| Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттың адам өмірі үшін қажеттілігін ақиқат құндылығы арқылы түсіндіру. Міндеттері: 1.Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы білімдерін ұштастұру. 2.Мәтінмен жұмыс істеу,қорытынды шығара білу дағдыларын дамыту. 3. Оқушыларды шыншылдыққа,адалдыққа,тазалыққа тәрбиелеу | Ресурстар:қосымша мәліметтер,плакаттар, слайдтар, |
| Сабақтың барысы: Сыртқы интеграция 1.Ұйымдастыру кезеңі. Бізді қоршаған орта: жан –жануарлар мен өсімдіктер,Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам –табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер –Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай,анасын күндей қастерлеу ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы –Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» - деп,бабаларымыз туған жерге , табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман –тоғайларды сақтап,қоршаған ортаның ,өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Оқулықтағы суретте не бейнеленген? Далаға шықтым, жөнелдім, Шаршап талай бөгелдім. Жан — жағыма кенет, Қарап едім не көрдім? Өзен, тау, ағаш, құс, гүл, жануар, аң, адам, күл, бұлт. Осыны бір сөзбен қалай айтамыз? Табиғаттың қандай түрлері болады? Тірі және өлі табиғатқа нелер жатады? Әңгiмелеу Үзілген гүл Бүгін Жамал апай табиғат туралы, оның адамзат үшін маңызы жөнінде әңгімелеген. Гүлмінез сабақтан келе салысымен, асханадан пышақ пен шыны ыдыс алып, үй сыртындағы қыратқа шығып кетті. Біраздан кейін жүзі гүл-гүл жайнап, қайтып оралды. Қолындағы шыны ыдысқа қырдың ақ гүлдерін толтырып жинаған еді. Оларды бақша ішіндегі гүл егетін алаңға отырғыза бастады. Осы кезде үйден шешесі шықты. Қызын бақша ішінде көріп жанына келді. -Қарашы, апа. Мына әдемі бәйшешектерді адырдан қазып алдым. Біздің Жамал апай айтты: «Табиғатты қорғау керек деп... -Сен оларды қорғаудың орнына өсіп тұрған жерінен үзіп әкелдің ғой. -Иә, міне, қарасайшы, тамырлары бар. Қайтадан отырғызып жатырмын. Мен бұларға күнде су құйып күтетін болам. Әйтпесе, далада оларға ешкім қарамайды. Жазға жетпей қурап қалатыны содан... Сен дұрыс жасамадың,Гүлмінез,-деді. -Табиғатта не нәрсенің болса да өз орны заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер- көктемнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан.Бұлар қурағанымен орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де адамға қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы да өніп шығар еді. Ал сен оларды білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғанда, бұл іс болмас еді. Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Келесі сабақта апайынан сұрап алуға бекінді. Мәтін бойынша сұрақтар: 1.Гүлмінез неліктен бәйшешектерді үзіп әкеліп, үйінің маңына отырғызды? 2.Гүлмінездің іс әрекеті туралы не айтуға болады? 3.Анасының «Табиғаттың өз орны, заңдылығы бар» деген сөзін қалай түсінуге болады? 4.Гүлмінездің «Табиғатты қалай қорғаймыз» деген сұрағына қалай жауап берер едіңіздер? 5. Сендер Табиғат - ананың көріктене түсуіне өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер? | Сабақ барысын толықтыру: 5Т ережесін еске түсіру.Оқушы-лар көңіл бөліп тыңдап отырды.
Әңгімеге сұрақтар беру арқылы тақырып талқыланды. |
| Ішкі интеграция 1. Біздің Отанымыздың табиғаты бай және алуан түрлі. Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Адамзат өте ертеден –ақ өз үйінің маңайына ағаш,бұта,гүлді өсімдіктерді отырғызғаны- ақиқат. 2. Өзендер мен көлдердің жағасында орналасқан демалыс үйлері мен сауықтыру орындарында адамдар демалып,денсаулықтарын қалпына келтіреді. Өзен-көл,кең дала мен асқар таулар оған ғажайып көрік беріп тұруы – сүйіспеншілік. 3. Кең –байтақ қазақ даласында астық пен көкөністер өте көп егіледі.Өсімдіктерді,жеміс – жидектерді біз тағам ретінде пайдаланамыз. Көптеген дәрілік өсімдіктер түрлі ауруларды емдеуге қолданылады-дұрыс әрекет. 4. Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістері- ішкі тыныштық. 5. Адам өз жерінің табиғатын жақсы танып – білуі керек. Ол үшін бала күнінен табиғатты зерттеп,оны қалай қорғау керек екенін түсіну тиіс.Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау- қиянат жасамау. Сонымен Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер-ақиқат,адамдардың өз –өздеріне деген көңіл бөлуі,демалыс орындарына демалуы- сүйіспеншілік, өсімдіктерді, жеміс – жидектерді біз тағам ретінде пайдалануы, дәрілік өсімдіктерді түрлі ауруларды емдеуге қолданылуы -дұрыс әрекет,аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалу ішкі тыныштық, табиғатты қорғап,сақтауы- қиянат жасамау. 1.Ақиқат – табиғаттағы аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер бар екендігі. 2. Сүйіспеншілік – өзен-көлдердің ғажайып көрік беруі. 3. Дұрыс әрекет –өсімдіктер мен жеміс-жидектерді пайдалануы. 4. Ішкі тыныштық – табиғат құбылыстарындағы өзгерістердің болуы. 5. Қиянат жасамау- табиғатты қорғау. Үй тапсырмасы: Таулар туралы мәлімет жинап келу. Соңғы тыныштық сәті. Біз адам және табиғат деген ақиқат құндылығымен , риясыз сүйіспеншілігімізді табиғатқа таныта білсек, жауап ретінде жерде бізге өз қамқорлығын көрсетеді, яғни адам баласын барлық қажеттілігімен қамтамасыз етеді. Адамзат Жер анадан алған қажеттілігіне,сыйына рухани-адамгершілік құндылықтар тұрғысынан жауап бере білуі қажет. Біз және біздің болашақ ұрпақтарымыз әрқашанда қоршаған ортаға, табиғатқа, риясыз сүйіспеншілік сезіммен қатар аялы қарым-қатынас жасай білуіміз керек. Өйткені ол біздің Жер ана алдындағы перзентік борыштарымыз болып табылады. Бүгінгі сабақта үйренгенімізді жүрегімізге түйіп алайық. Сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет.Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар. | |