Ақауларды анықтау әдістері
Жөндеуге түскен электр моторларды мұқият қарап шығады, қажет болса сынайды және бұзылу мөлшерін, себебін толық тапқанға дейін бөлшектейді. Машинаны көріп шығу барысында өткендегі жөндеу көлемімен, сипатымен және эксплуатациялау журналымен танысу және сынақ жүргізу, барлық жинақтау бірлігі мен машина бөлшектерінің күйін, жөндеу көлемі мен мерзімін анықтауға, жөндеу-техникалық құжаттарын жасауға, жөндеу құралдарын қосалқы бөлшектерін дайындауға немесе тапсырыс беруге, жөндеуге қажетті ұйымдастыру және тхникалық дайындықжұмыстарын жасайды.
Машина көбінесе жөндеусіз және техникалық күтімсіз, шектен тыс жұмыс істеуден немесе жұмыс тәртібін бұзудан зақымданады. Электр машиналардың зақымдануы механикалық және электрлік болады.
Механикалық зақымдануға : домалау айгөлектерінде сепаратордың, сақинаның, шардың немесе шығыршықтың бүлінуі ротордың білігінің қисаюы немесе сынуы; коллектордың және түйісім сақинасының бетінде тозып ойық пайда болуы; статор өзегінің немесе полюстердің тұрыққа бекітілуінің босауы, ротордың сым орауларының үзілуі немесе сырғып кетуі; ротор өзекшесінің престелуінің босауы және т.б. жатады.
Электрлік зақымдануға : тұрқындағы оқшаулағышты тесіп өту; орамдағы сымдардың үзілуі; орама орамдары арасындағы тұйықталуы, түйісімнің бұзылуы пісіріп және дәнекерлеп біріктірген қоспалардың бүлінуі; тозудың салдарынан оқшаулығыш кедергісінің шамадан тыс төмендеуі, бүліну немесе сулану және т.б Электр машиналарын жөндейтін электр шеберлер әр түрлі зақымдаудың сипаттық белгілерін, сондай-ақ оларды табу мен жоюдың тәсілдерін жете білуі тиіс.
Электр машиналарында ең көп кездесетін ақаулар олардың себептері 6.1-кестеде келтірілген. Электр машиналардың ақауы мен зақымдануын сырттай көруп шығумен анықтау барлық уақытта бірдей мүмкін бола бермейді. Оларды арнайы өлшеу тексеру жолдарымен анықтауға. тура келеді
Машина бөлшектенген соң көрінген барлық ақаулар мен зақымданулар туралы ақаулық картаға арнайы жазып қояды. Соның қорытындысы бойынша, жөндеу технологиясының картасын жасап, онда атқарылатын жұмыстарды жөнделетін машинаның әр торабы мен жөндеуге тиіс бірлігі үшін көрсетеді.
Электр машиналарының ақаулары және оның себептері
Ақау белгілері
1
Себептері
2
Роторы қысқа тұйықталған асинхронды машиналар
Электр моторы қалыпты айналым жиілігін алмайды, гулдейді
Айгөлектердің тозуынан ротордың бір жағы ғана тартылуы, айгөлек қалқанының қисаюы немесе біліктің майысуы.
Электр мотор гүрілдейді, ротор айналады, барлық үш фазадағы токтар әр алуан және бос жүріс кезінде де қалыптағыдан жоғары
Ротор орамасының бірінің немесе бірнешеуінің өзегінде үзік бар, статор орамасының басы ме соңы дұрыс қосылмаған.
Ротор айналмайды немесе баяу айналады, мотор қатты гуілдейді және қызады, электр мотор қалыпты жүктемеде қызады
Статор орамасында үзік бар. Статор орамасында орамдық тұйықталу; ластанудан желдету жолдары жабылып қалғандықтан, желдету жағдайы нашарлаған.
Элетр моторы статоры орамасының оқшаулағышындағы кедергі шамадан тыс төмен
Статор орамасының оқшаулағышы суланған немесе қатты ластанған, оқшаулағыш тозған немесе зақымданған.
Электр мотор жұмыс кезінде дірілдейді
Біліктердің кіндіктесуі бұзылған; ротордың теңдігі бұзылған.
Электр мотор қатты дірілдейді, бірақ оны желіден ағытқан соң діріл басылады, қатты гуілдейді, фазаларындағы ток бірдей емес, статордың бөліктерінің бірі тез қызады.
Электр сотор статорының орамасында қысқа тұйықталу.
Ақау белгілері
1
Себептері
2
Фазалық роторлы асинхронды машиналар
Электр мотор қалыпты айналу жылдамдығын алмайды
Оталдыру реостатының екі немесе үш фазасының түйісімі бұзылған, электр мотордың оталдыру реостаты мен ротор орамасының арасындағы электр тізбегі бұзылған.
Электр моторының айналу жиілігі баяу дамиды, электр мотордың роторы тіпті аз жүктелім кезінің өзінде қатты қызады
Ротор орамасының бөліктері электр мотордың жерлемеленген тұрқымен тұйықталған, жанасу сақинасы мен ротордың білігі арасындағы оқшаулағыш бұзылған.
Электр мотор жүктелген кезде айналу жиілігін үдете алмайды, гуілдейді, статор тогы «соғады»
Щетка мен түйіспе сақинасы арасынан қатты
Ротор орамасының түйісім сақинасымен дәнекерленген жеріндегі түйісім бұзылған.
Щетка жақсы қиюласпаған немесе қатты кірлеген, щетка қысқыштың құрсауында кептеліп қалады, щеткаларды түйіспе сақинаға қысу жеткіліксіз, түйісім сақинасы соғады, щетка тізбегіндегі түйіспе бұзылған.
Тұрақты ток машиналары
Щеткалардың астынан ұшқын шығады
Щетка қысқыш қисық, щетканың беті коллекторға толық жатпайды, серіппе щетканы қатты қысады, щетка бейтараптан ығысады.
Тырсылдап щеткадан ұшқын қатты жарқылдау, коллекторда күйік пайда болу (қараю)
Щетканың бейтарапқа қарағанда дұрыс жатпауы, коллектордың кейбір табақтарының шығып тұруы, коллектордың ортадан ығысуы арқасында соғуы, коллектордан миканит оқшаулағышының шығып тұруы.