АКДС ВАКЦИНАСЫ
АКДС вакцинасы- ең
бірінші рет
шетелде 40- жылдардың
соңында қолдана бастады.
АКДС- вакцина өлтірілген
көкжөтел микробынан,
тазаланған сіреспе
дифтерия анатоксинінен
тұрады. Өкінішке орай,
кейбір балалар АКДС
екпесіне өте күшті
патологиялық реакция
береді. Дегенмен, сіреспе
және дефтерия ауруларын
Алдын алудың өмірлік
маңызы бар. Сезімтал және
әлсіз балаларды инфекциядан
сақтау үшін шығарылған.
Көкжөтел – жедел таралатын,
көбінесе, 8 жасқа дейінгі балаларда
болатын жұқпалы ауру. Аурудың
қоздырғышы қысқа таяқша тәрізді
бактерия. 1906 ж. Көкжөтелді
белгиялық ғалым Ж. Борде ашқан.
Қоздырғыш бактериялар науқас
бала жөтелгенде оның демі мен
қақырығы арқылы тарап, сау
балаға жұғады. Бактериялар
баланың тыныс органдарында
өсіп-өнеді. Ауру қоздырғышы
сыртқы ортада төзімсіз, бірақ ол
өте сирек те болса сырқат баланың
тұтынған заттары арқылы жұғуы
мүмкін. Көкжөтелмен бір рет ауырған
бала қайталап ауырмайды, өйткені
аурудан кейін организмде тұрақты
иммунитет пайда болады.
Дифтерия - көбіне бактериялар
тобының Леффлер бактериясымен
қоздырылатын, ағзаның улану
белгілерімен және мұрын,
жұтқыншақ шырышты
қабықтарының фибринозды
қабынуымен сипатталатын жедел
жұқпалы ауру. Ауру көзі- ауру адам.
Ең жоғары эпидемиялық қауіпті
жұтқыншақ, мұрын және көмей
дифтериясымен ауыратын науқастар
тудырады, қоздырғыш сыртқы ортаға
ауа арқылы бөлінеді. Ал тері
дефтериясымен ауыратын
науқастардың эпидемиологиялық
қаупі жағынан маңызы аз.
Сіреспе – жаңа туған нәрестеде
сіреспенің микробы сақтық
шараларын жасамаған жағдайда
организмге кіндігі арқылы түседі.
Егер кіндік денеден қашық кесілсе,
сіреспенің болу қаупі жоғары
болып келеді. Сіреспенің болу
қаупі мына жағдайларда да
басым болады:
- кіндікті тазартылмаған аспаппен
кескенде
- кіндік денеге жақын кесілген
кезде
- кесілген кіндік тегіс жабылып
қалса немесе құрғақ болмаса
АКДС – ұлттық егу кестесіне сәйкес балаларға 4 рет жүргізіледі. Бұл вакцина 2,3,4 айлық балаларға санының жоғары бөлігінің беткі бүйір жағына, бұлшық етке, ал 18 айлық балаларға иықтың жоғарғы бөлігінің дельта бұлшық еті аймағына енгізіледі.
Вакцинацияға дайындық:
- дәрігер педиатрдың қабылдауында болу
- қан және несеп анализін тапсыру
- аллергологтың кеңесін алу
АКДС вакцинасын алудағы қарсы көрсеткіштер:
- созылмалы аурулар
- суық тию
- дене қызуының көтерілуі
- нерв жүйесінің патологиялық аурулары
- тырысу
- ауыр иммунитет тапшылығы
Вакцина жиі тудыратын жанама әсерлер:
- дене қызуының көтерілуі
- аллергиялық реакциялар
- егілген жердегі ауырсыну, қызару, ісіну
- тәбетінің төмендеуі
- лоқсу, құсу
- ұйқышылдық
- әлсіздік
АКДС вакцинасынан кейінгі асқынулар:
- анафилактикалық шок
- Квинке ісігі
- аллергиялық реакциялар
- жүйке жүйесінің асқынулары
- тыныс алу жолдарының асқынулары
Назарларыңызға рахмет!