СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Айгерім дастархан жасады

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Айгерім дастархан жасады»

Ересек «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 29.10.19ж

Тәрбиеші:

«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Нан неден жасалады? »

Тақырыбы: Айгерім дастархан жасады.

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Балаларға астың үлкені нан екенін, дастархан жайғада ең бірінші нан қою керек екенін айту.

2.Дамытушылық:Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

3.Оқыту: Сөздік қорын түрлі сөз топтарына /зат есім, етістік, сын есім, үстеу/ жататын жаңа сөздермен байыту.

Педагогикалық технологиялар: АКТ

Ресурстармен қамтамасыз ету: видео, қызықты слайд, сурет .

Билингвалдық компонент: Дастархан- скатерть.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Тосын сый:

Балаларға көңілсіз қуыршақ қонаққа келеді. Ол балалармен сәлемдеседі, сынған шыны аяқты көрсететеді. -Бәрі түсінікті – сен көңілсізсің, өйткені сен анаңның шыныаяғын сындырып алдың.

Қалай ойлайсыңдар олар неге сынып қалды?

Тәрбиеші қуыршаққа жаңа шыныаяқты ақырын апарып беріп, қасына қоюды ұсынады.

«Дастархан жасайық» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: ыдыс-аяқ

-Балалар, қараңдаршы менің қолтабағымда не бар?

Тәрбиеші заттарды бір-бірлеп көрсетеді.

-Ботқаны қайда құямыз?

-Компотты қай ыдысқа құямыз?

-Үстелге тағы нені қоюды ұмыттық?

-Міне енді біздің қуыршағымыз тамақ жей алады. Қане, оған «ас болсын» деп айтайық.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Кесе, шыны, пияла,

Оларсыз шәй құя ма?!

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз?

Сергіту сәті: тыныс алу жаттығуы "Гүл"

Балалар үйге қонақ келгенде бірінші амандасамыз.Төрге шығарып ,дастархан жаямыз.Ол сыпайылықтың,тәрбиенің белгісі.Дастарханға ең бірінші нан қоямыз. Сосын қалған шай заттарын саламыз.Нан ол қасиетті.Нан бар жерде ән де бар деп айтылған.

Мақал-мәтелдер

1.Дәнді шашпа,нанды баспа

2.Ас атасы-нан

Қорытынды:

-Балалар, тәрелке, қасық, касторөлді бір сөзбен қалай атауға болады?

-Ыдыс-аяқ не үшін керек?

-Ыдыс-аяқты қалай ұстау керек? Неліктен?