СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Абайдың Пушкиннен аудармалары

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абайдың Пушкиннен аудармалары 9 сынып оқушысы

Просмотр содержимого документа
«Абайдың Пушкиннен аудармалары»


Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

9


Абайтану

9

Калматаева М.Н.



Сабақтың тақырыбы: Абай және батыс әдебиеті. Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы» өлеңі

Сабақтың жалпы мақсаты: Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері, Абайдың қазақ тілінің қуатын көтеріп, құнарын арттырудағы шығармашылық ізденісіне ауыз әдебиетінің, шығыс, орыс, Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің зор ықпалы болғандығы туралы ұғындыру. «Көңілім менің қараңғы» өлеңінің мазмұны мен идеясын түсіндіру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж

М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

Электрондық оқулық

Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

Абай және батыс әдебиеті. Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы»

Абай мұрасының маңызды бір қыры – Европа мәдениеті мен әдебиетіне қатысы. Бұл құбылыстың мазмұны мен сыры, диалектикасы мен динамикасы бір жағынан, талант, дарын іспетті қасиеттер табиғатынан шектелушіліктен, томаға тұйықтықтан аулақ болатынында, жалпы адамзаттық игілік-жақсылықпен сабақтас, тектес екендігінде болса, екінші жағынан, Абайдың туған жерінін елінің жаратылысының өзі Европа мен Азияны, Батыс пен Шығысты жалғастырушы көпір іспеттілігіне байланысты. Қазақ халқының көп ғасырғы рухани ізденістері мен қазынасының жемісі, жиынтығы, әрі жаңа сатыға көтерушісі бола алған Абай –дүниенің осы екі бөлігінің бірсыпыра халықтарының даму тарихына, ақыл-ой жүйесіне, мәдениетіне, әдебиетіне көз тігіп, танып, біліп өзіндік шығармашылық қатынас қалыптастырды, қазақ қоғамының қажетіне, рухани өсуіне жарату ісін де, дәстүрлерін де байытты. Абай мұрасының Батыс еурора әдебиетімен байланыстары әр түрлі тұрғыдан, бірнеше арнада қаралуға лайық. Ол байланыстардың негізгі салмағы, өзекті сабақтары, салалы ұштары, әрине, 19 ғасырдағы қазақ қоғамының даму ерекшеліктерінде, ағартушылық, демократтық ақыл-ой ізденістерінде, көркем әдебиеттің реалистік бағыт-бағдарларында, ақынның дүниеге көзқарастарында, қоғамдық, әлеуметтік философиялық, этикалық, эстетикалық толғаныстарында жатыр, «таза» әдебиеттік қыры, көріністері де солармен үйлесімде, сәйкестікте. Батыс Европа халықтары көркем мұраларын Абайдың игеру ерекшеліктері, қазақша аудармалары, ақын шығармаларының кейбір европалық тілдерге аударылуы, шетелдік жылы лебіздер – бүгінгі абайтану ғылымындағы терең зерттеуді, байсалды тұжырым жасауды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі.

Қазақ филологиясының абайтану саласында Әуезов айқындап кеткен ғылыми тұжырым бойынша Абайдың ақындық қызметінің негізгі үш түп төркіні: алдымен қазақ халқының, есте жоқ ескі заманнан жиып, дамытып жеткізген өз даналығы ауыз әдебиеті қоры; екінші – араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың классик көркем поэзиясы, үшінші – орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Европа мәдениеті десек, «өз заманы үшін, әрі жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешек» болған Абайдың ақындық білімінің кемелденіп толысуына, өрісінің кеңеюуіне апаратын даңғыл жолды тап басатынымыз сөзсіз, бұл Абайтану ғылымында едәуір зерттелген мәселе. Алайда ақынның орыс мәдениеті арқылы Европа мәдениетімен байланысы, Европадан алған нәр, оның ақындық жолында қандай іздер мен өрнектер қалдырғаны әлі арнайы зерттелген жоқ.

Европамен таныса келе Абайдың «Шығысым – батыс, батысым – шығыс боп кетті» деуі ақынның Батыс елдерінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі болса керек. Бұл тану, қызыға зерттеу, үлгі тұтып, нәр алу ақын шығармашылық жолына ізін қалдырмауы мүмкін емес еді. Европа елдерінің әдеби қорына қарым-қатынасында Абай Құнанбаев жай ғана үйренуші, таңырқаушы, еліктеуші ретінде емес ойлы, терең толғаулы ізгі ақындық ерекшелігімен, ұлттық келбетімен, ұлы реалистік өзіндік, Абайлық тұлғасын сақтайтын қадір-қасиетімен, қалып-қабілетімен көрінді. Ақын қазақ сахарасының шегінен шығып, орыс мәдениетіне, сол арқылы Европа елдерінің мол қазынасына жалғыз өзі жол тартып, туған әдебиеттің қадір-қасиетін бұрынғыдан да арттырып, биіктете түсті.

Абай оқып, біліп, таныс болған Батыс Европалық философия, тарих, мәдениет, әдебиет қорының көлемін, шеңберін нақты анықтау қиын. Ақынның кітапханасы сақталмаған, күнделік, не басқа да жазба деректер жоқ, жазылды ма, жоқ па – ол жағы да беймәлім. Алайда Абай өмір сүрген кезде Қазақстанда, Семейде болып, осы аймақты, әсіресе, оның тынысын жан-жақты зерттеген, Семей кітапханасының қорын тәптіштей сипаттап, ақын туралы жазба мәліметтер қалдырған американ жазушысы, публицист Дж. Кеннанның деректеріне және Орыс герграфиялык қоғамы Семей бөлімшесінің Семейдің кітапханасы каталогінің (1902-1910) тізімінде көрсетілген мәліметтерге қарағанда Абай білген Батыс Европа кітаптары едәуір қомақты болған. Сол кезде Семей кітапханасыңда Спенсер, Спиноза, Р. Декарт, Д. С. Милль, Дрэпер, Ч. Р. Дарвин, У. Шекспир, И. В. Гете, Ф. Шиллер, Г. Гейне, Д. Байрон, О. Бальзак, А. Мицкевич, А. Дюма т. б. авторлардың шығармалары жинақталыпты. Семей кітапханасының тұрақты оқырманы болған Абайдың рухани өрісінің кеңейе түсуінің бір қыры – осы.

Бұл хақында Әуезов: «Батыс Европа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп өтеді. Өзінің білім алып, дүниетануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішіңде Батыс Европаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Европа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ, білімпаздарын да зерттейді. «Европаның есею тарихы», «Ескі Шығыс мәдениетінің тарихы» сияқтыларды да сол Батыс Европа ғалымдары арқылы оқып біледі. Европа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрі де Дарвинге қызығады. Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі», - деп жазды. (М. Ә у е з о в. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А., 1967, 253 б.).

Әуезов Абайдың бұлармен қатар Батыс Европада орта ғасырда етек алған діни сотинквизицияның зұлымдықтарын суреттейтін романдарды көп зерттегенін, Европада әкімшілік құрған патша, король нәсілдерінің сарай тартысын білу ниетімен, Александр Дюма романдарын көп оқығанын, кейін «Үш ноян», «Он жыл өткен соң», «Патша әйел Марго» романдары ақынның әңгімелеуі бойынша елге танылып, ертек боп кеткенін айтады. Африкада, Америкада, Австралияда немесе басқа бір жабайылар арасында тіршілік еткен білімді кісілер немесе жергілікті адамдардың ішінен шыққан намысқой ерлер, ақылды адамдар туралы әңгімелерді де Абайдың сүйсіне оқығандығы туралы деректер бар.

Сонда Әуезов Африкадағы негрлер (Абай сөз айтқанда зәңгілер) мен ақ нәсілділер арасындағы жұлқыс-тартысты бейнелейтін «Валентин Леви», «Аза жүрек», «Ягуар Медуленец» деген әңгімелер де Абайдың тегі етіп таратқан әңгімелері екендігін ақынның осылайша Европа жазушыларының да көптеген әңгіме-дастандарын еліне жая жүргенін дәлелдейді. Бұл айтылған деректердің өзі-ақ Абай назар аударған, оқып, біліп, таныған Европалық мәдеиет қазынасының көлемі қандай болғанын танытады.

Абайдың Европа мәдениеті мен әдебиетіне қатысы оның орыс әдебиетімен та нысының бір қыры, бір бөлігі. Орыс орыс әдебиеті, орыс классиктері арқылы дүние жүзі мәдениетінің үлгілерімен танысқан Абай Европадағы кейбір мәдени-әдеби құбылыстарды өз жұртының талап-талғамына сай халықтың рухани қажетіне жарата білді.

Абай шығармаларындағы Европа әдебиетінің белгілерін оның орыс классиктері ерекше қадір тұтқан антикалық көне классикалық тарихы мен әдебиетіне оқта-текте соғып отыруынан, бүкіл Батыс,Шығыс тарихын бірдей әңгіме еткен «Ескендір» жайынан әңгімелі-өлең жазуынан классиктер Шиллер, Гете, Байрон, Мицкевичтердің кейбір өлеңдерін қазақшаға аударуынан, бірсыпыра батыс ромаңдарын әңгімелеп, ел арасына таратуынан, өзінен кейінгі жас ақындарға сыртқы өзге елдер жайында шығармалар жазуына ақыл беріп, тақырып ұсынып, әсер етуінен көруге болады. Бұл белгілер халқымыздың рухани тарихында маңызы зор ерекше құбылыстар еді.

Абай мұрасының ежелгі антикалық элладалық тарихпен байланысы да ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Эллада мәдениеті мен әдебиеті адамзаттың тарихында ерекше орын алатыны белгілі.Орыс жазушылары, әсіресе, Абай айрықша назар аударған И. А. Крылов, Пушкин, М. Ю. Лермонтов та антикалық дәуірдің көркем мұраларын жоғары бағалаған. Антикалық мәдениет пен әдебиеттің орыс қоғамында жоғары бағалануы мен ықпалы Абай назарынан тыс қалмаған. Сондықтан да антикалық мәдениеттің Гомер, Софокл, Сокрта, Платон, Ксенофонт. Аристотель сияқты өкілдері Абай шығармаларынан орын алды.

Абай аудармаларының ішінде ұлы ағылшын ақыны, революцияшыл романтизмнің көрнекті өкілі Джордж НоэлГордон Байронның әйгілі «Еврей сазы» топтамасынан «Көңілім менің қараңғы» деген өлеңі бар. Абай бұл өлеңге тегін назар аудармаған. «Еврей сазынан» Абай ұлттық езушіліктің зардабын тартқан жазықсыз адамдардың қайғы-шерін, азап-азасын естіді. Бұл өлеңнің өзегі болған езілген халыққа деген ықылас - ілтифат, гуманизм идеялары, қиындық кезде сол езілген халықпен бірге ауыр жүк көтерісер сөз бен саздың күші мен құдіретін сүюшілік қазақ ақынына да қатты әсер етпей қалмады. Өз халқының да отарлық ұлттық езушілік зардабын тартқан мүшкіл халіне қанық қазақ ақыны Байронның – «Көңілім менің қараңғы» өлеңін аударғанда түпнұсқаның негізгі мазмұны мен бағытын дәл сақтап, қазақ өлең өлшемдері ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, еркін сілтеген. Түпнұсқадағы кейбір сөз, мысалы, «алтын арфа» қазақ оқушылары мен тыңдаушыларына түсінікті «алтын домбыра» деген сөзбен ауыстырылған. Алтын домбыраны шертіп тартушы ақын Абай аудармасында өмірінде көп азап шеккен, бірақ, көңілі жарқын үмітке, бойы қайратқа толы, ұмтылыс-серпіліске, батыл қимылға, күреске бейім жан болып бейнеленеді. «Қатып қалған көзімде бір там- шы жас» - адам азабының, сорының ауырлығын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен бірге адам бойындағы сарқылмас күш, мұқалмас жігер, айбарлы ашу айбатының да елесі іспетті. Өзінің көрген азабын езілген халық тек ақынына ғана сеніп айта алған, ақыны ғана оның жоқшысы, өкілі бола білген.

Байрон өлеңіндегі бұл өмір шындығы алыстағы сахара елінің өмір жайына да жақын, таныс-ты. Сондықтан да Байронның «Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын» өлеңі Абай аудармасында қазақтың өз төл өлеңіндей түсінікті болып, ел арасына кең тарады.

Қазақтарды Батыс Европа әдебиеттерінің кейбір үлгілерімен таныстыруда, ол шығармалардың ел арасына ауызша әңгіме түрінде таралуына Абай үлкен қызмет атқарды. Әуезов көрсеткендей Абайдың ауызша айтуы бойынша халық арасында ертекке айналып кеткен А. Р. Лесаждың «Ақсақ француз», Александр Дюманың «Үш ноян», «Он жыл өткен соң», «Патша әйел Марго» романдары соның куәсі. «Қызыл сақал» деген атпен ертек түрінде айтылған инквизиция заманының романы, Африка, Америка, Австралия тұрғындары жайынан әңгімелер, «Валентин Леви», «Аза жүрек», «Ягуар Медуленец» т. б. әңгімелері сол Абай әңгімелеген қалыпта қағазға түсірілмей қалған. Сөйтіп, халықтардың рухани, мәдени қазыналары алмасу арқылы бірін-бірі тану-білу тарихында қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың орны ерекше. Дүние жүзі мәдениеті тарихында маңызы зор болған көне заман деректеріне қазақ ақынының назар аударуы, сол тақырыпта шығарма жазуы, Батыс Европа классиктерінің кейбір өлеңдерін қазақ тіліне аударуы, біраз әдеби туындыларды ауызша елге таратуы – қазақ әдебиетіндегі тағы бір соны да игі, маңызы зор тың бастама болды. Бұл жаңалық қазақтың ұлттық әдебиетінің тар шеңберден шығып, бүкіл адамзаттың көркемдік даму құбылыстарымен байланыста дамуына жол ашты. Абай сол жолда өз халқының ғасырлар бойғы рухани мәдениеті мен әлем әдебиетінің алтын қорын жалғастырушы көпір қызметін атқарған.

«КӨҢІЛІМ МЕНІҢ ҚАРАҢҒЫ. БОЛ, БОЛ, АҚЫН...» - М. Ю. Лермонтовтың «Еврейская мелодия»атты өлеңінің 1892 жылы Абай тәржімелеген туындысы. Көлемі 8 жол. Абай түпнұсқаның:

«Душа моя мрачна. Скорей, певец, скорей!

Вот арфа золотая:

Пускай персты твои, промчавшися по ней,

Пробудят в струнах звуки рая.

И если не навек надежды рок унес,

Они в груди моей проснутся,

И если есть в очах застывших капля слез -

Они растают и прольются...»

деген алғашқы сегіз жолын ғана тәржімелеген. Лермонтов өлеңі Байрон шығармасының ізімен жазылған. Тақырыбы Таураттан алынған («Саул патшаның Дәуітке айтқаны»). Өлеңнің «Еврей сарыны» («Еврейская мелодия») деп аталуы да сондықтан. Түп нұсқаға сай «бейістің үні шығар» деген сөз де діни сарынға байланысты. Ал шығарманың басты идеясы – ақынның өлеңді кеудеге толған қайғыны, зарды жас етіп төгіп, бойды жеңілдетіп, сөнген үмітті қайта тұтандыратын зор қуат-күші бар деп қарауы –өлең сөзді қастерлеуі. Туынды 11 буынды кара өлең ұйқасы өрнегімен кестеленген.



III. Ойтолғаныс сатысы

Ақын өлеңін оқу және талдау.

Сөздікпен жұмы



Дж. Байрон М. Ю. Лермонтовтан



Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!

Алтынды домбыраңмен келші жақын.

Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,

Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.


Егер сорым түбімен әкетпесе,

Керек қой көңілді үміт тебірентсе.

Қатып қалған көзімде бір тамшы жас

Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерісе?!






Өмірінен түсінгендерін «БҮҮ» кестесіне толтыру.

Білетінім V

Үйренгенім +

Үйренгім келеді?






Сабақты қорыту.

Ақынның өмірі

1. Абайдың әкесі кім?

А) Өскенбай

В) Ырғызбай

С) Кененбай

Д) Құнанбай

2. Абай қай жылдары өмір сүрді?

А) 1845-1904

В) 1845-1905

С) 1846-1905

Д) 1946-1906

3. Семейдегі алғашқы сабақ берген молдасы кім?

А) Әбдіжаппар

В) Ғабулжаппар

С) Ахмет-Риза

Д) Әбдірахман

4. Абай болыс блды ма?

А) Жоқ

В) Иә

С) мүлдем

Д) ешқашан

5. Абайдың рухани ізбасары,әлем әдебиетінің классигі, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?

А) М.Жұмабаев

В) С.Сейфуллин

С) М.Әуезов

Д) І.Жансүгіров

Үйге тапсырма: «Көңілім менің қараңғы» өлеңін жаттау.