СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ағынды суларды тазалау

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАЛАУ

 

                   Су - Жер бетіндегі маңызды заттардың бірі. Су тіршілік көзі,сусыз өмір жоқ. Судың біздің планетамыздағы тіршілік көзі болып табылуға мүмкіндік беретін, ерекше қасиеттері бар. Қазіргі кезде табиғи сулардың ластану салдарын жою және тазалығын сақтау мәселелері ерекше маңызды болып тұр.[1,4]

Просмотр содержимого документа
«Ағынды суларды тазалау»

Ө. Қанат

«Электротехника колледжі» КМҚК, Семей қ.

Ғылыми жетекшісі - А.А. Ерғалиева, биология пәнінің мұғалімі.


АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАЛАУ.


Су - Жер бетіндегі маңызды заттардың бірі. Су тіршілік көзі,сусыз өмір жоқ. Судың біздің планетамыздағы тіршілік көзі болып табылуға мүмкіндік беретін, ерекше қасиеттері бар. Қазіргі кезде табиғи сулардың ластану салдарын жою және тазалығын сақтау мәселелері ерекше маңызды болып тұр.[1,4]

Ағынды сулардың ластануы табиғат пен оларды ластайтын шикізаттың қайнар көзіне байланысты. Ағынды сулар өндірістік және тұрмыстық деп бөлінеді. Тұрмыстық ағынды сулар көше қалдықтарымен, жуғыш құралдармен, сондай – ақ экскременттармен ластанған. Суда олар суспензиялы қатты және ұшқыш зат күйінде кездеседі. Суспензиялы қатты заттардың басым көпшілігі целлюлоза тектес, ластағыш органикалық компоненттерден, май қышқылынан, көмірсудан, ақуыздан тұрады. Ағынды суларда соңғы аталған өнімдердің ырырауы нәтижесінде жағымсыз иіс пайда болады. [2,5]

Биологиялық әдіс

Бұл әдісте әсіресе тұрмыстық қалдық суларды тазалауға пайдаланады. Органикалық қалдықтар микроорганизмдер көмегімен зиянсыз түрге айналады. 250 мын халықы бар қалаға 15-20 гектар жерге биологиялық сүзгі жасап, астындағы қабатына қиыршықтас немесе ірі құм төсеп үстіне биологиялық заттардан жұқа жапқыш сияқты қабат жасап, оған көзге ілінбейтын ұсақ организмдерді орналастырады. Ластанған суды осы организмдер мен қиыршақ тас қабаттарынан өткізіп тазалайды. [6]                         

Биологиялық тазалау әдісінін екінші түрі –аэротанктер . Олар темір беттоннан сұйық зат құятын ыдыс (резервуар ) түрінде жасалады ,ішіне тұнба балшық , лай салып оттекпен өмір сүретін, көзге ілінбейтін ұсақ организмдерді орналастырып, солар арқылы қалдық суларды ағызып тазалайды

Биологиялық жолмен ағынды суды тазалау үшін ластағыштарды ыдырататын, өздерінің қорректенуіне, өсуіне және көбеюіне пайдаланатын микроорганизмдер немесе оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер қолданылады. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады. [1]

Механикалық әдіс   

Механикалық әдістер- ерімеген қалдықтары бар суларды әртүрлі торлардан, сүзгілерден, электрден өткізіп,бір жерге жинап,тұндыру арқылы тазалайды.[3] 

Химиялық әдіс

Қалдық суларға химиялық реагенттерден қосып еріген және ерімеген заттарды бөліп алу кейбір заттарды ертіп зиянсыз ету арқылы тазалайды.[6]

Физико-химиялық әдіс

Физико-химиялық әдістер ағынды суды майды дисперсті, каллоидтық және еріген заттардан тазарту үшін қолданылады. [6]

Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ағынды су құрамындағы ластағыш заттардың түрі

мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады.[2]


1.Экологиялық биотехнология: ағылшыннан аударма/ К.Ф. Фостер, Д.А. Дж. Вейз. – Л.: Химия, 1990.

Заядан Б.К., Экологиялық биотехнология. Алматы, 2013 жыл
2.Қ.Ә.Әлімбетов. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері. Алматы, Экономика, 2000 жыл
3.А.Баешов. Экология негіздері. Түркістан, Яссауи университеті, 2000 жыл
4.Ә.С.Бейсенова. Экология. Алматы, «Ғылым» ғылыми баспа орталығы.
5.С.Каженбаев. Табиғат қорғау. Алматы, 1992 жыл
6.Ғ.Сағымбаев. Экология негіздері. Алматы, 1995 жыл