СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Абайдың "Толық адам" философиясы

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектептегі "Абайтану" қолданбалы курсы бойынша өткізілген сындарлы оқытуға негізделген сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Абайдың "Толық адам" философиясы»

Мұғалімі:

МуханбетоваА.О

Сыныбы: 11 «ә»

Мерзімі: 02.03.2017

Сабақтың тақырыбы

Абайдың «Толық адам»философиясы

Жалпы мақсаты

Ұлы ақын мұрасы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету. Соның негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау. Өзін-өзі тануларына, өзін-өзі, бір-бірін тәрбиелеуге ықпал ету, тәлімдік мүмкіндік туғызу,оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, өзгені өзіндей қабылдауға, өзге ұлттардың салт-дәстүрлерін сыйлаудың маңызына мән беру;
Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін талдай отырып, әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу, Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философиялық ойды түсінулерін, сөйлеу, талдау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Топқа бөлу, сыни ойлану, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей алуға дағдыландыру

Көрнекіліктер

АКТ,үлестірмелі қағаздар, , маркер,стикер

Әдістер

СТО стратегиялары: «Ойшақыру», «Алты қалпақ», «Ой толғау», «топтастыру»,                                          

 

 Сабақтың  мазмұны

Уақыты


 Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

2 мин

 Ұйымдастыру

 кезеңі


Оқушылар ынтымақтастық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілек айтады.

Смайликтер арқылы топтарға бөлу

Сағат тілі бағытымен оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтып шығады.Смайлик түстеріне қарай топтасады.

3 мин

«Білу»


Абай мен шығыс әдебиеті өкілдерінің арасында қадай байланыс бар? «ашық микрафон» әдісі

Үйден ізденіп оқып келген Абай туралы білетіндерін слайдтар арқылы тиянақтайды.

  5мин

«Түсіну»


Ой шақыру:

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Мына шумақтың қай тармағына ерекше назар аударар едіңдер?

Мен бір жұмбақ адаммын.

Ендеше, бүгінгі сабақтың мақсаты осы Абай жұмбағын шеше отырып, шығармаларына талдау жасау.

Өз пікірлеріңше Адамды адам етіп тұратын  қандай қасиеттері?

«Бес саусақ» әдісі арқылы жеке жұмыс орындайды.


Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Барлығы өздерінің қолдарын салып, адамды адам ететін қасиеттерін санамалап жазып шығады, шыынашақтан бастап маңызды емес деген қасиеттен бастап жазады.

20 мин

«Қолдану»

«Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті...»

Топтық жұмыс

1-топқа: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі ...»(Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білерсің.) ойды жалғастыр

2-топқа:

« Адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым , ар , мінез деген нәрселермен озбақ . Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық» мысал келтір

3-топқа:

« Нұрлы ақыл , ыстық қайрат және оларға әмірі жүретін жылы жүрек бір кісіден табылса , онда ол «қасиетті адам» болмақ»


 Ақын тағылым еткен адам қасиеттерін негізге ала отырып, Толық  Адам туралы көзқарастарын, пікірлерін толықтыру.




Сұрақтарға жауап алу

- Ақыл деген не? Абай айтқан «нұрлы ақылдың» басты белгілерін қалай түсіндірер едіңдер?

- Қайрат пен «ыстық қайраттың» негізгі ерекшеліктері қандай?

- «Жылы жүрек» туралы не айтуға болады?

- Ұлы ақын осы үшеуіне неге көңіл бөлген, неге осы үшеуін бірлікте ұста деген?

-Өзіңше, Толық Адамның тағы да қандай қасиеттері бар? Ұлы баба мұрагерлері ретінде оның айтқандарына не қосар едіңдер?    

- Абайдың өнер – білім туралы жазған қай өлеңі  жүрегіңе жақын? Себебі?

- Ақынның «Бір ғылымнан басқаның кеселі көп асқанға» деген ұлағатын қалай түсіндірер едіңдер?

- Қалай ойлайсыңдар бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу мақсаты алдыда тұрғанда Абайдың ғылым –білім туралы өлеңдерінің маңызы бар ма? 

« Толық Адам және оның қасиеттері» тақырыбында постер қорғайды


«Талдау»

Абай шығармашылығында толық адам бейнесі қалай суреттелген?

1-топқа: Абай өлеңдерінде қалай көрінеді?


2-топқа: Абай поэмаларында қалай көрінеді?


3-топқа: Абай қарасөздерінде қалай көрінеді?

Абайда  176 өлең, 3 поэма, 45 қарасөз бар. Ал оқысаң таусылмайды. Абай бұл шығармаларын ақша үшін жазған жоқ, ол өз жандүниесін жазды.  Оның жандүниесі қайырлы. Өзі айтады ғой, "Ыза шығар білімнен, қайғы шығар ілімнен. Ыза мен қайғы қысқан соң, Зар шығады тілімнен". Ол сол кездің шындығын, зарын, өкпесін жазған. Соны поэзиямен жеткізіп, қағазға түсірген.  Сондықтан да ол өте терең, өте мәнді. Қазақтар үшін одан өтер дүние жоқ. Сондықтан тағы айтамын, әрбір қазақ Абайды білуі керек.

1-топ «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

2-топ 7-қарасөз, 17-қарасөз, 38

3-топқа «Ескендір», «Әзімнің әңгімесі», «Масғұт»


«Жинақтау»

«Мінсіз оқушы» моделін құрастыру

Абайдың толық адамы мен мінсіз оқушының арасында қандай ұқсастық бар? Сәйкестендір.

10 мин

«Бағалау»


«Толық адам қалыптастыруда Абай шығармаларының құндылығы» ой толғаныс

Сөзден алған әсерлерін қорыта отырып, шығармаға баға береді., ойларын ортаға салады.

2 мин

Қорытынды. Бағалау

Сабақ талдау парақтары,

бағалау парақтары

 Сабақ бойынша сезімдерін бір сөйлемге сыйғызып жазу.Сабақты қорытады. Өздерін бағалауларын сұрайды. Қорытынды баға туралы айтады.

Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап, жиынтық баға шығарады. Стикерлерге кері байланыс көрсетіледі.

1 мин

Үйге тапсырма


«Мен кіммін?» толық адам проблемасы бойынша жоба қорғау.

Абай армандаған толық адамға сай болатынын дәлелдеу
























































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!