СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ИНФОРМАТИКА П?НІН О?ЫТУ

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?рімізді б?гінгі та?да ала?дататын м?селе – жас ?рпа?ты? сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.?.Назарбаев ?аза?стан хал?ына Жолдауында «Біз б?кіл елімізде ?лемдік стандарттар де?гейінде сапалы білім беру ?ызметіне ?ол жеткізуге тиіспіз. ?азіргі та?да а?паратты?-коммуникациялы? технологиялар бізді? елімізде де жо?ары ?ар?ынмен дамып келеді. Білім беруде жа?а технологиялы? ?дістермен ?атар жа?а а?паратты? технологияларды да ?олдануды? м?мкіндігі жасалып отыр» деген болатын.

Білім сапасын жо?арылату, оны жеткілікті т?рде арттыруда жа?а а?паратты? технологияларды ?олданусыз, заманауи телекоммуникациялы? ??ралдарды пайдаланусыз м?мкін емес. Заман талабына сай о?ытуды? жа?а ?дістерін, я?ни а?паратты?-коммуникациялы? технологияларды толы? ме?герген педагог..........

АКТ ар?ылы жалпы о?ыту ?рдісіні? функциялары: о?ыту, т?рбиелеу, дамыту, а?паратты? болжамдау ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін дамытумен аны?талады. А?паратты?- коммуникациялы? технологияларды пайдалану ар?ылы о?ытушы о?ушыны? интелектуалды?, рухани азаматты? ж?не ............

Информатика саба?ымда а?паратты?-коммуникациялы? технологияларды пайдануды? негізгі ма?саты:

  1. А?паратты? технологияларды ?олдана отырып о?у- т?рбие процесіні? барлы? де?гейін жетілдіру, о?у-т?рбие ж?мысына жа?ашылды? енгізу:
  • саба?ты ?ызы?ты етіп ?тікізу ар?ылы о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру;
  • білім сапасыны? к?терілуіне жа?дай жасау;
  • о?ыту процесіні? сапасын арттыру;
  • п?наралы? байланысты тере?дету;
  • ?ажетті а?паратты іздеуді о?айлату ж?не к?лемін ?л?айту.
  1. Білім алушыны заман талабына сай жан-жа?ты дамыту, а?паратты? ?о?амда ?мір с?руге икемдеу, даярлау:
  • коммуникативтік ?абілеттерін дамыту;
  • ?здігінен ізденуге, шешім ?абылдай білуге ба?ыттау;
  • компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді к?рсету, саба??а байланысты музыкаларды ты?дату ар?ылы эстетикалы? т?рбие беру;
  • п?наралы? байланыс орнату;

Ø а?паратты? м?дениетін ?алыптастыру, а?паратты ??дей білуге ?йрету.

?з саба?ымда к?нделікті жа?а та?ырыптарды АКТ- ны пайдалана отырып т?сіндіремін. Мысалы, интерактивті та?та, электронды? о?улы?, интернет желісін к?нделікті саба?та ?олданамын. 

Жо?арыда атал?андарды ?орытындылай келе, мынадай т?жырымдама жасау?а болады:

- Білім беру мекемелерінде ?азіргі заман?а сай жа?а а?паратты? ??рал-жабды?тармен,...... 

Просмотр содержимого документа
«А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ИНФОРМАТИКА П?НІН О?ЫТУ»

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ



«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»

(Н. Ә. Назарбаев)

Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар біздің елімізде де жоғары қарқынмен дамып келеді. Білім беруде жаңа технологиялық әдістермен қатар жаңа ақпараттық технологияларды да қолданудың мүмкіндігі жасалып отыр» деген болатын.

Білім сапасын жоғарылату, оны жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес. Заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

Білім алушының қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Бүгінгі балалардың мақсаттары, құндылықтары мен идеялары бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені, өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.

Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар іздемпаз, тапқыр, ой- өрісі жоғары, өз пікірін ашық, айқын білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы- қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық–коммуникациялық технологияларды пайдалану маңызды болмақ.

Технологиялық оқыту білім алушыларды белсенді жағдайда қойып, оның субьектілігін қалыптастырады және шығармашылықтарын тудырады. Әсіресе, ақпараттық дәуірде технологияның қолданылуы ерекше.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияға тоқталатын болсақ, коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы- қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады. 

АКТ арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқытушы оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқада адами қасиетін қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.

Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген заманда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы ғылымның кез - келген саласын қарқынды дамытып, одан тиімді нәтиже алуымызға болады.
Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану өте тиімді. Информатика сабағымда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайданудың негізгі мақсаты:

  1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу- тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:

  • сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

  • білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;

  • оқыту процесінің сапасын арттыру;

  • пәнаралық байланысты тереңдету;

  • қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.

  1. Білім алушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау:

  • коммуникативтік қабілеттерін дамыту;

  • өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;

  • компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;

  • пәнаралық байланыс орнату;

  • ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.

Ақпараттық – коммуникациялық технологиямен жұмыс істеу — компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. «Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің оқытушы үшін тиімділігі неде?» деген сұраққа тоқталатын болсақ:

 жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;
 білім алушы өз бетімен жұмыс жасайды;
 аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
 білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
 шығармашылық жұмыстар жасайды;
 қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
 қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;
 интернетте жұмыс жасау арқылы оқытушы өз білімін жан-жақты жетілдіреді;
 оқыту үрдісінде білім алушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;
 оқулықтантардан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б.

Өз сабағымда күнделікті жаңа тақырыптарды АКТ- ны пайдалана отырып түсіндіремін. Мысалы, интерактивті тақта, электрондық оқулық, интернет желісін күнделікті сабақта қолданамын. 

Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, мынадай тұжырымдама жасауға болады:
 Білім беру мекемелерінде қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен, интерактивті тақталар және мультимедиялық кабинеттерді пайдалана отырып, кез-келген пән бойынша электрондық оқулықтармен жұмыс жүргізу ;
 АКТ-ны пайдалана отырып, оқушыларды өз бетінше ізденуге машықтандыру;
 Сабақты қазіргі заман талабына сай өткізу;
 Әр оқушының ақпараттық техника құралдарымен жұмыс жасауларына мүмкіндік тудыру.

Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет.

Мұнан шығатын қорытынды: бұл әдісті тек кана информатика пәнінде емес, кез келген пәнде еркін пайдалануға болады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру //Информатика негіздері. -2006. -№3 (27).-Б. 2-4

  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. — Алматы. «Білім баспасы», 1998.
    Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т.

  3. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.

  4. “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!