Сабақтыңтақырыбы: Адам өмірінің негізгі кезеңдері.
Мақсаттары:
Білімділік- Оқушыларға адам өмірінің негізгі езеңдері мен физиологиялық , псхологиялық жәнге әлеуметтік түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық- Адам организмінің жас кезеңдер бойынша алған білімдерін тереңдету, шапшаңдыққа баулу, өз бетімен жұмыс дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік- Гигиеналық тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі- Баяндау, сұрақ-жауап, кестелер.
Көрнекіліктері: «Адам өмірінің негізгі кезеңдері» атты слайд, бесік, плакаттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, тізімдеу, оқушыларды түгелдеу, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру: Төменде қай пікір дұрыс екенін тексеріңдер!
1.Көп жағдайда жұмыртқа жасушасымен тек бір ғана сперматозоид қосылады.
2. Ұрықтану жатыр түтігінде жүреді.
3. Бала жолдасы ұрық қабықшаларынан және жатырдың шырышты қабықшасынан түзіледі.
4. Ұрықтың қаны ана қанымен араласып, жалпы бір қан арнасына бірігеді.
5. Кіндіктегі тамырлар ұрықтың қан тамыр жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
6. Адамның ұрығы өзінің дамуы барысында хордалылардың тарихи даму жолын қысқаша
қайталап өтеді.
7. Ұрықтың барлық мүшелері 7 айға қарай қалыптасады.
8. Жүктілік кезінде ішкі секрецияның көптеген бездері гормон бөлуді тоқтатады.
9.Қалыпты жағдайда жүктілік 7 айға созылады.
10. Жүкті әйелдің тағамдық рационында құрамында кальций, темір тұздары бар өнімдер болуы
қажет.
11. Жүкті әйелге «екеуі үшін» тамақтану қажет.
12. Ұрық жатырдан басымен шығады.
13. Босану кезінде жамбас сүйектерін ұстап тұратын байламдар босайды, жамбас кеңейеді.
14. Нәрестенің алғашқы жылауы тыныс алу орталығының көмірқышқыл газымен қозуына байланысты болады.
ІІІ. Жаңа тақырыпты оқыту.
Адам өмірінің негізгі кезеңдері:
7-17 жас
1-10 күн аралығы
Нәресте (шақалақ)
Мектеп жасындағыкезең
Адамның жас ерекшелік кезеңдері
11-12 жас
Жасөспірім
11 күннен 1 жас
Емшектегі нәресте
Мектепке дейінгі кезең
Ерте балалық шақ
Емшектегі бала жасы. 1 айғадейін бала нәрестеболыпсаналады. 1 айдан 1 жасқадейінгікезеңдіемшектегі бала жасыдейді. Тәуліктіңкөпбөлігіндеолұйықтайды, тек емізетінкезгеқарайоянады
Ерте балалық шақ. 1 жастан 3жасқа дейін бала қарқынды өседі, ересек адам жейтін тағамды жейді, дүниені өзінше танып білуге ұмтылады.бұл кезде бала жүре бастайды, затты қозғалтудың әр түрлі әдістерін үйренеді.
Мектепке дейінгі кезең. 3- тен 7 жасқа дейін мектепке дейінгі жас болып есептеледі. Бұл кезеңде қоршаған дүниеге үлкен қызығушылық пайда болады.Баланың білуге құмарлығы соншалық бұл кезеңді «сұрақтар сатысы» деп атайды.
Мектеп жасындығы кезең. 7- ден 17 жасқа дейінгі кезеңде барлық мүшелер мен жүйелер әрекеті қайта құрылады. Мектепке бару бала өміріндегі едәуір қиын кезең болып табылады.
Жасөспірім. 11- 12 жаста бала жасөспірімдепаталады. Олардабарлықмүшелері мен физиолигиялықжүйелерініңіс- әрекетіқайтақұрылады. Бұлөзгерісжыныстықжетілугежәнежынысгормондарыныңқарқындытүзілуінебайланысты.
Ересекжәнеқарттықкезең. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктемесі бойынша : адам 44 жасына дейін жастық, 45-59 жас орта жас, 60-74 жасмоскалтартқан, 75-89 жасқарттықкезең, 90-100 жас және одан жоғары ұзақ өмір сүретін адамдар.
Жетілу: физиологиялық, психикалықжәнеәлеуметтік болып бөлінеді
ІҮ. Мақалдардың мәнін аш
1. Уызына жарыған,
Ұлылыққа ұмтылар.
Азамат боп өседі ізгілікке құнты бар.
2. Балаңды 5 жасқа дейін патшаңдай күт,
15-ке дейін құлыңдай жұмса,
15-тен соң досыңдай сана.
3. Бала тілі - бал.
4. Өсер елдің баласы 15-інде баспын дер,
Өспес елдің баласы 30-ында жаспын дер.
5. Отызда орда бұзбаған
Қырықта қамал алмас.
Ү.Тест тапсырмалары.
1. Ана сүті пайдалы, себебі:
а) ол стерильді ә) антиденелерден тұрады б) тамақтануға қажет заттардың барлығы бар в) жоғарыда келтірілген барлық себептер бойынша.
2. Жаңа туған нәрестеде:
а) тек шартты рефлекстері болады ә)тек шартсыз ренфлекстері болады б) шартты және шартсыз рефлекстер болады в) әлі рефлекстері қалыптаспаған
3. Баладаалғашқышарттырефлекстеріқашанпайдаболады?
а) шамамен 1 айданкейін ә)жарты жылдансоң б) 1 жылдан соң в) кешірек
4. Сөйлеу мен ойлануқайкезеңдедамиды?
а) емшектегікезең ә) балалықкезең б) мектепкедейінгікезең в) мектептегікезеңде
5. Жасөспірім- бұлқаншажастағыадам?
а) 11-12 жас ә)12-15 жас б) 16-20 жас в) жоғардағыныңбарлығы
6.Қарттық кезең – бұлқанша жастағы адам?
а) 45-59 жас ә)60-74 жас б) 75-89 жас в) 90-100
7. Организмніңжыныстықжетілукезеңін тап:
а) әлеуметтік ә)психикалық б) физиологиялық в) жастық
8. Мектепжасындағыкезеңқаншажас?
а) 11-12 жас ә)12-15 жас б) 16-20 жас в) 7-17 жас
9. Емшектегі бала неше айлығындабасынұстайды, аяғынжазадыжәнеотырады?
а) 6 ай ә) 8 ай б) 10 ай в) 9 ай
10. Қайкезеңді «сұрақтарсатысы» депатайды?
а) емшектегікезең ә) балалықкезең б) мектепкедейінгікезең в) мектептегікезеңде
Қорытынды: Тест тапсырмасын орындау арқалы сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру: 59- параграфты оқып білу, сұрақтарға жауап беру, жұмыс дәптерлеріне тапсырмаларды орындау.
Сабақтың тақырыбы: Мектеп жасындағы кезең
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға үздіксіз білім беру жүйесіндегі
тәрбие тұжырымдамасының құрылымы, тұжырым-
даманың мақсаты мен міндеттері анықтауға
машықтандыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Білім алушыларға тәрбиенің мақсаты, міндеттері,
мазмұны, тұжырымдаманы іске асыру шарттарын,
күтілетін нәтижелерді анықтау.
2.Тәрбиелік: Білім алушыларды тиянақтылыққа, ептілікке,
жауапкершілікке, жағымды қарым - қатынас
мәдениетіне тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Білім алушылардың алған теориялық білімін
тәжірибемен ұштастыру, өз бетінше өзіндік
тұжырымдай білуге, жоба дайындауға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: тәрбие тұжырымдамасы слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Білім алушылармен амандасу. Сабаққа психологиялық дайындау.
Кіріспе сөз.
Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның тәрбие проблемаларына ерекше назар аударуда.
“Тәрбие – адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс” (Г.К.Коменский)
Сондықтан «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасымен» танысып, білім беру мекемелерінде іске асыру жолдарын анықтап, жоба ұсынуға бүгінгі сабағымыздың өзіндік маңызы бар.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Жобаның тақырыбы: Тәрбие тұжырымдамасы құжат па, әлде адам тағдырын шешетін үдеріс пе?
Жобаның сипаттамасы:
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие саласымен айналысатын тұлғалардың, яғни педагог мамандардың арасындағы үйлесімділік жүйесін қалыптастыру;
Тәрбие мәселесіне қатысты қоғамдық орта, әлеуметтік орындардың рөлін арттыру;
Тәрбие саласымен айналысатын мамандардың тәрбие технологиясын толыққанды меңгерту және кәсіби құзіреттілігін арттыру.
2.Оқу сұрақтары:
1. Тұжырымдама дегеніміз не?
2. Тұжырымдама туралы не білесіз?
3. Тұжырымдаманың ұқсастығы мен айырмашылығы?
4. Тәрбие құндылықтарын атаңыз?
5. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері?
6. Тұжырымдаманы іске асыру шарттары?
Тұжырымдама
• Тұжырымдама-(лат.coneptio-тікелей байланыстырушы немесе қисынды аңдай) олардың көмегімен адам ойы кез-келген табиғаттың мінсіз нысандарын құра алатын ұғымдар мен көзқарастардың орамды жиынтығы (жүйесі).
• Тұжырымдар бүкіл адамзат мәдинетінің теориялық бөлімін құрайды. Мысылы жалпы жаһандану процесі және оның әртүрлі құрамдас бөліктері (экологиялық, ақпараттық, коммуникациялық, энергетикалық, жалпы мәдени, этикалық, психологиялық және т.б. Теориялық зерттеу пәніне айналды ).
Тұжырымдаманың мақсаты
Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, мектеп оқушыларының және студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интлектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Тұжырымдама туралы мәлімет
1995 ж 2009 ж
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы “Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы” болды. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы 2009 жылы Республиканың үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылды
Тәрбие беру ісінде шешімі табылмаған көптеген проблемалар бар.
1. Педагогтар тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі?
2.«Тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми-әдістемелермен жеткіліксіз қамтамассыз етілуі неде?»
3. Балалар және жастардың қоғамдық ұйымдарының қызметін ұйымдастыруда бірыңғай ұстанымның болмауы.
Талқылауға арналған сұрақтар: (Мәселелік сұрақтар)
1-топ. Мектептегі тәрбие жүйесінің маңызы. (Практикадан мысалдар келтіру).
2 -топ. Тәрбие тұжырымдамасының колледжде іске асырылу жолдарын көрсету.
3-топ. Жастар ұйымы және жас ұлан балалар мен жас өспірімдер ұйымының маңызы.
Аталған мәселелер бойынша білім алушылардың өзбетіндік шағын зерттеу жұмыстарын тыңдау, талқылау, жобалар ұсыну.
Сабақты қортындылау:
Бағалау парағы:
Топ
Мазмұны
Ғылымилығы
Жинақтылығы
Жүйелігі
1-топ
2-топ
3-топ
Сабақтың тақырыбы: Адамның мінез-құлық және психика
Оқу элементінің № Оқу материалдарының тапсырмалары Бағалау, ескертулер мен нұсқаулар
1 2 3
ОЭ-0 Сабақтың мақсаты:
1. Жоғары жүйке қызметінің топтарымен танысу
2. Жоғары жүйке қызметінің гигиенасы мен оның алдын алу шараларымен күресу жолдарын білу
3. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері және өзара байланысын білу.
ОЭ-1 Жұмысқа дайндалу
1. Тест тапсырмасын орында
1) Жеке адамның бойындағы белгілі бір іскерлік, біліктілік, икемділік және т.б. қасиеттердің жиынтығы:
А) Сана Б) жігер Г) есте сақтау
Ә) Ойлау В) қабілеттілік
2) Ауру адамдарды бақылап, адамда кездесетін анатомиялық, физиологиялық дерттерге теориялық қорытындыны жасаған ғалым:
А) Аристотель Б) Әл-фараби Г) И.П. Павлов
Ә) Гиппократ В) Клавдий Гарен
3) «Қан» сөзінің латынша атауы:
А) sanguis Б) Melanos chole Г) Дұрыс жауап жоқ
Ә) chole В) phlegma
4) И.П.Павлов жүйке үдерістерінің қасиеттеріне сүйене отырып, жоғары жүйке қызметін неше топқа бөлді?
А) 4 Б) 2 Г) жауап жоқ
Ә)3 В) 1
5) Маскүнемдік ауруының неше кезеңнен тұрады?
А) 2 Б) 4 Г) 6
Ә) 3 В) 5
6) Жоғары жүйке қызметі мидың қандай бөлімімен байланысты?
А) мишық Б) Сопақша ми Г) артыңғы ми
Ә) ортаңғы ми В) ми қыртысы
7) Есірткі пайдаланушыларды қалай атайды?
А) нашақорлар Б) мас адам Г) аллергик
Ә) сатушылар В) дальтоник
8) Қандағы ішімдік мөлшері 0,3%-да адам:
А) Өмір бойы ауырады
Ә) есінен танып, не істегенін өзі сезбейді
Б) Қуанады
В) адам өледі
Г) секіреді, жүгіреді және т.б.
9) Жігер дегеніміз?
А) айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім мүшелері арқылы мида бейнеленуі.
Ә) нейрондар қозуының шектелуі, әлсіреуі
Б) нысанға немесе оқиғаларға қандай да болса алаңсыз саналы түрде ой жұмылдыру.
В) Жеке адамның бойындағы белгілі бір іскерлік, біліктілік, икемділік және т.б. қасиеттердің жиынтығы
Г) адамның түрлі қиындықтарды саналы түрде жеңе білу қабілеті.
10) Темекі түтініннен зиянды заттардың сыртқа бөліну мөлшері қанша?
А) 3200 Б) 3400 Г) 3600
Ә) 3300 В) 3500
Аты-жөні:_____________ жауабы:_____________________________
Аты-жөні:_____________ жауабы:_____________________________
2. Төменгі мәтінді оқып, қателерді тап:
Дұрыс тамақтанудың нәтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы әлсірейді. Мысықтың дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің, қалыпты жүруіне жағдай жасайды және т.б. Адамның қысқа өмір сүруінде дұрыс тамақтану білу керек. Көбіне чипсы, роллтон, майлы тамақты пайдалану, тамақтану естен шығармау қажет. Өз бетімен жұмыс істе.
ОЭ-2 Мақсаты: жоғары жүйке қызметінің топтары туралы терең мәлімет алу.
1. Суретке қарап темпераментті анықта.
Сіз орындықта дем алып отырғансыз, қасыңызда бас киіміңіз жатыр. Қасыңызға бір адам жақындап келіп,сіздің бас киіміңізге отырды, Сіздің реакцияңыз. Суреттен көрсетіңіз.
Топпен жұмыс
ОЭ-3 Мақсаты: жоғары жүйке қызметінің топтары туралы терең мәлімет алу.
Қосымша мәліметтер:
Темпераментке сәйкес мамандығыңды таңда!!!
Сангвиник (ширақ топ) - ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, жаны жомарт, оптимист, өмірге құштар, қуатты адам. Басшылық етуге, жетекшілікке құмар. Сангвиник адам эмоциясын ішінде ұстап қала алмайды, қандай жағдайда да, әсерін сыртқы ортамен бөлісе береді. Олар жұрттың назарын өздеріне аударта алатын белсенді жандар.
Сангвиниктер менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, даяшы, инженер-технолог т.б. мамандықтарды иелене алады.
Флегматик (салмақты, байсалды топ) - өте сақ, ұяң, байсалды, сенімді, тұрақты, салқынқанды, жұртқа жақсылық тілеумен жүретін адам. Бастаған ісін аяғына жеткізбей тастап кетпейтін флегматиктер іске келгенде өте мұқият. Адамдармен қарым-қатынас жасағанда, мінездері тұрақты, біркелкі.
Флегматиктермеханик, электрик, инженер, агроном, жүргізуші, ғылыми – ботаник, астроном, физик, математик т.б. мамандық иелері бола алады.
Холерик (ұстамсыздау топ) - ұшып-қонып тұратын, күйгелек, шамданғыш, тынымсыз, көңіл-күйі құбылмалы, қарым-қатынас жасағанда мінезі аумалы-төкпелі, тұрақсыз, пысық, ашуланшақ адам. Қолына алған жұмысы өнбей жатса, күйіп-пісіп, жылдам ашуланады.
Холериктерге әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, хирург, ұшқыш, диспетчер, жүргізуші, тренер, менеджер, құрылысшы, режиссер, аспазшы, геолог, электрик т.б. мамандықтар жарасады.
Меланхолик (әлсіз, сылбыр топ) - өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, ұялшақ, қыңыр, жайбасар, қисық адам. Кез келген қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарға бей-жай қарап, сезімін үнемі ішінде сақтап жүреді. Жаңа таныстық пен адамдар көп жиналған жерден қашқақтайды. Жалғыздықты сүйеді.
Меланхоликтерге педагог, суретші, тігінші-модельер, бояушы, сазгер, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник, есепші, радиомеханик т.б. мамандықтар сай келеді.
ОЭ-4 Сабақты қорытындылау
1. Биологиялық диктант.
1) Өте ширақ, ұщқалақ, күйгелек, ызақор адам мінезінің типі.....
2) Сылбыр мінезді, көңіл –күйі айқын байқалмайтын, шыдамды, ұстамды, тұйық адамдар тобы....
3) Гиппократтың адам мінез-құлығына байланысты атаған сұйықтығы.....
4) Салмақты, пысық, еті тірі, жарқын жүзді, сезімтал, ашуы тез қайтатын адамдар типі....
5) Жеке адамның бойындағы белгілі бір іскерлік, біліктілік, икемділік және т.б. қасиеттердің жиынтығы
Сабақтың тақырыбы: Ұйқы және оның маңызы.
Мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, өз бетінше іздену жұмысына баулу, мәлімет жинау мен оны талдауға икемдігін арттыру, адамгершілігін қағидаларын сіңірту.
Дамытушылық: биология пәніне деген қызығушылығын арттыру, алғырлыққа, тапқырлыққа үйрету.
Тәрбиелік: сабырлылық, ұстамдылық, мінез-құлық мәдениеті туралы түсініп беру, салауатты өмір сүруге, денсаулықтарын шынықтыруға, ұтымды тамақтануға, жеке бас гигиенасын сақтауға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер.
«Ер дәулеті – еңбек» сынақ сұрақтар қою.
Үйге берілген тапсырманы: «Менен сұрақ, Сізден жылдам жауап» әдісі арқылы тексеру.
1. Қандай шартсыз рефлекстерді білесіңдер?
2. Адам мінез-құлқы дегеніміз не?
3. Адам психикасы дегеніміз не?
«Білгенге маржан» - негізгі жаңа сабақты түсіндіру бөлімі.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Ұйқы және оның маңызы. Адам өз өмірінің 3/1-ін ұйқымен өткізеді. Адам мен жануарлар аштыққа қарағанда мүлде ұйықтамауға шыдай алмайды да, тіршілігін жояды.
Тыныш ұйқының сыртқы белгілері: адам қимылдамайды, көзі жабық, сыртқы дүниемен қарым-қатынасы жоқ екенін білеміз.
Ұйқы кезінде зат алмасу төмендейді, жүректің жиырылу жиілігі төмендейді, тыныс алу үстіртін және сирек болады. Сонымен қатар дене температурасы төмендейді, организмнің барлық мүшелері мен бөліктерінде, жүйелерінде маңызды тіршілік процестерінің белсенділігі төмендейді. Ұйқының арқасында біз күн сайын жаңа күшпен табысты жұмыс істейміз, спортпен айналысамыз, театрға, киноға барамыз, оқимыз.
Шаршау, қажу, психикалық жүктеме, қатты ауыру ми жасушаларының жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді де, организмнің ұйқыға қажеттілігін арттырады. Бұған қарсы тұруға болмайды. Ұйқы процесінде ми жасушалары жұмысқа қабілеттілігн қалпына келтіреді, олар қоректік заттарды белсенді сіңіреді, энергия жинақтайды. Ұйқы ақыл-ой жұмысына қабілеттілікті қалыпына келтіреді, сергектік, әрі күш береді.
Ұйқыға қажеттілік адам организмінің жеке ерекшеліктері мен жасына байланысты. Бал туғаннан бастап 2-4 жасқа дейін, шамамен, тәулігіне 16 сағат, 12-16 жастағы оқушылар 9 сағат, ересектер, әдетте, 7-8 сағат ұйықтайды.
Ұйқының физилогиялық табиғаты. Ұйқыдағы адам миының электрлік процестерін зерттеу туралы қазіргі заманғы деректер ұйқы кезінде ми белсенділігі белгілі бір кезеңде күндізгі сергек жағдайға қарағанда жоғары болатындығын көрсетті.
Ми қыртысында баяу және ірі электр толқындары пайда болатын баяу ұйқы кезеңін ажыратады. Бұл құбылыс терең ұйқы жағдайына тән.
Екінші кезеңді тез ұйқы дейді. Бұл кезеңде мидың биоэлектрлік белсенділігі қисығында өте ұсақ және жылдам толқындар пайда болуына байланысты. Тез ұйқы кезеңінде көз қимылдайды, қан қысымы жоғарылайды, тамырдың соғуы және тыныс жиілейді, зат алмасуы күшейеді. Мұның барлығы сергек адам миының күйін еске түсіреді. Таңғаларлық жағдай – адам ұйықтайды, ал оның миы сергек сияқты көрінеді.
Ұйқы гигиенасы. Ұйқы бұзылуының көп таралған түрі – ұйқысыздық. Ол, әдетте, жүйкенің жұқаруы, ұзақ уақытқа созылған ауыр ақыл-ой еңбегі, мазасыздық, шуылы көп ойын немесе ұйықтар алдында кітап оқу салдарынан пайда болады. Спиртті ішімдіктер ішу және темекі тарту ұйқының қатты бұзылуына әсер етеді. Ұйықтататын дәрі ішу – ұйқысыздықты емдемейді. Ұйқысыздықты болдырмаудың ең жақсы жолы – дұрыс демалыс және еңбек режімі, таза ауада серуендеу, дене жұмысы мен ақыл-ой еңбегін тиімді үйлестіру.
Түс көру. Түс көру – тез ұйқы кезіндегі мидың қалыпты жұмысы. Егер адамды осы кезең соңына қарай оятса, ол міндетті түрде түсінде көргенін айтады.
Біз түсімізде күндізгі өмірімізде кездескен оқиғалардың адам сенбейтін үйлесуін көреміз. Сондықтан зағип адамда туғаннан бастап ұйқы кезінде көру бейнелері жоқ, яғни оларда кәдімгі түс көру болмайды.
Түс көру – бастан өткен әсерлерге негізделетін, әртүрлі, кейде қисынсыз немесе фантастикалық байланысқа түсетін күрделі психикалық құбылыстар. Бұл сергек күйдегі мидың жұмысынан күрт өзгешеленетін ұйқы кезіндегі ми іс-әрекетінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Биологиялық диктант
Адамның бүйрегі ... түсті болады. (ақ) Бүйректің ең қауіпті ауруы ... (нефрит). Шартты рефлекс ұғымын берген ... (И.П.Павлов) ғалым. Қан қысымының көтерілуі (гипертония). Сүйектің құрамында қандай элементтер болады? (кальций және фосфор).
«Бәрін білгім келеді» тест жұмысы.
1. Гемоглобин дегеніміз:
А) күрделі ақуыз Ә) жай ақуыз Б) Ақуызды емес зат
В) күкіртті зат Г) органикалық емес зат
2. Адамда қанша қан тобы болады?
А) 5 Ә) 3 Б) 6 В) 4 Г) 7
3. Тамақтан уланудың белгілері:
А) қызуы көтеріліп жөтеледі Ә) ерін кебірсіп, құсу, іш өту
Б) көгеріп, лоқсып, жөтеледі В) температура көтеріледі
4. Жүректің жиырылуы:
А) цистола Ә) диастола Б) цикл В) ырғақ
5. Тыныс алу жолының реттілігі
А) өкпе, кеңірдек, бронхы, көмекей Ә) жұтқыншақ, кеңсірік, көмей
Б) кеңсірік, жұтқыншақ, көмекей, өкпе В) бронхы, өкпе, кеңсірік
6. Көз рецепторы қай қабатта орналасқан?
А) ақ қабықша Ә) тамырлы қабықша Б) соқыр қабықша В) тор қабықша
7. Жұлынға жалғасатын ми бөлігі:
А) мишық Ә) сопақша ми Б) ортаңғы ми В) аралық ми
8. Қанға инсулин бөлетін без:
А) бүйрек үсті безі Ә) жыныс безі Б) ұйқы безі
В) гипофиз Г) қалқанша безі
9. Ағзадағы гормондардың түзілуіне не әсер етеді?
А) тағам Ә) жарық Б) ауа, су В) ағза
Өзіндік жұмыс.
1. Ұйқы туралы түсінік беру.
2. Қан қысымының өзгеруінен болатын аурулар.
Сабақ тақырыбы Адамның жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері.
Сабақ мақсаты: Адамның жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру. Жоғары жүйке қызметінің топтары туралы түсінік беру.
Сабақ міндеті:
1.Білімділік: Адамның жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктерімен таныстыруды қамтамасыз ету. Жоғары жүйке қызметінің топтары туралы түсінік беру әрекетін ұйымдастыру.
2.Дамытушылық: Оқулық мәтінімен, сызбанұсқалармен және кестелермен жұмыс істеу икемдігін дамыту. Алдыңғы сабақтан алған білімді байланыстыра және салыстыра пайдаланып, икемдікті дамыту.
3. Тәрбиелілік: Адамның жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері туралы ойларын сипаттай білуге үйрету. Жоғары жүйке қызметінің топтары-мен таныстыра отырып, жүйке жүйесінің гигиенасын сақтай білуге баулу.
Құрал-жабдықтар:тақта,маркер,үлестірмелер,суреттер.
Сабақ барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу,даярлығын қадағалау
Сабаққа назарын аудару
ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
А,В,С-тапсырмалары,оқулық-272-273,276-277 беттер.(Әлімқұлова Р.А.)
ІІІ .Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:
Презентация арқылы келесі түсініктерді түсіндіру:
1. Жоғарғы жүйке жүйесі
2. Сана
3. Ойлау
4. Сөйлеу
5. Зейін
6. Есте сақтау
Ойын:Комплимент
Презентация арқылы келесі түсініктерді түсіндіру:
1. Мінез
2. Темперамент
3. Сангвиник
4. Флегматик
5. Холерик
6. Меланхолик
Тренинг: Тренинг «Өзінді және басқаларды тану»
1. «Бағалайтын қолшатыр»
-Ашылған қолшатыр сүретін салыңыз, әр сымына өзіңізді сипаттайтын сөзді жазыңыз.Неше сым сонша өз болу керек.
2. «Саған айтарым…»
Арқаға қағаз жабыстырылады. Көршілес отырған бала қағазға саған айтарым деп сипаттма сөздерді жазады.
3. «Мен кіммін?»
Тест «Оң–сол»
Саусақтарыңызды құлыпқа жинаңыз
Сол қолдың үлкен саусағы жоғарыда болса– сіз эмоционалды адамсыз.
Оң қолдың үлкен саусағы жоғарыда болса –анализдеуші ой қабілетіңіз жақсы жетілген (ойлау, пәлсапаны жақсы көресіз)
• Қалам не қарындаш алыңыз,бір затты нысанға алыңыз. Екі көзбен нысанаға қалам ұшы арқылы қарау.Кезек-кезек көздерді жұмыңыз.Егер сол көзді жұмып ,нысана басқа жаққа ауып кетсе,ондағы оң көз басты болады және керісінше..
Оң көз байсалды,жігерлі мінез,сол көз-жеңіл,жұмсақ мінез.
• Кеудеге қолыңызды жинаңыз.
Жоғарыда оң қол болса-сіз қарапайым,жұмсақ адамсыз.Сол қол– коңіл күйіңіз жеңіл,көтеріңкі.
• Шапалақтау,Оң қолпен шапалақтау- жігерлі мінез,; сол қол-уайымшыл,шешімге келе алмайтын адам.
Тест:Темпераментті анықтау
Сіз:
1. Бір жерде тыныш отыра алмауымен ерекшеленсіз.
2. Тез ренжігіш және қызу келеді.
3. Жиі шыдамсыз.
4. Шешімді тез қабылдайды және ұйымдастырғыш болып келеді.
5. Алға жүреді, қырсық.
6. Ұрыстарда тез бағыт алады, тапқыш.
7. Сіздің іскерлігіңіздің ырғағы бір қалыпты емес, секірмелі.
8. Күтпеген жағдайларды жақсы көресіздер.
9. Реніштерді тез арада кешіресіздер.
10. Сіздің сөйлеуіңіз жылдам және қызу.
11. Өзіңізді ұстай алмағандықтан жиі зардап шегесіз.
12. Кемшіліктерді жақтырмайсыз.
13. Сізді барлық жаңалықтар еліктіреді.
14. Көңіл-күйіңіз жиі ауысады.
15. Сіз өмір сүйгіш және үнемі күлімсіреп жүретін адамсыз.
16. Сіз әрдайым жинаөысыз, энергия сізден сыртқа шығып тұрады.
17. Бастаған жұмысыңызды жиі аяқтамай ортасында қалдырып кетесіз.
18. Өз күшіңізді бағалай алмайсыз.
19. Сіздің қызығушылықтарыңыз жиі өзгеріп отырады.
20. Өзгерген жоспарлар мен жаңа жағдайларға тез үйреніп кетесіз.
21. Сізге өз жұмысыңыздан қол ұзу қиын емес, басқаның мәселесін сіз тез арада шешіп бересіз.
Ал енді тест нәтижелерін қорытындылайық. Тестте сұрақтардың 4 тобы бар, әрбір топта 14 бекітулер бар. Алғашқы 14 (1-шіден 14-ші бекітуге дейін) холерик темпераментін сипаттайды. Екінші топ 15-шіден 28-ші бекіту сангвиникті сипаттайды. Үшінші топ 29-дан 42-ге дейін темпераменттің флегматик типін сипаттайды. Және соңғы топ, 43-тен 56-ға дейін меланхолик типін ажыратады.
Егер қандай да бір топтан сіз 10 плюстан көп алсаңыз, онда бұл темперамент түрі сізде күштірек. Егер плюс мөлшері 5-9 болса, онда бұл белгілер сізде аз мөлшерде бар. Және оң жауаптар одан да аз болса, бұл темперамент қасиеттері әлсіз көрінген.
ІҮ.Сабақты бекіту кезеңі:
А,В,С тапсырмалары (Әлімқұлова Р.А.) оқулық
Ү.Қорытындылау және бағаларды жариялау кезеңі:
ҮІ. Үй тапсырмасын беру:
(оқу,мазмұны)
Сабақтың тақырыбы: Зейін және есте сақтау
Сабақтың мақсаты: Мінез – құлықтың рефлекстік теориясы туралы білімді тұжырымдау, адамның жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктерін анықтау .
Сабақтың міндеті :
Білімділік: Зейін және оның түрлері,ақыл – ой әрекеті мен ойлаудың,сананың дамуындағы рөлі туралы білім беру.
Дамытушылық: Зейін туралы жалпы биологиялық түсініктерін дамыту,кітаппен, кестелермен жұмыс істеуді үйрету.Оқушылардың шығармашылық тұрғыда ойлауы мен ақыл- ой қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өзінің және қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі:түсіндіру, баяндау,әңгімелесу сұхбат, әңгіме-сұхбат,өзіндік жұмыс, кестелерді және суреттерді қолдану, көрсетілімдерді пайдалану.
Көрнекіліктер: слайдтар,үлестірме қағаздар , кесте,сурет
Пән арлық байланыс:
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын сұрау.
3. Жаңа сабақ түсіндіру
4. Жаңа сабақты бекіту
5. Оқушылардың білімін бағалау
6.Үй тапсырмасы
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын сұрау:
Тест
1.Рефлекс ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы?
А) И.П.Павлов Б) Р.Декарт В) И.М.Сеченов
2.Адам мен жануарладың мінез құлығын зерттейтін ғылымды қалай атаймыз ?
А) Этологи я Б)Эмбриология В) хронобиология
3. Адамның түрлі қиындықтарды саналы түрде жеңе білу қабілеті ?
А)Қабілет Б)Жігер В) Сөйлеу
4.Адамның танымдық әрекеттеріне қайсысы жатады ?
А)Сөз Б) Сана В)Ойлау
5.Ағзаның орталық жүйке жүйесінің қатысында тітіркенуге қайтарған жауабын қалай атайды ?
А) Инстинкт Б)Рефлекс В) Тежелу
6.Тұқым қуалау арқылы беріледі және туа біткен рефлекс ?
А) Шартты Б) Барлық жауабы дұрыс В) Шартсыз
7.Нейрондар қозуының шектелуі, әлсіреуіне деп атаймыз ?
А) Қозу Б)Жігерлік В) Тежелу
8.Ойлаудың формасы бойынша бөлінген түрін көрсет?
А) Көрнекі- әрекеттілік Б )Практикалық В) Теориялық
9.Қабілеттіліктің түрлерін көрсет ?
А) жалпы, шартты Б)шартсыз, арнайы В) арнайы , жалпы
10.Айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім мүшелері арқылы мида бейнеленуі ? А)Қабылдау Б)Ойлау В) Сөйлеу
Жауабы: 1-б , 2-а , 3-б, 4-в,5- б,6-в,7-в,8-а,9-в, 10-а
Әр оқушы өз-өзін бағалайды.
3. Жаңа сабақ түсіндіру
Миға шабуыл
Оқушылар берілген суретке назар аударамыз.Енді әр оқушының осыдан зейінін байқауға болады.
Әрбір адамның өзіне тән мінез- құлық ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің негізінде қалыптасады. И.П. павлов өз еңбектерінде алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қызметін жоғары жүйке қызметі деп аталады. Сана – тек адамға ғана тән айналадағы бар нәрсені психикалық бейнелеудің көрінісі.Сана түйсіну, ұғу, зейін, ес және ойлау қасиеттерін қамти отырып, өзінің ұғымдық ауқымын кеңейте түседі.Зерзатқа - нысанға немесе оқиғаларға қандай да болса алаңсыз саналы түрде ой жұмылдыру зейін деп аталады. Бір нәрсеге барынша зейін аударған кезде адамның сыртқы кейпінен ерекше өзгерістер байқалады. Тіпті тынысы тарылып, сирек дем алатын болады.Зейін – біздің барлық психикалық іс- әрекетіміздің біз үшін маңызды заттар мен құбылыстарға бағытталуы, шоғырлануы. Орыс ғалымы А.А. Ухтомский доминант принципі деп аталған мінез – құлықты басқару принципін ашты. Зейін еріксіз зейін жөне еріктізейін болып екіге бөлінеді. Еріксіз зейін адамның еркінен тыс пайда болады. Адам алдына мақсат қоймайды. Тек қана көңіл аударған окиғалар мен нақтылы деректер көңіл күйіне ерекше өсер етіп, ұзақ сақталады. Ерікті зейін кезінде адам ойға алған пиғылын орындау үшін алдына мақсат қойып, оны арнайы тәсілдермен орындауга жігерін жумылдырады. Ынтасыз адамды жаңгалақ дейді. Жаңғалақтық дегеніміз - ерікті зейіннің нашарлауы. Жаңғалақтың көңілін кез келген коздырғы бөле береді де істеген ісін жалғастырмай аяқсыз қалдырады. Зейіннің негізгі қасиеттері – зер салып көңіл аудару және орнықтылық, құмар, әуесқой адамдарды сипаттайды .Зейін тұрақтылығын дамыту – адамның жігерлі қасиетін тәрбиелеуге,ішкі тәртібіне байланысты.
Жад – адамның өз тәжірибесін есте сақтауы және кейінірек қайта еске түсіруі:
а) қысқа мерзімді жад;
ә) ұзақ уақыттық жад;
б) механикалық есте сақтау;
в) саналы түрде есте сақтау;
г) қайталау – оқудың анасы.
Жад түрлері:
-
Қандай да бір қабілет мүмкіншілігінің басым болуына байланысты: көру арқылы есте сақтау, есту арқылы есте сақтау, қимыл-қозғалыс арқылы есте сақтау.
-
Қалыптасып, құралу деңгейі бойынша: көрнекі-бейнелі, сөздік-логикалық, эмоциялық, феномендік.
-
Сақталу ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, жедел.
Жад түрлері
Сипаттамасы
Ерікті түрде есте сақтау
Еріксіз түрде есте сақтау
Ақыл-ой еңбегінің гигиенасы
Қажу- организмнің кез келген іс- әрекетке қалыпты реакциясы.Қажу мен шаршау адамның қайрат –жігерін жаттықтырып, оның төзімділігін арттырады.Оқушының оқу еңбегінің басты ережесі- реттілік және жүйелік.
Сергіту сәті ( ұқсас сөздер оқимын )
Кітап,қалам, қарандаш, алма, үй, дәптер,пәтер, орындық, сан, бет,сағат, таға, мұрт, алмұрт,гүл, жапырақ, сабақ, тамыр, шеге, орамал,от, су,ауа, жер, топырақ,жүзік, жүзім,қағаз,шаш, көз, құлақ, ауыз, тағам, жүйке, орталық, жұту,ас, тус,шие,май, сүт, ат, жоғары, төмен, алыс, өт, тас, ағаш,белгі, бас, салат,дене, қызмет, зат, энергия,жаңа,шабдалы.
Дәптермен жұмыс
Мәтін
Сәйкес емес сөздің астын сызу
Зейін, тәжірибе, қасиет, сана, ойлау,ас,жад, зер, мінез, көңіл,тұлға, байқағыш, су, қабілет, сөз,ес,тұрақтылық,ой, еңбек, әдет,қайталау, ағза,қажу, шаршау,жүйке, ақыл, сабақ, дағды,доминант, дүние, білім, ағаш,тәжірибе, эат, құбылыс, орнықтылық, күн тәртібі,даму
4.Бекіту
1.Зейін дегеніміз не?
2.Оқыту барысында ерікті зейіннің рөлі қандай?
3.Доминант принципінің мәні неде? Зейіннің қандай қасиеттері бар?
4.Жад дегеніміз не?
5.Қысқа мерзімді есте сақтауды жаттықтырудың қандай жолдарын білесіңдер?
6.Ақыл-ой еңбегі гигиенасының ережелері қандай ?
« Жақсылық ағашын отырғызу »
-Балалар біз қазір « жақсылық» ағашын отырғызамыз .Ол үшін мына жапырақтарға әр оқушы өзінің бүгінгі сабақтан не ұққанын қысқаша жазып, ағашқа ілу керек.
- Міне балалар сендердің бүгінгі тақырыпты ұққандарын көрініп тұр үлкен ағаштың өсуіне себеп болды
V. Оқушылардың білімін бағалау
VI. Үй тапсырмасы беру