АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Бақытжан Гүлзат Оңғарқызы
Джумадилова Ардақ Қаратайқызы
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі делінген. Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ақапараттық технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады..
Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді.Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде.
1. Тренажер-бағдарламалар іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және бекіту үшін тағайындалған және де оқытылатындардың өздерін дайындау үшін. Бұл бағдарламаларды қолданған кезде, оқитындар теориялық материалды біледі деп жорамалданады.
2. Бақылаушы бағдарламалар - нақты білім немесе іскерлік деңгейін бақылау үшін тағайындалған. Белгілі, оқитындардың білімін бақылау өзімен ең бір маңызды және сол уақытта ұйымдастыру мінездемесі бойынша және зерттеудің теориялық деңгейі бойынша оқыту үрдісінің ең бір нашар тізбегін ұсынады. Қазіргі бақылау формалары мен әдістердің негізгі кемшілігі мынада: олар көп жағдайларды, қажетті тұрақтылықты және оқу ақпаратын меңгеру сапасындағы бағаның инварианттылығын және де осы бағаны, ақиқат білім деңгейінің адекваттығын қамтамасыз етпейді.
3. Жаңа түсініктерді меңгеру артықшылығымен бағдарланған тәлімгерлік бағдарламалар. Бұл бағдарламалардың көмегімен оқыту диалог формасында жүргізіледі, бірақ үлкен бөлікте диалог оқытылатынның немесе түрлендіру жауабы негізінде құрастырылған фактілік диалогты құрайды.
4. Көрсетуші бағдарламалар оқу материалын көрнекі көрсетуде бейнелеп түсіндіру үшін тағайындалған. Оқытушы жаңа материалды түсіндірген кезде көрнекі құралдар ретінде компьютерді табысты қолдана алады. Оқу үрдісін интенсификациялау кезінде диалогты немесе интербелсенді графикада көрсетуші бағдарламаларды қолданудың үлкен мүмкіндіктері бар.
5. Ақпаратты-анықтамалық бағдарламалар қажетті ақпаратты шығару үшін тағайындалған.
Бұндай бағдарламаларды қолдану кезінде абстрактілі түсінік нақты болады және оқытылатындардың арқасында жеңіл қабылданады. Одан басқа оқушылар жай массивті ақпаратты есте сақтауға қарағанда материалды белсенді меңгерген жағдайда көп білім алады.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқыту:
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
- бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
- мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
- бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;
Қорытындылай келе біздің мақсатымыз қазіргі заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу, оларды «оқи» білуге үйрету, стандартты емес жағдайлардан шыға білуге үйрету, қашықтан оқытуға үйрету, көп материалды аз уақытқа қабылдай білуге үйрету. Осылардың бәрін іске асыру үшін жаңа технологияларды сабаққа қолдана білу әрбір мұғалімнің міндеті. Білім беруді аталған оқыту технологиясы негізінде ұйымдастыру – оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
«Информатика негіздері» журналы. №1, 2012
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту»
Ғылыми-әдістемелік журнал, №5-2009 ж
Б.Б. Аккуланова «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін котеру».