Күні: 01.10.2016ж.
Сынып: 6 «А»
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.
Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық
Сабақтың мақсаты: АКТ-ны пайдалана отырып, оқушылардың «ақпаратты қорғау», «ақпаратты сығу», архивтеу технологиясы мен вирустан қорғау программасымен жұмыс жасау туралы білімдерін бекіту.
Оқыту нәтижесі:
Архиватор программалардыңтүрлері, вирустанқорғаупрограммасы мен олардыңнегізгіқызметтерітуралытүсінікқалыптастыраотырыпбілімдерінтиянақтапсынитұрғысынанойлауғаберілгентапсырмаларорындату, компьютердееркінжұмысжасауғадағдыландыру.
Негізгі идеялар:
Ақпараттықорғаужәнесығутәсілдерінпайдаланабілу. Сынитұрғысынанойлауқабілеттеріндамыту.
Сабақтақолданылатынматериалдар:
Оқулық, WINRAR/WINZIP архиваторы
Сабақ барысы
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Резервтік (Қорда сақталатын) көшірмені құру үшін немесе компьютерлік желілер арқылы жылдам беру үшін файлдар архиватордеп аталатын арнайы программалардың көмегімен архивтеледі. Программалар –архиваторлар бір немесе бірнеше файлдың орнына бір архивтік файл құрады. Архивтеу компьютер жадында орынды үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар ақпараттарды сенімді сақтау үшін де қажет.
Файлды архивтік файлға жазу процесі архивтеу (буып –түю, сығу), ал файлды архивтен алу- архивтен шығару деп аталады. Буып-түйілген (сығылған) файл архив деп аталады. Ақпараттар көлемі кішірейетін, ал ақпарат саны сол қалпында қалатын әр түрлі архивтеу алгоритмдері бар. Мәтіндік және графикалық файлдар жақсы сығылады, ал іс-жүзінде архивтер файлы сығылмайды.
Кейбір архиваторлар архивтегі файлдарды бұрынғы қалпына келтіру үшін архиватор-программаны қажет етпейтінімен өзгешеленетін, архивтерден арнайы программасыз өзі шығаратын архивтерді құра алады.
Программашылар көптеген әр түрлі архиваторларды құрды, олардың ішінде кеңінен тарағаны WinRar және WinZip, сол сияқты Windows операциялық жүйесіне деректерді Архивтеу қызметші программасы кіреді. Архиваторды таңдағанда олардың әмбебаптығы және сенімділігі басшылыққа алынады, бірақ, әрине, оның негізгі параметрлерін – сығу сапасы және жылдамдығын ұмытпаған жөн.
Архивтерді құру және оларды басқарудың бірден-бір кеңінен тараған әйгілі құралына, орыс тіліне
толығымен көшірілген архиватор WinRar жатады.WinRar RAR және ZIP архивтермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді, жоғары нәтижелі деректерді сығу алгоритмін пайдаланады, көптомдық және архивтен өзі шығаратын архивтерді ( SFX, ағылшын тілінде Self-extracting) құрады және т.с.с.Көптомдық архивтер –бірнеше бөліктен тұратын архивтер. Жалпы томдар үлкен архивті бірнеше дискетада немесе басқа сменалық тасушыда сақтау үшін пайдаланылады.
Windows үшін WinZip программасы архивтік файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кең тараған архиватор болып табылады.
Компьютерлік вирустардан қорғау
Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерлік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.
Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін. Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:
Файлдық Жүктейтін (загрузочный) Макровирустар
Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізіліген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады. Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.
Компьютерді және файлды сақтау үшін пайдаланушы компьютерлік вирустардан қорғанудың негізгі әдістерін білу қажет.
Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын-оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар
Жаңа тақырыпты бекіту
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Ақпаратты қалай сығамыз?
Мекендеу ортасына қарай вирустарды қалай бөлуге болады?
Вирус дегеніміз не?
Компьютерді вирустан қалай қорғаймыз?
Сабақты қорытындылау
Оқушыларға баға қою.
Үйге тапсырма: Тырыпты оқып келеміз?