СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Абайтану факультатив

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Абайтану» факультатив ба?дарламасы

( Аптасына 1 са?ат.  Барлы?ы 34 са?ат)

 

Ма?саты: ?лы ойшыл, а?ын, данышпан  Абай ??нанбаевты? ?мірі мен шы?армашылы?ын тере?ірек о?ыту. А?ынны? ?аза? ?дебиетіне енгізген жаналы?ын, ?ос?ан ?лесін ме?герту.?ле?дерін талдау, м?нерлеп о?у  ар?ылы поэзияны с?юге т?рбиелеу, шы?армашылы? ізденіс да?дыларын ?алыптастыру. Факультативке  арнал?ан барлы? жоспарлы метериалдарды толы? игерту, ?осымша м?ліметтерді іздестіру кезінде ?дебиеттерді д?рыс та?дап, орынды пайдалана  білуге, ж?рт алдында ?з ойын толы? жеткізуге ?йрету.

 

 

 

 Міндеті:   А?ын шы?армаларыны? т?рбиелік м?нін ??ыну, идеясын тану.

                   Теориялы? білімдерін практикада ?олдана білу біліктерін  ?алыптастыру.

                   О?ушыны? шы?армашылы? ?абілетін арттыру.

Просмотр содержимого документа
«Абайтану факультатив»

«Абайтану» факультатив бағдарламасы

( Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат)



Мақсаты: Ұлы ойшыл, ақын, данышпан Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын тереңірек оқыту. Ақынның қазақ әдебиетіне енгізген жаналығын, қосқан үлесін меңгерту.Өлеңдерін талдау, мәнерлеп оқу арқылы поэзияны сүюге тәрбиелеу, шығармашылық ізденіс дағдыларын қалыптастыру. Факультативке арналған барлық жоспарлы метериалдарды толық игерту, қосымша мәліметтерді іздестіру кезінде әдебиеттерді дұрыс таңдап, орынды пайдалана білуге, жұрт алдында өз ойын толық жеткізуге үйрету.




Міндеті: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін ұғыну, идеясын тану.

Теориялық білімдерін практикада қолдана білу біліктерін қалыптастыру.

Оқушының шығармашылық қабілетін арттыру.




Күтілетін нәтиже: Өз ойын көркем тілмен жеткізетін, поэзияны сүйетін, әдебиеттің сырлы әлеміне бойлай алатын,

білімділік, біліктілік дағдыларын қалыптастыра отырып, ізденімпаз, шығармашыл, адамгершілігі мол оқушы қалыптасады.








Түсінік хат


Қазақ поэзиясының асқар шыңы, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың көркем мұрасы- төл әдебиетіміздің асыл қазынасы. Ақын қазынасы көптеген өлеңдер мен поэмалардан, мысалдар мен нақыл сөздерден, философиялық толғаулардың негізінде құралғанын білеміз. Оның қай туындысын алып қарасақ та жаңа лебімен, сазды үнімен, ойлылығымен, сұлулығымен ерекшеленіп, оқырмандарды баурай түсері анық.

Қалың ойын өлең өрнегімен өргізген Абай жаңашылдық сипатта, өзіндік нақышпен бедерленген соны үлгіде, табиғи болмысымызға тән кең тыныста түлетіп, қазақ әдебиетін шырқау биікке көтерді.

Абай: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ барды, ертегіні термек үшін

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-деп толғанады.

Ақын шығармашылығын танытуға арналған «Абайтану» факультативі оқушыларды ақыл-ой әрекетіне бағыттайды, мәліметтерді өздігінен жинауға үйретеді. Оқушы шығармашылығын қалыптастыруға әсер етеді. Бағдарлама жеке тұлғаның танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған.

Негізгі ерекшелігі- мектеп бағдарламасында қарастырылған материалдарды оқушылардың ізденімпаздықпен тауып, толықтырып, өз білімін байыта алуы.














«Абайтану» тақырыбына арналған факультатив бағдарламасы

(Аптасына 1 сағат Барлығы: 34 сағат)

Сыныбы: 9


Сабақ

Сабақтың тақырыбы


І тоқсан

Сағат саны


9 сағат

Күні

Сабақтың мақсаты

Сабақтың түрі,

әдісі

Қосымша материалдар


1.

Кіріспе. Адамзаттың Абайы

1


Абай өмірі туралы жалпы түсінік беру

Танымдық, әңгімелесу


2-3.

Абайдың өмірі

2


«Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» Абайдың өскен ортасы туралы мағлұмат беру

Саяхат сабақ


4.

Ақынның халық даналығын тануы

1


Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы

Сын тұрғысынан ойлау.

Абайдың шығармалар жинағы

5.

Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар

1


Абай шығармашылығының шығыс әдебиетімен және шығыс мәдениетімен байланысын қарастырудағы жаңаша көзқарастар мен тың бағыт-бағдар.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері


6.

Абай және орыс әдебиеті

1


Ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері

Сипаттау, салыстыру


7-8.

Абай және Пушкин

2


Пушкиннен аударған шығармасын таныту

Аралас сабақ

«Евгений Онегин», «Татьянаның хаты»

9.

Абай және батыс әдебиеті

1


Абайдың қазақ тілінің қуатын көтеріп, құнарын арттырудағы шығармашылық ізденісіне ауыз әдебиетінің, шығыс, орыс, Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің зор ықпалы болғандығы

Жаңа тақырыпты меңгерту

А.Мицкевич «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі»,



ІІ тоқсан


7 сағат





10.

Абай және батыс әдебиеті

1


Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері

Әңгімелесу, баяндау

Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы»,

11.

Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы

1


Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы, өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері

Салыстыру, талдау


12-13.

Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы

2


Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері;

Аралас сабақ


14.

М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері

1


Абай мұрасы жайында, ақын мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістер

Салыстыру, талдау


15.

Ақын шығармаларының басылымдары

1


Кәкітай Ысқақұлының Абай шығармаларының ең алғашқы жинағын шығарудағы еңбегі.

Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы


16.

Шығармашылық жұмыс

1


Өзіндік ойларын жазбаша жеткізе білу




ІІІ тоқсан

10 сағат





17.

«Интернатта оқып жү р» өлеңі

1


Өзі үміт еткен қазақ жастарына жар салуы, еңбексіз, ықылас-ынтасыз, михнатсыз нағыз ғылым, білімнің қолға түспейтінін айтуы

Аралас сабақ

Абайдың шығармалар жинағы

18.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

1


Ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі, Абайдың ғылыми ой-пікір қорытуы

Баяндау, салыстыру


19.

«Сегізінші» қарасөзі

1


Ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы

Жаңа тақырыпты меңгерту


20.

«Он жетінші» қарасөзі

1


Даналық ойлар туралы қарасөздерінің тәрбиелік мәнін білу

Аралас сабақ

Абай қарасөздері

21

«Екінші» қара сөзі

1


Қарасөздеріндегі мақал-мәтелдерді табу


Абай қарасөздері

22

«Оныншы» қарасөзі

1


Ақынның афоризмге айналып кеткен сөздерін ажырату

Салыстыру


23.

«Он сегізінші» қарасөзі

1


Ақынның сөз қолдану ерекшеліктерін таныту

Салыстыру, талдау

З.Қабдолов

«Сөз өнері» кітабы

24.

«Он тоғызыншы» қарасөзі

1


Ақынның ес туралы ой тоқтамы, естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі

Ой толғау


25

«Отызыншы» қарасөзі

1


Өлімнің, өмірдің мәні туралы философиялық танымы.


Әңгімелеу, сұрақ-жауап


26.

Өткенді қайталау

1


Қорытындылау

Шығармашылық жұмыс



ІҮ тоқсан

8 сағат





27

Абай әндерінің таралуы

1


Ән мен күй, өнер құдіреті туралы толғанысы

Жаңа тақырыпты меңгерту


28.

Абай ән өнері жайында. «Құлақтан кіріп, бойды алар»

1


Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы хақында,

Әңгімелеу, реферат жазу


29.

«Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» әндері


1


Абайдың музыкалық туындыларындағы әуен мен ырғақтар

Баяндау, ой түйіндеу


30.

«Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңдері

1


Абай әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері.

Талдау, сипаттау


31.

Абайдың күйлері

1


Абайдың күй өнері туралы пікірі


М.Әуезов. «Уақыт және әдебиет»

32.

Абайдың поэмалары


1


Абайдың шағын поэма жазудағы шеберлігі

Шығармашылық ізденіс


33.

«Ескендір» поэмасы

1


Ескендір мен Аристотель образдарын салыстыру

Салыстыру, сұрақ-жауап


34.

Абай шығармаларынан өткенді қайталау

1


Абай жайлы түйгендерін сараптау

Қайталау-жүйелеу сабағы