СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ағаштар бүршік жарды

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы: Ағаштар бүршік жарды

Мақсаты: Ағаштар мен көшеттердің айырмашылықтарын білуге үйрету, алған білімдерін бекіту.

Билингвальдық компонент:  Forest, insects.

 

 

Кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы

кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

(Тәрбиеші орман ханшайымының кейпінде келеді)

-Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманнан сендерге сәлем ала келдім. Менің орманымды көргілерің келеді ме? Орманда неше түрлі өсімдіктер мен жануарлар бар.Қарны ашып аю да ұйқысынан оянып жатыр.Аюға арнап жидектер жасап берсеңдер жақсы болатын еді. Сендерден сәлемде ала барамын орманға.(балалардың жартысын мүсіндеуге отырғызады)

Қазір нағыз сиқыр болады.Орманды көру үшін көздеріңді жұмыңдар.(балалардан көздерін жұмып отыруды сұрайды. Орман құстары сайраған таспаны қосады, арнайы жасалған ширманы қояды)

Айтыңдаршы тұрғыны не

Орманның қалың ең басты.

Тіршілік жоқ оларсыз

Білсеңдер тауып айтыңдаршы.

Дұрыс айтасыңдар ,ал менің патшалығым қалай аталады?(Орман дыбысын үнтаспадан қосады).

-Балалар, ағаш деген не?

-Оның құрамдық бөліктерін айтып берңдерші.

-Сендер қалай ойлайсыңдар ағаш тірі ме?

-Неге?

-Орманда ағаштардан басқа тағы нелер өмір сүреді?

-Олардан ағаш несімен ерекшеленеді?

-Бәрін дұрыс айттыңдар.Ендеше қазір ойын ойнайық.

«Қай ағаштың жапырағы?» дидактикалық  ойын. (Ағаштардың: үйеңкі, емен, қайың суреттері ілінген ширманы немесе панно қояды) Біздің ағаштар жалаңаш тұр екен. Сендер оларды жапырақтарын іліп ,киіндіре қойыңдар.

-Бәрекелді, балалар. Барлық ағашты сәнді киіндіріп қойдыңдар. Ал енді маған айта қойыңдаршы, ағаштар бізге не үшін қажет? Иә, ағаштар –біздің қорғанымыз, біздің ауамызды тазартады, жерімізді көріктендіреді, бізге сая береді.Біз оларды қорғап, күтуіміз қажет.

 

Ал енді барлығымыз дәнге айналайық.

Кіп-кішкентай тұқымбыз,( бүктеліп отырады)

Жылыны жақсы көреміз, (бастарын сипайды)

Көктем шыға тұрамыз. (орындарыан ұрады)

Жер бетіне шығамыз. (жан-жағына қозғалады)

Жайып жасыл жапырақ,(қолдарын екі жаққа жаяды)

Бүршікті біз ашамыз.(Кең құшақ жаяды)

 

Жұмыс дәптерінен тапсырма.(Балаларға тапсырманы түсіндіреді.Екінші топтың жұмысын көреді)

 

 

«Ағашта не тұрады?» дидактикалық ойыны.

-Балалар, біз сендермен серуенге шыққанда ағшты үнемі бақылап жүреміз.Міне, көктем де келді. Қалай ойлайсыңдар ағашты мекен ететін жануарлар мен жәндіктер тағы пайда болды ма екен. Олар нелер еді, есімізге түсірейікші. Қайсы қайда тұрады?

Көрдіңдер ме балалар егер ағаш болмаса қаншама тіршілік иелері үйсіз қалаиын еді.

 

«Көңілді, көңілсіз» дидактикалық ойыны.

-Балалар, қараңдаршы ағаштар көңілді және көңілсіз болады екен.(Екі ағаштың суретін көрсетеді.Бет әлпеті салынған. Бірі-көңілді, екіншісі көңілсіз)

-Біз олардың қай кезде көңілді қай кезде көңілсіз болатынын табайық. (қима кескін суреттер бар столға назар аудартады, тиісті ағашқа орналастыруларын сұрайды)

Сәлемдеседі.

 

 

 

Жидектер мүсіндеуге отырады.Үлгіні қолданады.

 

Әуенді тыңдап көздерін жұмып отырады.

 

 

 

 

Орман екенін айтады.Ағаштың құрлысын ажыратып атап шығады(тамыры, діңгегі, бұтағы т.б) Ағаштардың өсетінін, жапырақ шығаратынын, жеміс беретінін айтады.

Ағаштың бір орында тұратынын, дыбыс шығармайтынын айтады.

 

 

Ағаштардаың әрқайсысының жапырағын тауып жапсырады.

 

 

Өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып жауаптар береді(жиһаздар жасаймыз, отын қылып жағамыз, т.б)

 

 

Қимыл-қозғалысты тақпақ сөзіне сәйке жасап тұрады.

 

 

 

Дербес отырып тапсырманы орындайды.

 

 

 

Ағашта өмір сүретін жәндіктер мен жануарларды, құстарды атап көрсетеді, орнына орналастырады.Олардың зияны мен пайдасы туралы айтады.

 

 

 

Заттар мен жәндіктер және жануарларды, құстарды тиісті ағаш суретінің жан-ждағына орналастырады, себебін түсіндіреді.

Рефлексивті-түзетуші

-Бүгін біз не туралы айттық?

-Оның қандай бөліктері бар?

-Ағашта нелер өмір сүреді?

-Ағашқа қандай күтім қажет, біз оны қалай қорғауымыз керек?

-Не үшін оларды қорғаймыз?

 

Сұрақтарға ойларын қортындылап жауап береді.

Күтілетін нәтиже: Танымдық қызығушылықтары оянады.

Білуі қажет: Ағашта тіршілік ететін жәндіктер мен өзге де тіршілік иелерін, ағаштың бөліктерін біледі.

Игеруі қажет: Ағаш пен онда тіршілік ететін жәндіктер мен жануарлар, құстардың өзара байланысын түсінеді.

Үйренуі қажет: Ағашты күтуді үйренеді, оларға деген сүйіспеншілік сезімдері оянады.