Тақырыбы: Адамдық борышың
Мақсаты:Оқушыларды жақсылыққа, жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға үйрету. Шыншылдыққа, инабаттылыққа, ата-анаға мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты болуға баулу.Оқушыларды имандылыққа, тәрбиелеу.
Бүгін жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Өмірде бұл құбылыстар қатар орын алған. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстаған жөн екендігін дәлелдей түседі.
Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені.
Әдептілік ар-ұят-адамдықтың белгісі.
1-оқу.Бақшаны суарып, келеді су алып,
Қолды жайнатып, самаурын қайнатып.
Үйде де, түзде де қылығы өнеге,
Ұстазы бізге де ұнайды ол неге?
Хор: (Себебі ол еңбекқор бала)
2-оқу. Екі болса алғаны-
Бала ұятқа қалғаны.
Қашқан бала қарыздан-
Су жүрек қой ол жазған.
Хор: (Себебі ол қорқақ бала)
Жақсы,жаман-әдеттер.
1-топ 2-топ
Үлкенді сыйлау Өтірік сөйлеу
Өтірік айтпау Салақтық,еріншектік
Сабақтан қалмау Бұзықтық, сабақтан қашу,
кішіге күш көрсету
Көрініс «Көліктегі тәртіп»
Қатысушылар: Қарт әжей, көлік, Айдос бала.
Сәлеметсіз бе? Әжей?
Сәлеметсіңбе? Балам!
Кешіріңіз, қолыңыздағы сөмкені көтеруге рұқсат етіңіз.
Сонда әжей сөмкесін балаға береді. Айдос сөмкені автобусқа көтеріп мінеді. Балалар әжейге орын бермейді, Айдос достарына ренжиді. Содан әжей бір балаға: балам атың кім?
Жақсылық
Нешінші сыныпта оқисың
Апайларың үлкенге жол беруді үйретпеді ме?
Кешіріңіз ,отырыңыз әжей
Рахмет балам. Өркенің өссін, әрдайым осындай әдепті бол, үлкенді сыйла,-дейді.
Мұғалім: Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы. Кім дейміз?
Хор: Әдепті екен бұл дейміз!
Мұғалім: Таудай биік талабы.
Жақсы оқитын баланы. Кім дейміз?
Хор: Үлгілі екен бұл дейміз!
Ән: «Мен әдепті баламын»
Би: «Өзбекбиі»
Ән: «Болайықшы осындай» әнімен аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Сараптама
Тақырыбы: Адамдық боышың
Мақсаты:Оқушыларды жақсылыққа, жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға үйрету. Шыншылдыққа, инабаттылыққа, ата-анаға мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты болуға баулу.Оқушыларды имандылыққа, тәрбиелеу.
Сынып сағатын әдептілік дегеніміз не деген сауалдан бастап, өздері әдеп туралы мақал – мәтел айтып, мағынасын аша білді. Сонымен қатар әдептілік, ізеттілік жайлы өлең жолдарын оқып берді. Сонымен қатар екі топқа бөлініп, жақсы,жаман әдеттерді санамалап салыстыра білді. Сабақ соңында «Көліктегі тәртіп» атты көрініс көрсетіп, Айдос қандай бала екенін талдап өтті. «Мен әдепті баламын» және «Болайықшы осындай» әнімен сабақты аяқтап, сабақ өз мақсатына жетті.