Алтын күз
Өтілетін күні: 25.10.2017ж және 26.10.2017ж
Өткізілетін уақыты: 10:00 және 16:00
Жауапты: Муз-жетекшісі Жапархан Н
тәрбиешілер: Халемова К.Е., Рахимова А.Ж.
«Күзгі вальс» музыкасымен балалар келіп, ортаға тұра қалады.
Хор: «Күз ырғағы»
Жүргізуші:
Құрметті Ата-аналар «Келді, міне Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Тақпақтар: балалар
Ислам: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Нұрай: Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Ясмин: Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.
Айсолтан: Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Алима: Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.
Қайсар: Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

Хор: «Күз ырғағы» балаларды отырғызу.
Көңіл музыкасымен (құмырсқа өтіп бара жатады.)
Жүргізуші: Әй, құмырсқа не істеп жүрсін, кел бізбен бірге биле !
Құмырсқа: Менің сендермен ән салып, би билейтін уақытым жоқ, қысқы азығымды дайындап жүрмін.
Жүргізуші: Құмырсқа сен қысқа дайындық азық іздеп жүрсең, біздің балалардың биін тамашаласаң осы жерден саған азық табылып қалар!
Құмырсқа: Онда мен балалармен бірге ойын ойнайын!
Ойын: «Көкөніс пен жемістерді ажырату»
Құмырсқа:Көрдіңдерме балалар! Мен қандай еңбекқормын. Сендерге келіп іздеген азығымды таптым, сендерге мен еңбек туралы мақал-мәтелдерді айтып беремін.
Мақал-мәтелдер.
1.Еңбек-ердің санаты.
2.Білім-ердің қанаты.
3.Еңбек түбі-зейнет.
4.Еңбек-барлығын жеңбек.
Жүргізуші: Ой жарайсың құмырсқа. Сен өте еңбекқор екенсің, біздің балалардың биін тамашала!
Би: «Қолшатыр» биі.

Шегіртке:Мен тондым-тондым (залдын ішін айнала жүгіреді).
Жүр: Шегіртке сен тонып қайдан жүрсің?
Шегіртке: Мен жылы үй іздеп жүрмін, ұйқым келді!
Жүр: Шегіртке сен сабыр сақта, біздің балалармен бірге көңіл көтер, біз саған өнерімізді көрсеткіміз келеді.
Тақпақтар: балалар
Амиржан: Алтын, сары, қызыл,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Нұржігіт: Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгіледі.
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.

Адия: Біреу астық түсіріп,
Біреу бидай ұшырып.
Жатқан мезгіл күз екен
Алдым соны түсініп.
Айзере: Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей.
(ортада шегіртке ұйықтап қалады)
Құмырсқа: Оян досым тез-тез тұр. Бізге азық және жылы үйіміз табылды. Тезірек біреулер азығымызды жеп қоймай тұрғанда үйімізге апарайық. Сау болыңдар балалар! (залдан кетеді)
Жүр: Балалар бізге тағы бір қонақ келіпті, қарандаршы!
Күз ханшасы: Сәлеметсіз бе? Күз ханшасы мерекемізге қош келдіңіз! Біз сізді сағына күттік! -Сіз бізге не әкелдіңіз
(Музыка әуенімен Күз кіреді)
Күз ханшасы: Мен сендердің көңілдеріңді көтеріге келді -сендермен ойын ойнайын. Ойын: «Көкөніс пен жемістерді ажырату» Ән: -«Алтын күз» Би: «Кол шатыр» биі Күз ханшайымы: -Балалар сендерге көп рахмет, күз мезгілі жайлы көптеген өлең шумақтардың, жұмбақтар біледі екенсіңдер, ал ендеше қош-сау болыңдар балалар. Тәрбиеші: -Құрметті ата-аналар, қонақтар, әріптестер күз әрқашан да, өзінің молшылығымен келсін деп, әр отбасына амандық тілейміз. Біздің «Қарлығаш» тобының сіздерге арнаған ертеңгілігі осымен аяқталды, келіп тамашалағандарыңыз үшін рахмет.
