Ұйымдас- тырушы- лық- іздіністік | №1 слайд. Балаларға таныс қайың, қарақат бұталары,терек,алма ағашы,итмұрын,бақ-бақ,қызғалдақ суреттері көрсетіледі. -Осы суреттерді бір сөзбен қалай айтуға болады? -Өсімдіктер қандай табиғатқа жатады? -Дәлеледеңдер. Балалар үш топқа бөлінеді. 1-топқа шөптесін өсімдіктің (мысалы, қызғалдақ) суреті беріледі. Тамыры,сабағы,жапырағы,гүлі,тұқымы анық нөмірленіп көрсетілген. 2-топқа алма ағашының суреті беріледі (тамыры,жуан діңі,бұтақтары,жапырағы,жемісі,тұқымы нөмірленіп көрсетілген). 3-топқа итмұрын немесе қарақат бұтасының суреті беріледі(тамыры,бұталары,жапырағы,тұқымы,жетісі анық көрсетілген). -Қолдарыңа берілген сурет бойынша осы өсімдікті жақсылап зерттеңдер. Өсімдік қандай мүшелерден тұрады,ол мүшелері не үшін керек екеніне назар аударыңдар. №2 слайд.Ағаш, бұта және шөптесін өсімдіктің мүшелері көрсетілген сурет. Осы суреттер бойынша балалар салыстыру жұмысын жүргізеді. Өсімдіктің қандай мүшелері барлығына тән екенін айтады.Содан соң айырмашылығын айтады. Ол үшін балалардың назарын ағаштың діңіне аударады. -Ағаштың діңі қандай?Діңіне не тарайды? -Енді ағаш пен итмұрын өсіп тұрған өсімдікті салыстырыңдар. -Олай болса, бірінші өсімдік ағаш деп аталады, ал екіншісі бұта деп аталады. -Осы өсімдіктер мен бақбақты салыстырыңдар. Қандай айырмашылығы бар? -Ал діңі, бұтағы жоқ өсімдіктерді шөптесін өсімдіктердеп атаймыз. Демек өсімдіктер үлкен үш топқа бөлінеді. Олар :ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Билингвальды компонент:ағаштар-даравья, бұта-куст,шөптесін өсімдіктер-травянистые растения. Содан соң әртүрлі өсімдіктердің суреті бейнеленген карточкалар таратылады. Сергіту сәті: Тәрбеледі ағаштар, Алдымнан жел өседі. Кіп-кішкентай ағаштар Биік болып өседі. Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізу. Не екенін тап! дидактикалық ойыны. №3 слайд Өсімдіктер тобының бір-бірінен йырмашылығын көрсететін мүшелері бойынша қандай өсімдік тобы екенін табады. «Бұл өсімдіктің жапырағы бар» Қандай өсімдіктің тобы туралы айтып тұрғанымды табу мүмкінбе бе? «Оның тамыры мен жапырағы бар». Бұл не? «Бұл өсімдіктің қалың қабықпен жабылған жуан діңі, жапырағы , тамыры, бұтағы бар» Осылайша қалған өсімдіктер тобына талдау жұмысы жүргізіледі. Жұпен жұмысы. -Қазір сендер қастарыңда отырған баламен жұмыс істейсіңдер. Сендерге хатқалта беріледі. Оның ішінде суреттердің бөлектері бар.Суреттерді біріктіріп, қандай өсімдік екенін анықтап, оның ағашқа, бұтаға немесе щөптесін өсімдіке жататынын дәлелдейсіңдер. | Балалар алдымен өсімдіктердің атауын жеке-жеке айтады. -Өсімдіктер деп айтады. -Өсімдіктер тірі табиғатқа жатады. -Олар өседі,көбейеді,көректе-неді,тіршілігін тоқтатады. Балалар топта қолдарына берілген өсімдік туралы не білетіндерін ортаға салады. Анық көрсетілген өсімдік мүшелеріне назар аударып,сол туралы сөйлеуге дайындалады. Балалар толық зерттеу жұмысын жүргізіп болғаннан кейін,өсімдік мүшелерінің атауын, атқаратын қызметін шамасы келгенше айтады (тамыры арқылы қөректенеді,су ішеді, қорек сабағы арқылы жапырағына, гүліне барады, гүлде тұқым пайда болады) Балалар зерттеп,әрқайсысы өз ойларын ортаға салғаннан кейін, біреу топ атынан сөйлейді. -Өсімдіктердің барлығында тамыры, жапырағы, гүлі, тұқымы болады. -Ағаштың діңі жуан мықты. Діңінен бұталар тарайды. -Бұл өсімдіктің діңі жоқ, тамырдан кейін жер бетінде бірден бұталар таралып кеткен. -Бақбақтың діңі де бұтағы да жоқ.Оның жұмсақ,иілгіш сабағы бар. Балалар сурет бойынша ағаштар, бұталар, шөптепсін өсімдіктер болып үшке бөлініп тұрады. Ағаштар,бұталар,шөптесін өсімдіктердің атын педагогтің көмегімен атап,өз жерінде өсетін өсімдік атауларымен танысады. Ағаштар:емен,терек,қарағаш,қайың,үйеңкі. Бұталар:итмұрын,қара-қат,долана,қожақат. Шөптер: бақбақ,қызғалдақ,түймедағы, жолжелкен т.б. Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. Барлық өсімдіктердің жапырақтары бар таба алмаймыз. -Бұл-ағаш |