СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Академиялық адалдық үздік білім алудың шарты»

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
««Академиялық адалдық үздік білім алудың шарты»»







КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТЫҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ


КЕЛІСІЛДІ:


Аға педагог-ұйымдастырушы-куратор

Айтмагамбетова А.С._____________

«___»_____________2018 жыл

БЕКІТЕМІН:


«Павлодар қ. Химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мекетбі» филиалы

директорының ТЖЖ орынбасары

_____________ Акшулакова Б.К.

«___»________________2018 жыл



Сынып/Шаңырақ/Топ


10 В

Қатысқаны/

Қатыспағаны

Өткізу орны

Күні

Уақыты

Куратордың аты-жөні






Педагогтың кәсіби дамуының мақсаты

Рухани адагершілік құндылықтары арқылы балалардың бойында тұлғалық қасиеттерін дамыту


Сабақтың тақырыбы

«Академиялық адалдық үздік білім алудың шарты»

Сабақты өту формасы


Сұрақ жауап

Жаңа ақпаратпен танысу

Сабақтың мақсаты

  • Кез келген бағалау жұмыстары кезінде тәртіпті сақтау. Бағалау жұмыстарына қалыптастырушы және қорытынды жұмыстарының, жобалау жұмысының кезкелген түрлері, кеңейтілген эссе, жеке жоба, әлеуметтік жоба, Таным теориясы пәні бойынша эссе мен презентациялар, CAS жобасы  бойынша жұмыстар, бақылау және қорытынды жұмыстары жатады.

  • «Сенімді» жұмыс жасау және  зияткерлік меншіктің барлық түрлерін, шығармашылық және зияткерлік көзқарастарының барлық түрлерін, сондай-ақ патенттер, тіркелген жұмыс үлгілері, фирмалық белгілер, рухани және авторлық құқықтарын қоса қорғау.

Күтілетін нәтижелер

Кейбір оқушылар біледі/қабілеттері бар:

Мақсат қоя біледі,мақсатқа жете алады.

Көп оқушылар біледі/қабілеттері бар:

Жетістікке жету үшін мақсат қоя алады.

Барлық оқушылар біледі/қабілеттері бар:

Тақырып бойыншы жалпы түсініктері қалыптасқан

Құндылықтар

«Мәңгілік ел»


Жауапкершілік;функционалдық сауаттылық;өмір бойы оқу

Физикалық-психологиялық тәрбие

НЗМ ДББҰ


Төзімділік, жауапкершілік

NIS Programm


Ынтымақтастық

НЗМ ДББҰ жобалары



«Туған елге тағзым» экскурсиялық және жергілікті экспедициясы

Қабілеттер

Тілдік

Жазу, сөйлеу дағдылары


Зерттеушілік

Ақпаратты ғаламтордан іздеу


Пәнаралық байланыс, алдыңғы тақырыппен байланыс

Тарих

Құрал-жабдықтар


Интерактивті тақталар, ноутбуктар


Уақыт


Сабақтың барысы

Қолданылатын ресурстар

Ұйымдастырушылық кезең

7 мин

Куратор: Сәлеметсіңдер ме оқушылар! Бүгінгі біздің тақырыбымыз "Академиялық адалдық үздік білім алудың шарты”

Ынтымақтастық атмосферасы: Шаттық шеңберіне тұрып, баяу музыка сазымен, көздерін жұмғызып, тәтті қиялға берілу. Қиялдарымен бөлісу. Қиялдарың өздеріңе қанат бітіріп, армандарыңа жетіңдер- деп сабаққа сәттілік тілеймін.

(Музыка ойнатқыш баяу әуен)



Негізгі кезең


6 мин






10 мин





5 мин






7 мин



Академиялық адалдық үздік білім алудың шарты - Авторлық түпнұсқа мен материалға меншіктілік құқығын толық көрсету.






Видео бейнені көрі, талқылау.




Видеоны көріп, талқылау.


  • Балалар істегіні дұрыс па ?

  • Сендер осындайды істей аласыңдар ма ?

  • Неліктен балалар осындай жағдайларды істейді?


Видео көру, талқылау



https://www.youtube.com/watch?v=---ifxZStMw







https://www.youtube.com/watch?v=S8dfTdcSNLc




https://www.youtube.com/watch?v=YpnAS41ktPU






Қорытынды кезең



10 мин

Академиялық адалдық түсінігі өте қарапайым: ол академиялық жұмысты адал орындауды, яғни басқа оқушылардың жұмысын көшірмеуді және  пайдаланбауды қарастырады.  Егер оқушы (мұғалім) басқаның сөзін, жұмысын не идеясын пайдаланса, сәйкесінше тиісті хабарлама ұсынылуы қажет.

Бұл тармақтар сапалы жұмыс істеудің негізі болып табылады. Аталмыш құжат Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ережелерін бекіту, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары арасында академиялық адалдықты сақтау және плагиатты болдырмау мақсатында жасалды.

Аталған құжат мектеп қауымдастығының барлық қатысушыларына: мектеп әкімшілігі, координаторлар, мұғалімдер,  ата-аналар мен оқушылар үшін басты нұсқаулық болып табылады.