Информатика 7 – сынып Мұғалім: Талибаева Б.П.
1 – бөлім | Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жад |
Сабақтың тақырыбы | Ақпараттың өлшем бірліктері |
Сабақтың мақсаты | Ақпараттың өлшем бірліктерін атау |
Оқу нәтижелері және жетістік өлшемдері |
Барлық оқушылар | Ақпараттың өлшем бірліктерін біліп, айта алады |
Оқушылардың басым бөлігі | Ақпараттың санын анықтай алады |
Оқушылардың кейбіреуі | Копьютерде ақпараттың көрінісін талдай алады |
Тілдік мақсаттар | Ақпараттың өлшем бірліктерін бір-бірінен ажыратып, түсіндіре алады |
Түйін сөздер және сөйлем | Ақпараттың өлшем бірліктері.... Единицы измерения информации Units of information |
Пәндік лексика және терминология | Ақпараттың өлшем бірліктері.... Ақпарат саны..... Бит – бұл... Ақпараттық көлем... |
Алдын ала алынған білім | Ақпарат ұғымы, ақпараттың өлшем бірліктері |
Оқу ресурстары | Оқулық §1.1. www.e.edu.kzЦРБ «Информатика» http://www.youtube.com/watch?v=gQxXkPhrHdc ақпараттың өлшем бірліктері туралы бейнесабақ |
Қолданылатын стратегиялар | «Қошемет жаса», «Жетістік», «БББ: білемін, білгім келеді, білдім» рефлексиясы, |
Сабақтың барысы |
Сабақ кезеңдері | Уақыты | Жоспарланған іс - әрекет |
І. өзектілігі | Топқа бөлу | 2 | Оқушылар шеңбер бойымен 1, 2, 3, 4 деп санап, топқа бөлінеді. Әрбір топ «Топта жұмыс жасау ережесін» жасайды. |
Ой қозғау | 5 | Сынып оқушылары мен мұғалімнің сұқбаты: ұзындықтың өлшем бірлігін атаңдар ақпаратты өлшеуге болама? (Иа) Ақпаратта өлшенеді. сабақтың тақырыбы: Ақпараттың өлшем бірліктері. |
Мақсатты тұжырымдау | 3 | «БББ» стратегиясы. «Білемін» бағанын толтырады. Оқушылар «Білгім келеді» бағанын толтырады. |
ІІ. Ұғыну | Сабақтың негізгі бөлімі | 10 | (Мтүс) Презентация бойынша кумулятивті әңгіме жүргізу. Бағдаршам. қызыл/жасыл Лифт. бос емес /бос Қол. көтерілді / түсірілді. Есік. ашық / жабық Бұл мысалдардан біз ақпаратты аламыз немесе жібереміз. Компьютерде бит өлшем бірлігі қолданылады. Байт = 8 бит және т.б. Оқушылар жұпқа бөлініп, оқулықтан мәтінді оқиды. Бірнеше минут ішінде «Білдім» түйінді сөзді толтырады. Оқушылардың барлығы «білгім келеді» бағанын толтырады |
Бекіту | 15 | (С) Оқулықтағы тапсырманы бірге орындаңдар: 100 беттен тұратын кітапты алайық; әрбір бетінде – 35 жол, әрбір жолында – 50 символ бар. Кітаптағы ақпараттар көлемін есептейміз: кітаптың бір бетінде 35*50 =1750 байт ақпарат бар. Кітаптағы барлық ақпарат көлемі қандай? (түрлі бірліктерде Кбайь, Мбайт). Жауабы: 1,7 Кбайт Өз есімдеріңді жазыңдар. Оның ақпараттық көлемін тауып, бит өлшеміне айналдырыңдар. Мысалы, Арман – 5 символ, 1 сивол 1 байтқа тең болса, онда 5*1 = 5 байт, 5*8=40 бит; «Астана – Қазақстанның астанасы» сөйлемін жазыңдар. Оның ақпараттық көлемін тауып, бит өлшеміне айналдырыңдар. Жауабы: 30 байт*8 = 240 бит; Ақпараттың көлемі 200 байтқа тең мәтінді компьютерге қалай еңгіземіз? (жауабы: 200 символ теру) ; Не үлкен: 1000 байт па әлде 1 килобайт па? Не үлкен: 5150 байпа әлде 5 килобайт па? 49152 битті байтқа және килобайтқа аударыңдар. Жауабы: 6144 байт, 48 Кбайт; Ақпаратты беру жылдамдығының ең кіші өлшем бірлігін бит/с деп аламыз. Есеп. Стенографист минутына 480 символ жазады. Жазу жылдамдығын байт/с, бит/с – та анықтаңдар. Жауабы: 8 байт/с, 64 бит/с. |
ІІІ.Қорытынды | Үй жұмысы | 1 | «Ақпараттың өлшем бірліктері» тақырыбын оқу және оқулықтағы 3 тапсырманы орындау. |
Бағалау | 2 | Топпен жұмыс жасау кезінде әрбір оқушының жеке үлесі бағаланады (өзін – өзі бағалау және өзара бағалау). |
Рефлексия | 2 | «Жетістік» сратегиясы: мен жетістікке жеттім... мен бұдан жақсы жетістіктерге жете аламын, егер .... егер мен басынан бастай алсам, онда ..... |