасы слайд арқылы көрсетіледі.
Сабақтың
әдісі: сұрақ – жауап, түсіндерме, баяндау, талдау.
Сабақ барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі:
(сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын қадағалау)
ә) үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген тапсырма сұралады.
Тақтаға бүгінгі өтілетін сабақтың сызба- схемасы көрсетіледі:
Саудакент → Аралтөбе → Қасқабұлақ → Бөрлі → Жидебай. (мақсаты түсіндіріледі және әрбір жер атауының слайдтағы бейнесі керекті сәтінде көрсетіліп отырылады.)
Аралтөбе – Абайдың орыс және батыс әдебиетімен терең шұғылданған және қарасөздерін өндіртіп жазған өлкесі. Кітаптан Аралтөбенің суреті көрсетіледі және мақсаты түсіндіріледі. Содан әрі қарай үй тапсырмасы сұралады. Үйге берілген Абайдың 29 – қарасөзінің мазмұны, жекелеген оқушылардан сұралады. Сонан соң тақырыптың ішіндегі мақал-мәтелдерге талдау жүргізген оқушылардың жұмыстары тексеріледі.
б)үй тапсырмасын қорытындылау
Зымыран сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.Мақсаты-сұраққа жылдам жауап беру.Сұрақтары:1.Абай қарасөздерінің саны қанша? (45)
2.Абай қарасөздері қай кезеңде жазылды?(1890-1898 жылдар аралығында)
3.Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер?(«Күз», «Қыс»,»Жазғытұрым»,»Қансонарда бүркітші шығады аңға » т.б.)
Жаңа сабақ
Қасқабұлақ→ Бөрлі арқылы жүзеге асырылады.
Қасқабұлақ жотасының бауырындағы мөлдір сулы бұлақтың басында Абай өмірге келген.Ал Бөрлі деп аталатын жерде жазушы Мұхтар дүниеге келген.Осынау қазақ әдебиетінің қос шамшырағы –Шыңғыстау өңірінің түлектері.Оның үстіне Мұхтардың атасы Әуез ауылы Абай ауылымен ауылы аралас, қойы қоралас болған.Әуез Абайдан 15 жас үлкен болғанына қарамай-ақ екеуі көңілі жарасқан дос болыпты.Бар болмыс бітімі өзі қатарлы балалардан өзгешелеу 5 жасар бала Мұхтарға ұлы Абай батасын да беріпті.
Абайдың рухани ізбасары ұлы Мұхтар қазақтың тұңғыш эпопеясын дүниеге әкелді.Қазақ халқының жарты ғасырлық тарихын және ақын Абайды дүниежүзіне танытты.
М.Әуезов 1933-1957 жылдар аралығында тікелей Абайтанумен шұғылданып, Абай шығармаларын жеке 2 томдық жинақ етіп шығарды.Ақынның толық ғылыми өмірбаянын және «Абай Құнанбаев» атты монографиялық еңбек жазды.Бүгінгі жаңа сабақтаМұхтардың сол зерттеу еңбегінің бір кішкентай бөлігі Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңін ғылыми тұрғыда қалай талдағандығы жөнінде таныспақпыз.Ендеше шығарманы еске түсіріп көрелік.(Оқушылар өздерінің жаттаған үзінділерін еске түсіреді.)
Абай ақындығының жүйелі дамуы 1882 жылдан басталады. Бұл жылы жазылған Лермонтовтан аударған «Бородино» және бүгінгі сабақта талданайын деп отырған шығармасы «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі – Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан туындылар.
Енді бұл шығарманы Мұхтар қалай талдаған екен, соған келелік. Бұл өлеңдегі табиғат көріністерін, өз сезімін және аңшылықтың қиқулы қызғылықты сәттерін сипаттағанда Абай өзінің жаңаша қалыптасқан ақындық мәдениетін танытады. Автордың сөз қолдану өзгешеліктерін пейзаждан байқауға болады.(Пейзаж туралы анықтама беріледі).
Абай пейзажы өзіне дейінгі ақындардың табиғат көрінісіндей емес, нақты, дәл, табиғат түрінде суреттелген.
Шығарманың өзі сюжетті, оқиғалы поэма, баллада үлгісінде жазылмаса да, өлең бастан – аяқ динамикалық суреттерден құралады. Әрекет пен уақиға шығарманың әрбір жолында байып, өсіп отырады.
Адам да құр аталып қана қоймайды, арнаулы қимыл - әрекет үстінде көрінеді. Жалпы өлеңді үш бөлімде қарастыруға болады.
1. «Бүркітші»
2. «Қансонарда түлкі алғанда»
3. «Ақынның ой- толғанысы»
Ақынның өзгешелігі – барлығын да нақтылы, дәл, шындық түрінде бере білуі. Сол өзгешеліктермен қатар ақын қиялын да өткірлеп, сол асығыс, қарбалас,тайталастар үстінде шебер түрдегі соны теңеуді де табады. Шын шебер реалистің ғана қаламынан туындайтын өзгеше үлгіні көрумізге болады.
Жаңа сабақты бекіту:
Бөрлі → Жидебай схемасы.» Мен бүгінгі сабақтан және Абай туралы не білдім?» деген сұрақ төңірегінде ой өрбітіп, әрі қарай сөзжұмбақ шешкіземін.
Үйге тапсырма:
«Абай – қазақтың ұлы ақыны» деген тақырыпқа шығарма жазу.
Оқушыларды бағалау.