СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Аяулы, асыл - жандар" ертеңгілік сценариі. Мектепалды даярлық сыныбы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

мереке сценариі. 8 наурыз мерекесі. даярлық сынып балалрына арналған.

Просмотр содержимого документа
«"Аяулы, асыл - жандар" ертеңгілік сценариі. Мектепалды даярлық сыныбы.»

Балалар музыкамен залға кіреді «Жүректер» биі.

Саян: Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай ,сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Гульсум:

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары

Олай, болса асыл аналар, Ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын. 

Саян: Ортаға тақпақ айтуға балаларды шақырамыз.

(Назым, Айлин, Ернар, Әдия, Данель, Альмансұр, Адилхан)

Гульсум: - Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

  • Дұрыс, айтасыңдар. Бүгінгі мерекемізге бізге қонақ келе жатқан сыңайлы. Кім болды екен?

(Ортаға музыкамен көктем кіреді).

  • Балалар, бұл кім екен? (Көктем)

Көктем: -Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен көңілді көктеммін,

Былтырда келіп кеткенмін

Құшағым гүлге толсын деп

Нөсерімді төгемін. Мен жер жерді аралап, жерді оятып, табиғатты жаңартып келе жаттым. Алыстан сендердің кереме тақпақтарыңды естіп келдім. Барлықтарың қандай әдемісіңдер! Бүгін аналарыңның мерекесіне жақсылап дайындалғандайсыңдар ғой. Маған да арнап ән айтып бересіңдер ме?

  • Иә!

Саян: - Ару көктем, қош келдің, төрге шық! Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз. Біздің балалардың орындауында әнді қабыл ет.

Ән: «Анашым» («Кіршіксіз жүрегінде жас баланың...»)

Көктем: - Керемет ән екен, балалар, көп рахмет сендерге!

Айтыңдаршы, сендер қандай гүлдерді білесіңдер?

  • Бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ, жұпаргүл, нәркес, раушан, түймедағы, меруертгүл.

  • Керемет, көп гүлдерді біледі екенсіңдер. Мен сендерге қызықты ойын әкелдім. Ойын гүлге қатысты болмақ. Ойынның шартын сендер білесіңдер.

Ойын: «Гүл ұсыну» Қатысады: Абира-Ернар, Батырхан –Камила.

Әділхан –Самира, Әділет-Данель.



Гүлсім: - Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Ана бір қолымен бесік тербетсе бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен . Адамға ең қымбатты, ең қадірліғ ең сүйікті жан – ана. Табиғатта көкек деген құс бар. Тек көкек өз балапандарын өсірмейді екен. Сіздердің назарларыңызға көріністі ұсынамыз.

Көрініс: «Көкек ана» Қатысушылар: Назым, Камила, Абира, Батырхан, Альмансұр.

Көктем: Бәрекелді, балалар, сендердің көріністерің мені өте қатты толғандырды. Аналарымызды қадірлейік, бағалайық.

Саян: Көктем , сіз мұнаймаңыз, балалар аналары мен әжелеріне тақпақтарын дайындады. Ортаға балаларды шақырайық.

Тақпақтар: Сабина, Әділет, Дильназ, Зарина, Батырхан, Іңкәр, Әзиз, Танзиля.

Гүлсім: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Мұрат Әділханның орындауындағы «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Ән «Мен бақытты баламын»

Саян: Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?! Ендігі кезекті біз аналарға арналған ойынға береміз. Ортаға аналар шықсын.
Ойын: «Сулу аналар»
 

Гүлсім: Асыл әжем, сәл көрмесем сағынамын,

Асыл әжем, шырағың боп жағыламын.

Жетелеген арманға сенен ыстық жан бар ма?! –демекші, балалардың әжелеріне арналған әні.

Ән: «Әжем»

Саян:

Біз ғана емес қадыр тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Мерекеңмен қасетті аналар! Асыл аналар балаларымыз сіздерге деген ақ тілектерін жолдамақшы қабыл алыңыздар!

Тақпақтар: Зара, Ясмин, Айым, Амина, Самира, Құдайберген, Акрам.

Көктем: -Балалар, өнерлерің керемет екен, мен көңілім құлазып, бір шаттанып қалдым. Көп рахмет сендерге. Менің де жолға аттанар уақытым келді. Басқа жерлерге де барып өз жылы шырайымды шашайын. Сендердің өнерлерің мен аналарыңа деген ілпипаттарың үшін рахмет! Сендерге арнаған сыйлығым бар. Ол сыйлықты апайларыңа табыстайын. Сау болыңдар!

(Көктем кетеді)

Гүлсім:  Аяулы да ардақты аналар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды. Қош сау болыңыздар!

Флешмоб.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!