СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Адамгершілік амандасудан басталады.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Адамгершілік амандасудан басталады.»

Күні: 14.11.16

Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік амандасудан басталады.

Мақсаты: 1. Оқушыларға әдептілік белгісі сәлемдесуден басталатынын түсіндіру, сәлемде де сұлу   сыр бар екенін білдіру.

2. Ойлау қабілетін, сыйластық қасиетін, үлкенге-құрмет, ізеттілігін дамыту.

 3. Адамгершілікке, әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап,әңгімелесу

Көрнекілік: Интерактивті тақта

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

1.танымайтын  көшедегі адамдармен  сәлемдесу

2.Көптен көрмеген досыңмен сәлемдесу

3.10 жылдан  кейінгі  кластасыңмен сәлемдесу.

 II. Кіріспе: Ой шақыру.

" Сәлем" сөзінде қандай сыр бар?

Cуреттермен жұмыс

Оқушылар жауабы: 

1-ОҚУШЫ«Әдептілік сәлемдесуден басталады» дейді дана халқымыз. Амандасу әр халықтың мәдениетінің алғашқы беташары. Амандасу –бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Алғашқы кезде адамдар «Міне, көрдің бе, қолымда дәнеңе жоқ, қарусызбын» дегенді білдіріп, оң қолды көтерген. Осындай ізгі ишара біртіндеп, амандасу рәсіміне айналған. Қазақ халқында амандасу рәсіміне ерекше мән беріледі. Әдетте кіші – үлкенге, аттылы – жаяуға бұрын амандасады.

2-ОҚУШЫ:Мұсылман халқында амандық салты «Ассалаумағалейкум!» деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек. «Сізге алланың нұры жаусын деген сөз». Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып, қос қолын ұсынады. Ал, сәлем алушы қария «Уағалейкумассалам» деп, оң қолын ұсынады. Ол «Алланың рақым нұры маған бір есе жауса, сізге 2 есе жаусын» деген сөз. Осылай қол алысып сәлемдесуден кейін амандасушылар алма-кезек:

- Дені-қарныңыз сау ма?

-Мал-жаныңыз, қора-қопсыңыз аман ба?

- Еліңіз тыныш па?

деген сияқты амандасу сұрағын жалғастырады.

ІІ.Негізгі  бөлім.

1. Амандасу әдебі:

3-ОҚУШЫ:Кез-келген танысу алдымен сәлемдесуден басталады. Әдеп бойынша кісілермен «Сәлеметсіз бе! (саламатсыз ба)», «Амансыз ба! (есенсіз бе)», «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!» деп амандасқан дұрыс. бірақ есіңде болсын әрбір амандасудың өз уақыты бар. Таңғы сағат 6 мен күндізгі 12 сағаттың арасында «Қайырлы таң!», күндізгі 12 сағат пен 18 сағаттың арасында «Қайырлы күн!», ал 18 сағат пен 24 сағаттың арасында «Қайырлы кеш!» деп амандасса, 24 сағат пен 6 сағаттың арасында «Қайырлы түн!» тілеу керек.

4-ОҚУШЫ: Жымию. Өзің ойлап қарашы егер құрбың сенімен тісінің арасынан қабағын түйіп, ернінің ұшымен амандасқанын көзіңе елестетіп көрші, еріксіз  көңіл-күйің түсіп кетері сөзсіз. Сондықтан адамдармен қарым-қатынасыңды ушықтырмай жақсарта түсу үшін олармен жылы жымиып амандас.

Екпін. Ең қарапайым деген «Сәлеметсіз бенің! (саламатсыз ба)» өзін сен амандасқан адам ренжіп қаларлықтай реңкпен айтуға болады. Сондықтан сөзге екпін түсірудің өзі де маңызды болып саналады. Адамдармен жылы ұшырап, өте жылдам да емес, жай да емес анық естілетіндей етіп амандасу керек.

Қимыл (жест). Амандасу түрлі иілумен, бас июмен, қол алысумен, құшақтасумен қошталатыны белгілі.  Амандасқан кезде қолыңды қалтаға,  немесе көзіңді төмен түсіріп  тұруға болмайды. Ғимараттың ішін немесе басқа кіселерге қарап тұрып амандасуға болмайды. Амандасып тұрған кісіңе қарағаның дұрыс болады. Ер адам біреумен амандасқанда қалпағын шешеді немесе оны сәл көтереді. Қысқы бас киім, берет, кепка сияқты бас киімдерді шешпей амандасады. 

 5-ОҚУШЫ:Кім бірінші болып амандасады    

Ер адам әйел адамға, ал ұлдар қыздарға бірінші болып амандасады; 

Жасы кіші жасы үлкенге бірінші болып сәлемдеседі; 

Жасы кіші әйел адам жасы үлкен әйелге, сонымен қатар жасы көп үлкен ер адамға да бірінші болып сәлем береді;

Егер жасы мен дәрежесі бірдей адамдар кездесіп қалса, кім тәрбиелірек болса сол бірінші болып амандасады;

Қызметкер басшысымен кездескенде өзі амандасуы тиіс, егер басшының жасы қызметкерден кіші болса, онда жасы үлкен қызметкерімен өзі амандасқаны дұрыс;

2.Сәлемдесу  түрлері:

6-ОҚУШЫ: Амандасу рәсімінің бірнеше түрлері бар. Қол беріп амандасу, Төс қағыстырып амандасу, қолдан сүйіп амандасу, көзден сүйіп амандасу, иіскеп амандасу, маңдайдан сүйіп амандасу.

7-ОҚУШЫ: Қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бұрып немесе теріс қарап тұрып амандасуға болмайды. Амандасушылар бір-бірінің көзіне тура қарап шын пейілмен, жылы жүзде амандасқандары жөн. Әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес.Қол алысу әрқашанда достықты білдіруге тиіс және екінші адамның қолын ауыртпайтындай етіп қысу керек. Қолды селқос, сұлық ұсынған дұрыс емес.

 Төс қағыстырып амандасу ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын, кездесуге қуанашын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.

3.Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу расімдері.

8-ОҚУШЫ:Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Жаңа Зеландияға сапар шеккен жандар маори халқының "хонги" сәлемдесу рәсіміне куә болады. Бұл сәлемдесудің сан ғасырлық тарихы бар. Бір-бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады. Мұрынмен үйкелесу арқылы олар "ха" рәсімін жүргізеді. "Ха" рәсімі – Тәңірге құлшылық ету.

Жаңа Зеландияға келген кез келген жан ұлысына және жынысына қарамастан, сәлемдескен кезде мұрнымен үйкелесу керек. Бұл заңға тіпті Уильям ханзаданың өзі бағынған.

9-ОҚУШЫ:Моңғолия. Ал моңғолдардың алдымен айтатыны: «Қалай көшіп жатырсың? Қалай қыстап отырсың? Малыңыз қалай?». Бұл жөн сұрасу баршаға ортақ, тіпті көшу дегенді білмейтін, мал ұстамайтын өзге кәсіп иелері, қала тұрғындары да солай амандасады.

10-ОҚУШЫ:Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде қалшиып сәл тұрғаннан кейін, қолын алдымен беліне, одан кейін иіліп тізесіне дейін апарып, сол еңкейген қалпы, мүләйім жүзбен көзін сүзіп қарайды. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.

11-ОҚУШЫ:Қытай  Ерте кезде Қытайда дос-жаранмен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысу болыпты. Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі "коутоу" деп аталадыСәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі "ваньфу" деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады. "Коутоу" дәстүрі аңызға айналған Хуан-ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған.

12-ОҚУШЫ:Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де, "мано по" деп айтады. "Мано" - қол, "по" - құрмет деген мағына береді.

13-ОҚУШЫ:Француздар бірінің-бірі маңдайынан сүйіп амандасады.

Ауғандар алдымен қолын маңдайларына тигізіп, иіліп, ізет жасап сәлемдеседі екен. Олары—«басымыз аман болсын!» дегендері.

14-ОҚУШЫ:Латын Америкасындағылар бір-бірімен құшақтасып сәлемдескен.

Жас американдықтардың аман-сәлемі бір-бірінің иығын қағу болса, өзара мұрындарын сипасып, бірін-бірі иіскеп амандасатын халықтар да бар екен.

15-ОҚУШЫ:Сәлемдесуден соң хал-ахуал сұрасуда орыстар: «Денсаулығыңыз қалай?» дейтін болса, ертедегі мысырлықтар: «қалай, сіз  терлейсіз бе?» дейтін болған.

4. 'Жалғасын тап'ойыны

Әдепті елдің баласы....../Алыстан салем  береді./

Сәлем беру де парыз...../Сәлем алу да парыз./

Сәлем түзелмей...../Әлем түзелмейді./

Әдептілік белгісі-......../Иіліп сәлем бергені./

ІІІ. Қорытынды.Хаттарға жауап.

1. Сәлемі түзу екен дегенді қалай түсінесің?

2. Сыныптағы сәлемдеспейтін оқушыға не айтар едің?

3.  Осыдан қандай қорытынды шығару керек.

Оқушы. Сәлемдесе білу де – өнер. Сөздің басы сәлемнен басталады.

Оқушы. Сәлем беру-өткінші міндет емес, өмірлік міндет.

Оқушы. Сәлемдесуден жалықпайық.

Оқушы. Сәлем беру – кішіліктің белгісі.

Оқушы. Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені.

Мұғалім: Сәлемдесу – ынтымақ, бірлікке шақырады. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық.

Сәлеміміз түзу болсын!

Сәлемдесер адамымыз көп болсын!