СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Айнамалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер" және "Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. (Қайталау)"

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Айнамалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер" және "Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. (Қайталау)"

Просмотр содержимого документа
«"Айнамалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер" және "Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. (Қайталау)"»

Тексерілді:

Математика

Күні: 9.02.2017

Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Айнамалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

Мақсаты

Білімділік: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуді үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық көзқарастарын жетілдіріп,белсенді жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке, өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Есептер шығару Сабақтың типі: аралас сабақ Көрнекілігі: үлестірмелер

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ жауап

Сәлемдесу рәсімі, оқушыларды түгендеу, сынып оқушылардың назарын сабаққа аударту. Сыныпта псиологиялық ахуал орнату.


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Білім

1) Cанның модулі неге тең?

2) Қандай түрдегі теңдеу бір айнылысы бар сызықтық теңдеу деп аталады?

3) Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуді қалай орындаймыз?

Теңдеулер туралы білетіндерін еске түсірді. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтты.

Түсіну

Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешкенде екі амалмен орындалады. Демек,бұл теңдеудің екі түбірі болады.

Мысалы:1) х-1=2; 2) х-1=-2; 
х=2+1; х=-2+1; 
х=3; х=-1. 
2-мысал. 2│х│-4=│х│+2 
2│х│-│х│=2+4 
│х│=6 
х=6, х=-6. 

Оқушылар айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар ызықтық теңдеуді қалай шешу керек екендігін түсінгендігін білдірді.

Қолдану


Бүгінгі сабақта мына есептерді орындаймыз, №914, №918, №920

№914

  1. ; ; ; ; .

  2. ; ; ; ; .

  3. ; ; ; ; .

  4. ; ; ; ; .

  5. ; ; ; .

  6. ; ; ; .

Оқушылар тақтада және орындарында есептер шығарып көрсетді.

Талдау

(анализ)



Тапсырмасы беріледі. Осы тапсырмаларды орындап болғаннан кейін талдап дұрыстығын тексереміз.

Тапсырмалардың жауаптарын тексеріп, қате кеткен жерлерін түзетеді.

Синтез

Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар беріледі.

1. Модуль таңбасы бар теңдеулер деп нені айтамыз? 

2. Модуль таңбасы бар теңдеулердің неше шешімі болады? Жауаптары: 
1. 1. ах=b түріндегі теңдеу (мұндағы , х –айнымалы, а және b – қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады. 
2.Түбірлері бірдей теңдеулерді мәндес теңдеулер деп атайды. 
3. 1-қасиет. Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді. 
2. Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді. 

Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Үйге тапсырма

№ 916

Оқушылар күнделіктеріне белгілеп алады.

Тексерілді:

Математика

Күні: 9.02.2017

Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. (Қайталау)

Мақсаты

Білімділік: Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу шешу тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеп пысықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық көзқарастарын жетілдіріп,белсенді жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке, өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау Сабақтың типі: аралас сабақ Көрнекілігі: үлестірмелер

Әдіс-тәсілі: Cұрақ - жауап, есептер шығару

Сәлемдесу рәсімі, оқушыларды түгендеу, сынып оқушылардың назарын сабаққа аударту. Сыныпта псиологиялық ахуал орнату.


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Білім

1)Теріс санның модулі неге тең?

2)Қандай түрдегі теңдеу бір айнылысы бар теңдеу деп аталады?

3)Мәндес теңдеулер дегеніміз не? 

4)Теңдеуді шешу дегеніміз не?

5)Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуді қалай орындаймыз?

Теңдеулер туралы білетіндерін еске түсірді. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтты.

Түсіну

ах=b түріндегі теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады. Мұндағы а,b кез келген сан. х-айнымалы.

Оқушылар айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар ызықтық теңдеуді қалай шешу керек екендігін түсінгендігін білдірді.

Қолдану


Бүгінгі сабақта мына есептерді орындаймыз, №922(1),№923(тақ), №925

№923

  1. 3х-15=x+3; 3. 2(x+3)=x+13;

3x-x=3+15 2x+6=x+13

2x=18 2x-x=13-6

x=9 x=7

5. 3(x-2)=x+4;

3x-6=x+4

3x-x=4+6

2x=10

x=5



Логикалық жаттығу

 1. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шапталдан ауыр. Қайсысы ауыр – алмұрт па әлде шаптал ма?   (Алмұрт.)

2. Қаламсап дәптерден қымбат, ал қарындаш қаламсаптан арзан. Қайсысы қымбат – қарындаш па әлде дәптер ме? (Сұраққа жауап беруге болмайды.)

3. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? (48 жұмыртқа.)


Оқушылар тақтада және орындарында есептер шығарып көрсетді.

Талдау

(анализ)



Тапсырмасы беріледі. Осы тапсырмаларды орындап болғаннан кейін талдап дұрыстығын тексереміз.

Тапсырмалардың жауаптарын тексеріп, қате кеткен жерлерін түзетеді.

Синтез

Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар беріледі.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің неше шешімі болады?

Теңделер қайда қолданылады?

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деген не?

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу қалай шығарылады?

Түбірлері бірдей теңдеулерді қандай теңдеулер деп атайды?




Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Үйге тапсырма

№ 922 (2), № 926 (2,4)

Оқушылар күнделіктеріне белгілеп алады.