Просмотр содержимого документа
«Адам жəне оны қоршаған орта.»
Адам жəне оны қоршаған орта!
Табиғат ол бізді қоршаған орта аспан, ай, жұлдыз, ауа, күн, өзен, көл, тау, тас, жарық. Табиғат - байлықтың көзі. Адам мен табиғат әрқашан егіз. Табиғат асыраушың, қамқоршың.
Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына ешуақытта зиян тигізбеген.
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам – өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға.
Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қатысты заттарды киелі деп қастерлейді.
Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше.
Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді.
Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.
1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс – тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі. Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.
2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.
3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ – аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады.
Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден – адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден – адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден – жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді.
Назарларыңызға рахмет!