Агрогородок селолық округінің топонамикасы мен ономастикасы
Әр елді мекенінің кешегі мен бүгінгі тарихы, ол өлкеде болған оқиғалар елді мекеннің аталуына себебін тигізбей қоймайды. Жердің тарихын зерттей келе белгілі мөлшерде өлке тарихының сырын, құпияларын зерттеуге болады.
Көптеген жерлердің қиын-қыстау замандарында саяси жағдайларға байланысты өзгеріп кетуі, бұрмалануы бүгінгі күндерде көтеретін мәселе болып тұр.
Топонимика (грекшетопос- жер және онима, немесе онома,- атау) – яғни географиялық атаулар туралы ғылым.
Жергілікті жердің топономикасын зерттеу, сол жердің тарихын зерттеу, ұмыт қалған мәліметтерге сәуле шашуды білдіреді.
Жергілікті топонимдерді зерттей келе тарихқа, елді мекеннің географиялық жағдайына терең үңілуге болады.
Жергілікті елді мекенді географиялық атаусыз, тарихсыз елестету мүмкін емес.
Егер де жергілікті елді мекеннің аты орысша болса, еліміз егемендігін алып, жергілікті жер атаулары түгелдей өзгетіліп, тарихи атаулары қайтарылып жатқанда өз өлкемнің үнсіз жатуы әділетсіз деп санадық.
Біздің өлкеміздің тарихы өте бай. Оны толық зерттеу, зерделеу біздің қолымыздан келмейді. Бірақ «Болмасаң да ұқсап бақ» демекші мен ел сүйер азамат ретінде, жергілікті жердің атын өзгертуге өз үлесімізді қосқымыз келеді.
Топономика ғылымы бойынша елді мекеннің атын өз бетімен, ойдан шығар салу мүмкін емес. Болмайды, оған міндетті түрде тарихи негіз болу керек. Елді мекенге қойылған ат, сол жердің тарихынан, табиғатынан, болған маңызды оқиғаларда еслес, хабар беріп тұруы керек.
Жергілікті жердің аты мекендеп жатқан халық орыс ұлты болғандықтан тұрғын халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет ғұрпына байланысты географиялық атау өзгерген. Өлкемнің тарихы жай және аз мерзімді қамтымайды. Тарихы ауыр және тарихта өзінің аты шулы атымен үлкен із қалдырған. Дегенмен еліміз Тәуелсіз жеріміз дербес сондықтан, ашық айтуға, терең тарихымызға үңілу арқы елді мекеннің өз еншісін алып, тарихи есімін алуға лайық деп санаймыз.
Жер-су атауларын жинау, олардың шығу, пайда болу себебін анықтау, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу бүгінгі күні бізді өте қызықтырады.
Тарихқа әркімнің де бар таласы демекші, бұл жердің де тарихын зерттейтін уақыт келді. Ендігі біздің парызымыз тарихтың мәжбүрлікпен ұмытқанын, тауып есесі кеткен күндердің көсегесін көгерту. Тарихтан белгілі бұл мекенге ертеде отызыншы жылдардың азала көші Карлаг келіп, өзінің жойқын күшімен қайғылы мекенге айналдырған.
«Карлаг далада, Орталық Қазақстанның елсіз мекендерінде құрылды деген дұрыс сөз емес. Лагерьге бөлініп берге ұланғайыр аймақта, қазақтардың, украиндар мен немістердің елді мекендері болатын. Тарихтан белгілі, қазақтар бұл жерлерді ғасырлар бойы мекендеді, ал орыстар, немістер мен украиндар бұл жерге 1906-1910 жылдары қоныс аударған.
Карлаг аумағында 80 мың тұрғын үйі бар 4 мың қазақ киіз үйі, 1200 неміс, орыс, украин үйлері болды. 1930-31 жылдары халықты зорлап көшіру басталды. Бұл операциялар үшін НКВД әскерлері пайдаланды, немістер , орыстар мен украиндер Қарағанды облысының Тельман, Осакаров, және Нұра аудандарына қоныс аударылды. Қазақтар тағдыры ерекше қайғылы болды: лагерге берлген жердің солтүстік бөлігінде халықтың көпшілігі Қарағандыға, оған таяу жерлерге көшті. Бұның барлығы байлар мен кулактарды тәркілеп, олардың мыңдаған малын талан-таражыға салумен тұтас келді. Жинастырылған мал есепсіз болғандықтан талан-таражыға салынды. Оның зардабы 1938 жылғы ашаршылыққа соқтырды, Ежелгі тұрғылықты елді туған жерінен күштеп көшіру барысында сан асырлар бойы атадан балаға мирас ретінде беріліп келе жатқан жер-су атаулары көшкен жұртпен бірге ұмыт бола бастады. Босаған жерге қоныстанған жер аударғандар аталған өңірдегі макро (ірі) топонимдерді ғана қолданыста сақтап микротопонимдерді мүлдем ұмытылып кеткенін Абай ауданы бойынша топонимдерді жинау барысында байқадық» (А,Е, Жартыбаев «Абай ауданының топономикасы» 211-212 беттер)
Асылбек Ешенқұлұлының осы зерттеу жұмысын оқыған көкірегі ояу әр азаматтың ұлтжандық сезімі оянып, мың өліп, мың тірілген халқының қайтпас қайсарлығына тағы бір көзі жетті деймін. Тариха есеміз кеткеннен кейін есені
қайтару біздің үлесімізде, сондықтан жобамның жалғасы осы саладағы зерттеу жұмыстары болмақ. Әрине, бұл үлкен жауапты жұмыс, жұмыс барысында тікелей тарихи негіздерге сүйене отыру керек.
«Атажұрт» факультативі, Мичурин НОМ