СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Адамның дене мүшелері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Развитие представления о себе. Развитие логических мышлений.

Просмотр содержимого документа
««Адамның дене мүшелері»»


Білім беру салалары: «Таным» 
Тақырыбы: «Адамның дене мүшелері» 
Мақсаты: 
Адам дене мүшелерін, олардың атқаратын қызметтерін үйрету. 
Тілдерін дамыту . Логикалық ойлау қабілетін арттыру. 
Көрнекілік: Адамның дене мүшелерінің суреті, плакаттар. 
Шаттық шеңбері. 
Ғажайып сәт. 
Топқа аю қонаққа келеді. 
-Балалар менің қолымдағы қорапта не бар екенін білесіңдер 
ме? 
-Бірге тамашалайық. 
Кел балалар күлейік, 
Күлкіменен тілейік. 
Күлкі көңіл ашады, 
Күліп өмір сүрейік. 

Балалар аюды қуана қарсы алады. 

-Қорапта не бар екенін білмейміз. 

-Жарайды, бірге тамашалайық. 
Іздену-барлау -Балалар біз денеміздегі мүшелердің аттарын білеміз бе? Қорапта адамның дене мүшелері бар екен.Құрастырайық 

-Мынау не балалар? 
-Қол бізге не үшін керек? 

-Мынау не? 
Бұлар не үшін керек? 

-Балалар адамның дене мүшелерінің барлығының атқаратын қызметтері бар. 
Бір мүше болмаса адам қиналады.Сол үшін біз өзімізді қорғап жүруіміз керек. 
Сақтанып жүру керек. 
Жолда ойнауға болмайды. Дұрыс тамақтану керек, сонда біз ауырмаймыз, деніміз сау болады. 
Күнде жаттығулар жасап, спортпен шұғылдану керек. 
Сергіту сәті: 


-Денеміздегі мүшелерді білеміз. 
-Қорапта қол, аяқ , бас-қуыршақтың дене мүшелері бар 
-Қуыршақты құрастырады. 
-Қолдар, біз қолымызбен қасық ұстаймыз, киімдерімізді киеміз, бетімізді жуамыз. 
-Аяқтар, аяқ бізге жүру үшін керек, жүгіру үшін керек. 

-Иә, біз тамақ ішпесек қарнымыз ашады, ауырып қаламыз. 
Жақсы тамақтансақ ауырмай, мықты болып 
өсеміз. 
Жылы киіну керек, жаттығулар жасау керек. 

Сағаттың тіліндей 
Иіліп оңға бір. 
Сағаттың тіліндей 
Иіліп солға бір. 
Сағатқа карап ап, 
Жаттығу оңай-ақ! 

Рефлексивті 
қорытындылау -Бізге кім келді? -Қолында не бар екен? 

-Сендер нені құрадыңдар? 
-Сендер спорттың қандай түрін жақсы көресіңдер? 
-Деніміз сау болу үшін тағы не істеу керек? 

-Аюмен қоштасайық. 
Белсене қатысқан балаларды мақтау. -Бізге қонаққа аю келді . 
-Аюдың қолындағы қорапшада қуыршақтың дене мүшелері бар екен. 
-Біз қуыршақты құрадық. 

-Футболды, суда жүзгенді, секіруді жақсы көреміз. 
-Деніміз сау болу үшін таза ауада серуендеу керек. 
-Сау бол аю. 
Күтілетін нәтиже: 
Білуі және хабардар болуы: Балалар адамның дене мүшелерінің аттарын, атқаратын қызметтерін біледі. 
Қалыптасқан әдет:Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіне қызығушылық 
танытады.Өз ойларын жеткізіп айта алады.Сұрақ қояды. 
Істей біледі : Балалар дене мүшелерінің қай тұста орналасқанын біледі.