СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Адамның дене мүшелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Барлық оқушылар орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, көрсетеді, қоршаған әлем құбылыстарын атайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, сәйкестендіреді, көрсетеді,  қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді.

Кейбір оқушылар орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, түсіндіреді, көрсетеді, сәйкестендіреді, дәлелдейді, қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді, зерттейді.

Просмотр содержимого документа
«Адамның дене мүшелері»

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 1

Мектеп: Ж.Шайжүнісов орта мектебі КММ

Күні:14.11

3 бөлім: «Тірі табиғат: Адам»

Мұғалімнің аты-жөні: Талғатбекқызы Аида

Сабақтың тақырыбы: Адамның дене мүшелері

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

 

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, көрсетеді, қоршаған әлем құбылыстарын атайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, сәйкестендіреді, көрсетеді,  қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді.

Кейбір оқушылар орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, түсіндіреді, көрсетеді, сәйкестендіреді, дәлелдейді, қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді, зерттейді.

Бағалау критерилері

Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды.

Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды.

Тілдік мақсат

Адамның дене мүшелері

Бас (көз, мұрын, құлақ, ауыз), мойын, иық, дене, қол,саусақтар, аяқ

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Еңбек және шығармашылық

Құрмет

Адамгершілік

Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы

- Дене мүшелерінің сымбатты болуына ықпал ету.

Партада дұрыс отыру;

- Оқу құралдарын қолданудағы қауіпсіздік ережесі

Пәнаралық байланыстар

 көркем еңбек, музыка, математика, дене шынықтыру, ағылшын

Алдыңғы меңгерілген білім

Адамның дене мүшелерін атайды, біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

 

 

 

 

 

 

Амандасу

Шаттық шеңбері

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен,  қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)

(МК) Оқушыларға жаттығу жасатудың алдында бір стақан суды кішкене мөлшермен ұрттап ішкіземін. Оқушыларға мынадай қимылдарды орындатамын:

 1. Оң қолды сол аяққа тигізеді.
 2. Сол қолды оң аяққа тигізеді.
 3. Қолдың саусақтарын айқастырады.
 4. Аяқтарын  айқастырады.
 5. Көзбен шеңбер сызады.
 Оқушылар орындарына отырады.
  -Жарайсыңдар! Өте жақсы көрсеттіңдер.
 Жаттығу жасаған кезде біз:
 - көзімізбен көрдік
 - құлағымызбен естідік
 - қолдарымызды, аяқтарымызды қимылдаттық.
 - Бүгін біз сабақта адамның дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысамыз.

(Ұ) «Сиқырлы қапшық»
Қапшыққа салынған  саны бірдей қызыл,сары,жасыл шенберлер таңдап алуды ұсынамын.
Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)
2-топ: « Ептілер » (сары түсті)
3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)

Шаттық шеңбері

 

 

Пол Эдиссон әдісі



 

Сабақ ортасы 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 



Оқулықпен жұмыс.

(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

  - Неше қолың бар? (Екі қолым бар.)
  - Неше аяғың бар? (Екі аяғым бар.)
  - Мұрын не үшін керек?(Мұрын тыныс алу үшін керек)
  - Саусақтарың нешеу? (Он саусағым бар.)
  - Башпайларың нешеу? (Он башпайым бар.)
  - Қол не үшін керек? (Қол заттарды ұстау үшін, жұмыс жасау үшін керек.)
  - Аяқ не үшін керек? (Аяқ жүру үшін керек.)

(МК.Ұ)

Кітаптан адам сұлбасын көрсетемін. Оқушылар адамның дене мүшелерін атап шығады.

-Міне, балалар, бас, қол, аяқ, тұлғаны- адамның дене мүшелері деп атаймыз.

(Д, Ж) Дәптермен жұмыс

Әр оқушы жеке орындайды және жұпта бірін-бірі тексереді.

Өте жақсы! Жарайсыңдар! (кері байланыс)

Сергіту сәті

Сұлба деп бір нәрсенің бейнесін айтамыз.

(Д, Т) Дәптермен жұмыс

«Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілін қолданамын.

Кімнің сұлбасы?

Тапсырмадағы түрлі кескіндерді анықтап, әрбіреуін түрлі түсті қарандашпен қоршап қояды және кімнің сұлбасы екенін топта талқылайды.

Жауабы: балерина, зілтемірші, боксшы, саңырауқұлақ теруші, шаңғышы, оқушы.

Топтар өзара тексеру жұмыстарын жүргізіп, бағалайды.

(ОТ, Ж) Зерттеу жұмысы.  

Оқушыға қозғалыссыз жатуы керектігін түсіндірдіріп, қалған оқушылар оқушы басынан бастап оның дене кескінін сызады. Оқушылар дайын болған сұлбаға жанына дене мүшелерінің атауы жазылған сөздерді қояды .

Жүйелі жұмыс! Жарайсыңдар!

(МК)«Сен білесің бе?»

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті!

Адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын, сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіріп өтемін.

Критериалды бағалау


Бағалау критерийі:

Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды.

Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін

сипаттайды.

(Д) Тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша қолмен орындалып тұрған әрекеттерді айтып беріңіз.

Аяқтың атқаратын қызметі қандай? Мысал келтіріңіз.

ДескрипторБілім алушы

- суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді әңгімелейді;

- аяқтың атқаратын қызметіне мысалдар келтіреді.

Оқушыларға кері байланыс беремін:

Жарайсың! Керемет!   







Оқулық 32-бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптері,

 20 - бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия «Қимылдар арқылы»

Егер оқушы бәрін түсінсе:

Қолдарын ашып жұмады.

Егер оқушы  әлі де түсінбесе:

Көздерін ашып жұмады.

Егер оқушы түсіндім, бірақ әлі ізденуім керек десе:

Орнында тұрып жүгіреді.

Оқушылар сабаққа кері байланысты қимыл арқылы көрсетеді. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді.

 

 

«Бас бармақ» тәсілі