СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Адамгершілік - асыл қасиет"

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

5555555555555555555555555555555555555555555555555555555555

Просмотр содержимого документа
«"Адамгершілік - асыл қасиет"»

Тақырыбы: «Адамгершілік- асыл қасиет»

Мақсаты:

оқушы бойына кішіпейілдік, мейрімділік, ізеттілік, сабырлылық,
қасиеттерін, бойына сіңіру арқылы рухани адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру.

Мұғалімі: Маратқызы Ж

Пәні: Сынып сағаты

Сыныбы:5 «а»

Сабақтың түрі: Дөңгелек үстел

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, адамгершілік суреттері, нақыл сөздер, үнтаспа.

Оқушыларды дөңгелек үстел бөлімдерімен таныстыру.

І - Аяқталмаған мақал-мәтел, нақыл сөздер жаттығуы

ІІ - Болашақ журналист

ІІІ - Жақсылық өзіңе қайтып келеді

ІV - Сурет бойынша әңгіме

V - Кел шырқайық

VІ - Қорытынды

І. Аяқталмаған мақал- мәтел,нақыл сөздер жаттығуы

1. Адамгершілік болмай, 
(Әділдік болмас). 

2. Адамның ұяты бетінде , 
(Адамгершілігі ниетінде). 
3. Жақсы ниет – (жарым ырыс). 

4. Кішіпейілділік – (кісінің көркі)

5. Қайырымдылық жасасаң,

(Қайырын өзің көресің).

6. Адам деген (ардақты ат).

7. Жолдас, жолдасқа (қиянат еткен оңбас)

8. «Сіз» - әдеп, «біз» -( көмек).

9. Адалдық: өзі алданса алданар, (өзі ешкімді алдамас)

Балалар осы нақыл сөздердің мағынасына қарап бүгінгі өтіліп отырған іс-шарамыздың тақырыбын тауып көріңдерші.

Осы жаттығу барысында оқушылар тақырыпты өздері табады.

ІІ- Балалар біздің арамызда болашақ журналист бар екен. Ол Асылжан бізден бүгінгі тақырыбымызға байланысты интервию алғысы келеді екен.

Сұрақтар-жауап

  1. Адамгершілік дегеніміз не, қалай түсінесің?

  2. Адамгершілік жасау үшін не істеу керек?

  3. Адамгершілік, ізгі істер жасаған кезің болды ма?

  4. Жақсылық жасау өз борышым деп есептейсің бе?

  5. Өзің жақсы адам болғаң келе ме? Неліктен?

  6. Жақсы адам ел үшін қалай қызмет етеді?

  7. Неліктен «адамгершілік –асыл қасиет» деп айтылады?

ІІІ.Видео: «Жақсылық өзіңе қайтып келеді»

  1. Видио не туралы балалар

  2. Екі бауырдың бойында қандай қасиеттерді байқадыңдар?

  3. Келешекте өздерің ел үшін қандай ізгі істер жасар едіңдер?

ІV. Сурет бойынша әңгімелеу

Суретке қарап әңгіме құрастыру



V. «Кел шырқайық»

Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.



Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар



Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.



VI. «Қорытынды»

Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?». 
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)


«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!