Жаңғыру дегеніміз не?
Жаңғыру, даму режимі. Бұл режимде қоғамның саяси жүйесі үздіксіз кемелденіп отырады, онда жаңғыру тенденциясы басым болады. Ол жеткілікті түрде белсенді жаңғыруларды қабылдайды, уақыттың саяси талаптарына сай жаңаруға талпынады. Саяси практиканың қызмет етуінің бұл режимі компоненттері саяси белсенділікті, саяси қатынастар субъектілерінің белсенділігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоғамдық өмірдің барлық негізгі тенденцияларының жүзеге асу мүмкіндігі занды тұрғыда болатын жоғары дамыған демократиялық-саяси мәдениет жағдайында ғана мүмкін болады.
Рухани жаңғыру міндеті
Қоғамдық қатынастардың әлеуметтік және мәдени саласының өзгеруі (еңбек этикасы, құндылықтардың дәстүрлі жүйесі, өмір салты, тұтынушылық мәдениет, халықтың әлеуметтік өмір салтының жаңа формаларына деген сезімталдығы және т.б.).
саяси реформа
Жаңғырудың айрықша маңызды екі процесі
экономика
Елбасы өз мақаласында былай анықтайды-саяси жаңғырудың да, экономикалық жаңғырудың да табысты болуы бірінші кезекте қоғамдық сананың руханият басым болатын деңгейіне тәуелді. Сондықтан бүгінгі таңдағы рухани қайта өрлеу – ең өзекті міндет .
Қазақстан үш жаңғыруды жүзеге асырды
1 жаңгыру
2 жаңғыру
3 жаңғыру
Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекет
2030 стратегиясын қабылдап және Астананы салып, Қазақстан 50 дамыған елдің қатарына енді
Ұлт жоспарын орындау негізінде әлемнің 30 озық елінің қатарына ену
құрды
ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ
- ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде?
- Басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.
Рухани жаңғыру бағытында атқарылған ауқымды жұмыстар
2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.
2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең беделді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ КОД
Әрбір этностық топ өзіндік мәдени және антропологиялық кодқа иеленеді. Тірі ағзадағы гендер әлеуметтік жүйенің ДНК рөлін атқарса ұлттық мәдениеттің әлеуметтік кодтары қоғамның өмірінде де сондай рөлді атқарады. Ұлттық ділдің дүниетанымық әмбебаптары адам өмірінің біртұтас бейнесін қалыптастырады.
Белгілі бір мәдениет түріндегі құндылықтық басымдықтарының шкаласын көрсете отырып, олар білімнің, нанымдар, құндылықтық бағдарлар, мақсат ұстанымдары, қызмет ету үлгілері мен әрекеттердің қайсылары адамдардың әрекеттерін, тілдесуі мен қызметін реттейтінін, олардың әлеуметтік өмірін қалыптастыратынын анықтайды.
Ұлттық сананың дүниетанымдық әмбебаптарының жүйесі өзіндік бір мәдени және генетикалық код болып табылады, соған сәйкес әлеуметтік ағзалар да жаратылып отырады. Әлеуметтік ағзалардың түбегейлі өзгеруі мәдени және генетикалық кодтың өзгеруінсіз мүмкін емес
1. Бәсекелік қабілет
- Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
- Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында.
- Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.
Қазақстандықтардың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыты
1. Бәсекелік қабілет
6. Сананың ашықтығы
2. Прагматизм
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
4. Білімнің салтанат құруы
1.Шет тілдерді білу
- Әлемдік ақпараттық қордың жартысынан астамы ағылшын тілінде жазылған. Ақпарат күн сайын және сағат сайын жаңартылып отырады. Ақпарат көздерінің тек кішігірім бөлігі орыс және қазақ тілдеріне аударылып отырады.
- Сәйкесінше, шет тілдерін білмеу негізгі ақпараттық лектен тыс қалдырып отырады. 2020 жылға қарай әрбір бесінші қазақстандық ағылшын тілін білетін болады. Жастар арасындағы бұл көрсеткіш 40% жетуі тиіс.
- Ағылшын тілі кеңінен таралған елдер тез және барынша дамып келеді. Мысал – Үндістан, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея. Оларға технологиялар мен тәжірибе, сонымен қатар инновациялық дамуды қамтамасыз ететін біліктілігі жоғары кадрлар тез келіп отырады
2.Прагматизм
- Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу.
- Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.
- Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді .
Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту .
Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту .
4. Білімнің салтанат құруы
Кеңестік жүйеден, дәлірек айтқанда энциклопедиялық білім, білім берудің кеңдігі мен оның іргелі сипатынан ерекшелінеді. Білімнің салтанаты функционалды сауаттылықты, нақты құзырлар мен мамандандыруды білдіреді. Мектеп оқушыларында сабақ оқу жүктемесі жоғары болмай, олардың назары жалпылай дамуға, яғни өнер, спорт, тілдерді оқу, заманауи коммуникативті практикаларға бөлінуі мүмкін. Мұнда білімнің өзі емес, ал оның қолданылуы маңызды болып келеді.
Сол себептен білімнің салтанаты пәнді тереңінен тануды, бастамашылдықты және еңбекқорлықты ұйғарады. Мұнда басымдық алынған білімнің жиынтығына емес, ал жаңа идеяларды генерациялауға қойылып отыр .
5.Болашақ бағдарламасы
Қазақстандық жастарға конкурс негізінде тағайындалып, шет елде білім алуға мүмкіндік беретін халықаралық стипендия. 1993 жылдан бастап жалғасын тауып келе жатыр. Осы уақыт аралығында он екі мыңнан астам адам білім алды. Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасының түлектері – бұл әлем мен тілдерді жақсы игерген қазақстандық қоғам дамуының бетке ұстарлары
6.Зияткерлік мектептер жүйесі
Еліміздің он үш қаласында қарапайым отбасылардан шыққан он мыңнан астам дарынды балаларға алдыңғы қатарлы орта білім беріп отырған жиырма Назарбаев зияткерлік мектептердің желісі. Бұл желінің негізінде қырық мыңнан астам пән оқытушыларының білім алуы да ретке келтірілген.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз
тіліміз
жоралғыларымыз
Ұлттық рухымыз бойымызда қалуы тиіс
музыкамыз
әдебиетіміз
Жоғарғы деңгейдегі бірқатар университеттер
Батыстық жоғары оқу орындарының үздік үлгілері бойынша Астана қаласында халықаралық деңгейдегі жаңа зерттеу университеті – Назарбаев Университет құрылды. Ол білім беру, ғылым мен инновация сияқты үш құрамдасты біріктіріп отыр. Университеттің 8 клиникасының негізінде органдарды трансплантациялау, кардиохирургия мен онкология бойынша күрделі оталар жасалатын «Болашақ емханасы» қалыптастырылды. 2015 жылы Назарбаев университеті алғаш рет 380 бакалаврды түлек етіп шығарды. Түлектердің басым бөлігі оқуларын жетекші халықаралық университеттерді жалғастырды.
Жүзеге асатын жобалар:
- 1. Латын әліпбиіне көшу жобасы
- 2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы
- 3. «Туған жер» бағдарламасы
- 4.«Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы
- 5.«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы
- 6.«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы
Латын тіліне көшу
Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады. Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз.
Оның мәні мынада:
- 1. Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет.
- 2. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз.
- 3. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкіметтің тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарға кірісе бергені жөн.
Елбасы-Н.Ә.Назарбаев
- Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере бастаймыз. Бұл - білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады. Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек.
Бұл - мемлекеттің міндеті.
Заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет.
Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды
ҚОРЫТЫНДЫ
Президенттің бағдарламалық мақаласы - бұл рухы жетілген ұлттың өз берекелі бірлігін одан сайын нығайта түсумен қатар оны материалды деректі түрінде іске асыра алу мақсатында зерттеу, ұйымдастырушылық және тәжірибелік жұмыстарды бірдей бастауға мүмкіндік беретін қуатты ресурс болып табылады.
Мемлекет пен ұлт дегеніміз құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Олар өмір сүру үшін үнемі өмір,заман ағымына саналы түрде бейімделе алатындай болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру мемлекетіміздің міндеті . Зуылдап өтіп жатқан уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да сол уақыт сияқты тоқтамай минут сайын дами беретін процесс. Біз де осы жаһандану заманының көшіне ілесе дамып келе жатқан жас ұрпақ Қазақстанымыздың болашағы ретінде осынау ұлан байтақ даламыздың әрбір жерін көркейтіп, дамыған 30 елдің алдыңғы қатары болуына , еліміздің рухани, экономикалық тұрғыдан жан-жақты дамуына ат салысу басты міндетіміз деп білемін.
Назарыңызға рахмет!