СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ақпараттық технология арқылы интерактивтік тақтаны қолданып оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Категория: Право

Нажмите, чтобы узнать подробности

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ИНТЕРАКТИВТІК ТАҚТАНЫ ҚОЛДАНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

 

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» -деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондық-тан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқы-туға пайдаланады.Қазіргі уақытта гуманитарлық бағытта-ғылыми білім беруде сабақ барысында интерак-тивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің,оқытушының шығармашы-лықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр

Просмотр содержимого документа
«Ақпараттық технология арқылы интерактивтік тақтаны қолданып оқушылардың таным белсенділігін арттыру»


АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ИНТЕРАКТИВТІК ТАҚТАНЫ ҚОЛДАНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ



Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» -деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондық-тан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқы-туға пайдаланады.Қазіргі уақытта гуманитарлық бағытта-ғылыми білім беруде сабақ барысында интерак-тивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің,оқытушының шығармашы-лықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарлама-сы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады.

Білім берудегі интерактивті технология-мұндағы интерактивті сөзі-inter(бірлесу), act(әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес,бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті тақта(ИТ)-бұл компьютердің қосымша құрылғылардың бірі және де дәріс берушіге не-месе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін:ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақта-сын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар.

Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқытушылардың қызығушы-лықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу,CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интерактивті құралдарды сабақта пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмек-теседі:

-пән бойынша базалық білімді меңгеру;

-алған білімді жүйелеу;

-өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

-жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

-оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және ви-деоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін артады.

Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты, әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйе-леуге жұмсайды.

Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет». Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық техно-логияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Білім берудің ақпарттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпарттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды:

-оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материал-ды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану.

-оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютер-лік ойындар және т.б.)сабақта жиі қолдану.

-проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

-жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия-технология,интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.

Сабақ материалдары ағылшын тілі сабағында презентация немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайта-лап қолдана алады.

Мұғалім алдын-ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағыт-талған тапсырмаларды орындауға береді.Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивті тақтаны пайдаланады. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандарын көңілін бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.

Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақты екпіді түрде өзгертуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орын-даған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын-ала дайындалған оқу материалдары-презентциялар, мәтіндік,графикалық, ақпараттық объектілер –сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақ-таны пайдаланған тиімді.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты-оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптасты-руда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компью-терлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапа-сын көтеру.

Еліміздегі саяси әлкуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техникамен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнын-да түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарларға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.

Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттан-дыру ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық-технологиялық дамуға және оның қарқынына экономикалық жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдас-тықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпарат-тық-телекоммуникациялық технологиялар маңызды роль атқарады.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

Колледждің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте гуманитарлық бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып,білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлкмдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабі-леті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болғандықтан, тек ойлау қабіле-ті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы дейгейде болады.

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.

2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.

3.Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзеуге болады.

4.Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.

5.Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

6.Сабақтың өнімділігі артады.

7.Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан интерактивті құралдарды қолданып отырмыз. Бұл-біздің Қазақстанның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылы-ми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.

Гуманитарлық-ғылыми білім беруде интерактивті құралдарды қолданудың білімді игертуде оқушы-ларға берері көп. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолда-ну мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкінші-ліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.


Әдебиеттер

1. Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (Ел президентінің халыққа жолдауы) 2007ж.

2. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Ел президентінің халыққа жолдауы, Астана-2006ж.

3.Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі «Информатика негіздері» 2008ж.-№4 Ж.Садыбекова

4.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы

5.Информатиканы оқытуда интерактивті тақтаны қолдану «Информатика негіздері» 2008ж.-№5




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!