ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Бақытжан Меруерт Тұрысбекқызы
ШҚО,Зайсан ауданы,Зайсан қаласы
«М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ
Бiлiм caпасын көтерудің тиімді әдістері
Бүгінгі таңда білім сапасы саласындағы ғалымдар мен мамандардың көпшілігі білім сапасы дегеніміз - бұл білім беру процесінің маңызды қасиеттері, оны жүзеге асыру шарттары мен осы процестің нәтижелері, бұл сапа туралы заманауи ғылыми идеяларға, стандарттардың талаптарына сәйкес келетін және жеке тұлғаның, қоғамның және оның білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын мемлекет пен қоғамның қабілеті деген анықтама береді.
«Білім сапасын арттыру: мақсат және нәтиже» Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - делінген.
Білім сапасы үшін күрес мектептегі жетекші міндет ретінде алға қойылған. Әркім оны өзінше шешудің жолдарын іздейді. Білім сапасы - бұл мектеп оқушыларына оқыту мен тәрбиелеуді қамтитын негізгі міндеттердің бірі: бұл білім, білік және дағдылардың көрсеткіштер жүйесі.
Оқушылардың оқу сапасының көрсеткіші мектептің тиімділігін бағалаудағы бірінші және негізгі көрсеткіш болды және болып қалады, егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет етсе, өркениетке жету үшін жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойылып отырғандықтан, ал ол міндеттерді жүзеге асыру үшін әр ұстаз күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді өз тәжірибесіне енгізе отырып, оқушыға сапалы білім беруді мақсат тұтқан әр мұғалім өз сабақтарында оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырылуын талап етсе, білім сапасы кез келген жағдайда жоғары деңгейді көрсетуі тиіс, яғни білім сапасын арттыру үшін ұстаздар тарапынан жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы қажет.
Оқушылардың білім сапасын арттыру қажеттілігінің негізгі компоненттері:
Білім беру сапасы мектептің ажырамас сипаттамасы, яғни ресурстармен қамтамасыз етілудің, білім беру үдерісінің, білім беру нәтижелерінің нормативтік талаптарға, әлеуметтік және жеке күтулерге сәйкестік дәрежесін көрсетуі.
Білім сапасын бағалау - диагностикалық және бағалау процедураларын қолдана отырып, ресурстармен қамтамасыз етудің, оқу үдерісінің, білім беру нәтижелерінің нормативтік талаптарға, әлеуметтік және жеке күтулерге сәйкестігінің дәрежесін анықтауы.
Білім беру сапасын басқару - бұл білім беру жүйесі жұмысының параметрлерін, оның әлеуметтік-педагогикалық нәтижелерін белгіленген және ұсынылған талаптарға, нормаларға, стандарттарға мейлінше сәйкестендіру үшін білім беру үдерісіне, жүйелі, үйлесімді әсер етуі.
Мониторинг - бұл арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бақылау, бұл білім беру жүйесінің жай-күйі немесе оның жекелеген элементтері туралы, оқушылардың білім қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы ақпарат жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі.
Әр тоқсан сайын сыныбындағы әр оқушының білім сапасының өсуі - ол әр мұғалімнің өз еңбегінің өнімін көру, әр деңгейдегі мұғалімдердің кәсіби және тұлғалық дамуы, кез келген оқушы, ата-ана, әкімшілік алдында мұғалім имиджінің өсуі.
Математик мұғалім алдында «Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін не қажет?» - деген сұрақ туады.
Осы сұрақтың шешімін анықтау мақсатында TAILS сауалнамасы арқылы оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен диагностикалау жүргізуге болады.
Оқушылардың білім сапасын әр жыл сайын көтеру мақсатында мұғалімдерден,оқушылардан,ата-аналардан TALIS сауалнамасы алынуы керек.
Мақсаты: Мектеп мұғалімдерінің,оқушылардың және ата-аналардың берген жауаптары негізінде оқушы білімін жетілдіру, күшті жақтарын жетілдіре отырып, әлсіз тұстарды дамытуға бағытталған жоспар жасау.
Ата-аналардың, оқушылардың басым бөлігі оқу сапасына қанағаттанғанымен,келесі проблемалар анықталуы мүмкін:
Мектепте білім сапасын басқарудың жүйелі тәсілінің болмауы;
Дәстүрлі білімнен арыла алмау;
Білім сапасын арттыруда инновациялық технологияларды тиімді қолдана алмау;
Жекелеген мұғалімдер мен оқушылардың жаңа білім беру мазмұнына бейімделе алмауы;
Оқушылардың бөлім бойынша алған білімдерін БЖБ жазуда, тоқсан бойында алған білімдерін ТЖБ кезеңі барысында қолдана алмауы;
Оқушылардың спиральді ойлау қабілеттерінің баяу қалыптасуы;
Сабақтарда ұстаздардың оқушыларға арналған тапсырмаларының ойлау деңгейлеріне сай құрылмауы;
Жүргізілген жеке жұмыстарда қайталау, жаттау, көшіру әдістерінің қолданылуы;
Ұжымның сапаға ынталандыру үшін істелген жұмыстарының жеткіліксіздігі.
Осы проблемаларды шешу жолы:
Оқытудың сапасын арттыруда оқушылардың мотивациясын тудыру, бірлескен топтық жұмыстарды ұйымдастыру.
Мектептегі мектеп әкімшілігі мен Деңгейлік Бағдарлама бойынша оқып келген І, ІІ, III деңгей мұғалімдерін, бірлестік жетекшілерін және мұғалімдерден құрылған ынталы топты білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарын дамыту.
Басқа мектептердегі әріптестермен желілік қауымдастық құру.
Мұғалімдерді жас ұрпақтың болашағына үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырып, оларды мақсат қою туралы тың идеялармен қаруландыру. Озық технологияны озат тәжірибесіне айналдырып, білім мазмұнын байытуға үлес қосатын әріптестеріміздің қатарын көбейту.
Жеке тұлғаға жаңаша көзқараспен қарап, білім деңгейін ескеріп, үй тапсырмасына деңгейлік тапсырмалар енгізу, білімді өмірге икемдеп беру мақсатын күшейту. Заманауи технологияларды оқу үрдісінде тиімді пайдалану. Тұлғаның пайдасына бағытталған нәтижелі білім беру.
Білім сапасын жүйелі арртыруда нақты мақсат, міндет, бағыттарын айқындай отырып мектепішілік жоспар құру, күтілетін нәтижеге қол жеткізу, білім сапасының моделін құру.
Мақсаты:
Білім сапасын арттыруға жағдай жасау;
Мектепішілік білім беру сапасын басқару жүйесін жетілдіру;
Педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасын дамыту;
Білім беру іс-әрекетінің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған оқушылардың оқуға, өзін-өзі дамытуға, әлеуметтік белсенділікке, шешім қабылдаудағы тәуелсіздікке деген ынтасын арттыру.
Міндеті:
Мектептегі білім беру үдерісіне жаңа білім беру технологияларын енгізу;
Мектепте білім сапасын бақылаудың жаңа моделін әзірлеу;
Бағалау-критерий әдістерін, білім сапасы туралы ақпарат алу әдістерін таңдауды, тестілеуді жүзеге асыру;
Баланың жеке басын зерттеу үшін диагностикалық материалдың ақпараттық банкін құру.
Бағыттары:
Мектептегі білім сапасын арттыруға жағдай жасау;
Мектепте мониторингтің жаңа моделіне өту жағдайлары мен механизмдерін құру;
Білім сапасын бақылаудың жаңа моделін құру;
Білім сапасын арттыру үшін мониторингтік зерттеулерді қолдану бойынша әдістемелік материалдар әзірлеу.
Күтілетін нәтижелер:
Оқушылар арасында білім сапасы артады;
Баланың жеке басын зерттеуге арналған әдістемелік материалдар банкі жинақталады;
Мектептегі педагогикалық кадрларының кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін арттыру механизмі әзірленеді.
Білім сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасау керек.
І. Жалпы білім беру сапасын арттыру;
ІІ. Білім сапасын диагностикалау;
ІІІ. Басқару құжаттарын әзірлеу жұмысы;
ІV.Білім сапасына мониторинг жүргізу;
V.Оқытудың әдістемелік жүйесін жүйелі бақылау «Жалпы және сапалы оқу үлгерімі»;
VІ. Пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, әкімшілік;
VІІ. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін үнемі дамыту;
VІІІ. Білім беру сапасын арттыру бойынша пән мұғалімдерінің оқушылармен жүргізетін жұмыстары;
ІX.Оқушыларға білім беру сапасын арттыру бойынша мектеп мұғалімдерінің ата-аналармен жұмысы.
Білім сапасының моделін құру
Білім сапасын ұйымдастыру жолдары айқындалды:
Педагог кадрлардың сапалық құрамын арттыру.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру.
Мұғалім құзырлығын арттырудағы мектеп жұмысын тиімді ұйымдастыру.
Әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістерін қолдану.
Озат тәжірибелер бойынша тәжірибе алмасу және тарату (заманауи сабақтар, Lesson stady зерттеу сабақтары, командалық сабақтар, шебер сабақтар, тәлімгерлік сабақтар).
Шығармашылық есептер беру.
Әдістемелік апталықтарды ұйымдастыру.
Оқушылардың ғылыми жұмыстары, пәндік олимпиадалар, қашықтық олимпиадалар, конкурстар, интеллектуалдық марафондарға белсенді қатысуы.
Әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өткізу.
АКТ-ны сауатты пайдалану.
Материалдық–техникалық базаны нығайту.
Ата-аналардың әлеуметтік жағдайын жақсарту.
Желілік қоғамдастық орнату.
Оқушының қажеттілігін қанағаттандыру, оқушы үнін есту.
Ата-анамен мектеп арасындағы тығыз байланысты жандандыру.
МІБ арқылы төмен сапаны болдырмау.
Әлемдік стандартты меңгеретін тұлғаны тәрбиелеуде мектептің материалдық–техникалық базасын жақсарту.
Оқушылар санының артуы да білім сапасын көтеруге өз ықпалын тигізді.
Қорыта келгенде,оқушының жеке бойындағы жасырынып жатқан дарындылықты анықтау,олардың жетістіктерін үздіксіз қадағалау - мектептегі басты мәселе, білім сапасын жоғарылатудың таптырмас айғағы және мұғалімдердің сапалық құрамы айтарлықтай жоғары, ал мектептің педагогикалық ұжымы білім сапасын көтеру және ата-аналар мен олардың балаларының қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелерін шешуге қабілетті .
4