Мұғалім түсіндірмесі Антропология-адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдықжәне рухани қазыналарын зерттейтін кешенді ғылым Антропогенез- адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерінжәне нәсілдік ерекшеліктерін зерттейді Адам-тірі организмдердің тарихи даму кезеңінде ең соңында пайда болған әрі ең жоғары сатыда тұрған тіршілік иесі Адамның шығу тегі туралы алғашқы көзқарастар туралы айтып өту Адамның жанаурларжүйесіндегі орны туралы еске салу Адаммен адамтектес маймылдарды салыстару. Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті. Саналы адам мен адамтектес маймылдардың эволюциялық дамуына тоқталу (G) (f) Топтық жұмыс. Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратып сипаттама береді (постер жасайды). І топ Ежелгі адамдардың негізгі топтарына сипаттама беріңдер. Адам эволюциясында қандай кезеңдерді ажыратады? Синантроптарға сипаттама беріңдер. Архантроптардың қандай топтары тіршілік еткен? Архантроптардың эволюциясындағы бағыттарды атаңдар. Архантроптардың дене құрылысындағы негізгі белгілерді сипаттаңдар. Питекантроптардың қандай белгілері маймылдарға, қандай белгілері маймылдарға ұқсас болған? Архантроптардың жеке топтарының миының көлемінің артуын және соған сәйкес тұрмыс салтын сипаттаңдар. Архантроптардың қоныс мекендері және пайдаланған еңбек құралдары Қазақстанның қандай аймақтарынан табылған? Архантроптардың жеке топтарының қаңқа қалдықтары дүние жүзінің қандай аймақтарынан табылды? ІІ топ Ертедегі адамдардың негізгі топтарына сипаттама беріңдер. қандай топтары тіршілік еткен? Палеонтроптар эволюциясындағы бағыттарды атаңдар. Палеонтроптар дене құрылысындағы негізгі белгілерді сипаттаңдар. Палеонтроптар қандай белгілері маймылдарға, қандай белгілері маймылдарға ұқсас болған? Палеонтроптардың миының көлемінің артуын және соған сәйкес тұрмыс салтын сипттаңдар. Палеонтроптардың қоныс мекендері және пайдаланған еңбек құралдары Қазақстанның қандай аймақтарынан табылған? Палеонтроптардың жеке топтарының қаңқа қалдықтары дүние жүзінің қандай аймақтарынан табылды? ІІІ топ ((G)) (f) Неоантроптарға (Осы заманғы алғашқы адамдар) сипаттау
Адам эволюциясында қандай кезеңдерді ажыратады? Неоантроптарға сипаттама беріңдер. Неоантроптарға дене құрылысындағы негізгі белгілерді сипаттаңдар. Неоантроптарға қандай белгілері маймылдарға, қандай белгілері маймылдарға ұқсас болған? Неоантроптарға миының көлемінің артуын және соған сәйкес тұрмыс салтын сипттаңдар. Неоантроптарға қоныс мекендері және пайдаланған еңбек құралдары қандай? Неоантроптардың қаңқа қалдықтары дүние жүзінің қандай аймақтарынан табылды? G) (f) Әрбір топқа адам дамуы туралы ақпарат ұсынылған. Осы ақпараттар бойынша берілген тапсырмаларына жауап іздейді? Топтар бұл тақырып бойынша берілген мәтіннен білім жиақтайды. Бұл ойлар легі, өзара байланыстар сызбасы немесе плакат болуы мүмкін. Бір топ өз ақпаратын сыныптың басқа бөлігіне береді; басқа топтар ақпаратқа қосымша пікірлерін немесе кез келген дұрыс емес ақпаратқа күдіктерін білдіреді. Ақпараттар: Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады. 1.Ежелгі адамдар (архантроптар), 2.ертедегі адамдар (палеоантроптар) 3. қазіргі адамдар (неоантроптар) Бас сүйек: 1. Дриопитек 2. Аустралопитек (ми көлемі: 450 - 650см3) 3. Питекантроп ( ми көлемі: 750 - 1100см3) 4. Неандерталь адамы(ми көлемі: 1400см3) 5. Кроманьон адамы (ми көлемі: 1400 - 1500 см3) 6.Саналы адам (ми көлемі: 1600см3) Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эйсен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің "Pithekos" — маймыл және "anthropos" — адам сөзінен — алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы (W) Суреттер мен экспонаттарға қарап адамның даму кезеңдерін сипаттайды Топтар бір-біріне түсіндіреді (3 мин) Қорытындылау. Әрбір топтан бір түйінді сөз айту (W) Жаңа сөздермен жұмыс (I) (f) Антропогенез сатылары туралы білімдерін тексеру үшін тест жүргізіледі |