Мұғалімі: Жұмажанова Құралай М
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме» өлеңі
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға Ахмет Байтұрсынов туралы мәлімет бере
отырып, оның шығармашылығынан білімдерін
пысықтау, Ахмет еңбектеріне шолу жасау, Ахметтің
халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары
екендігін ұғындыру, ақын өлеңдерінің негізгі идеясын,
мазмұнын түсіндіру
Ұстаз ұлағатын тану үшін шығармаларымен таныстыра
отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытып,
білімділікке, мәдениеттілікке,адамгершілікке баули
отырып, келешек жастардың саналы болып өсуіне
тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Ахмет Байтұрсынов суреті, сөздер жазылған қағаздар,
тапсырма қағаздар, тақта, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: Баяндау, деректер, салыстыру, сөздікпен жұмыс,
топтастыру, өлең құрылысына талдау, сатылай талдау
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
-Амандасу
-Оқушы түгендеу
-Тәртіпке келтіру
-Зейін тұрақтандыру
Әдеп-тәртіп үйретер,
Әдебиет пәнсің ,- дейтін әдебиет пәні сабағына келіп қалыппыз, олай болса өткен сабақта қай ақынды, және оның қандай шығармаларын өткен едік?
2.Өткен сабаққа шолу
-Абай Құнанбаевтың 29- шы қара сөзі және «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін оқыдық
-Абай кім?
-Абай өлеңдерінің тақырыбы не?
-Абай шығармаларынан қандай тәлім-тәрбие аламыз?
3. Өткенді бекіту
Сонымен Абай шығармаларынан нені қорытамыз?
Топтастыру арқылы:

4.Жаңа сабақ
Мақсаты- Ахмет Байтұрсынұлы жайлы деректер бере отырып, өлең мазмұнының өн бойна талдау дасай алуға үйрету, жас ұрпақ бойына адамгершілік, сыйласымдық, елжандылық, жігерлілік қасиеттерді дарыту.
Түсіну кезеңі
1.Ахмет Байтұрсыныов өмірі мен шығармашылығы.
2.Байтұрсынов жайында айтылған сөздер
«Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрын соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ...» - деп Абайды танушылардың алғашқы қатарында Ахаң да бар еді.
Ахаң боп түн түнегін жара көктеп,
Сөйледі «Қазақ», «Айқап», «Жаңа мектеп»:
«Ей, болашақ, қалдырма өз көшіңнен,
Менің момын халқымды ала кет» деп... (Шағыр Қайырбек)
Абайдан бастап әдебиетімізде жаңа бағыт пайда болды. Егер, біз Абайды сол бағыттың кірпішін қалап, жаңа әдеби құрылысқа сілтеме жасады десек, Ахмет Байтұрсынов Іргетасын салып, қабырғасын көтерді. Ендігі әрлеп-сырлауы, әшекейлі күмбезі – болашақ ақындардың ісі», -деп Телжан Шонанұлы айтқан екен.
«...Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына арнап қазақ тіліндег оқулық жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – ахмет. Ахметтің тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес.» - деп Сәбит Мұқанов өз ойын айтқан.
5.Қолдану
1.Ақынның «Ақын ініме» деп аталатын өлеңін оқып мазмұнын түсіндіру
2.Сөздікпен жұмыс
Ғапу (ету) – кешірім ет
Ғапыл (қалды) – қапы қалды, қапыда қалды, аңдамай қалды.
Пақыр – халі мүшкіл, байғұс, сорлы.
Милләтіңе – арабша ұлт деген мағынада. Тарихи сөз
Хақын – ақы, еңбек
Лапыр - лап – бұрынғы уақытта тізгін босап, аттан, тұра шап, деген мағынада айтылған жарлық сөз.
Лепір – бөсу, есу.
Қақыр – тамақты қырнай жөткірініп, қақырық шығару.
Рух – 1.Күш-қуат, батылдық
2.Адамның ішкі дүниесі, ой санасы.
3.Тұрақты тіркес сөзді табу
Нашардың хақын жеу –жақтасы болу, жағдайын ойлау
4.Байланысын анықта.
Қазақ тілі сабағындағы сын есімді еске түсіре отырып, өлеңдегі сын есімді тауып, түрін ажырату.
5.Өлең құрылысына талдау
А-зы-рақ құ-ла-ғың сал, а-қын і-нім, 11 буын, 2 бунақ, а
О-йы-мыз, ру-хы-мыз жа-қын і-нім. 10 буын, 2 бунақ, а
А-ға-лық пра-во-сын қо-лы-ма а-лып,11 буын, 2 бунақ, ә
Ке-ле-мін ай-та-йын деп а-қыл, і-нім! 11 буын, 2 бунақ, а
1 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, 2 бунақты, қара өлең ұйқасы
6.Салыстыру
А
хмет Байтұрсынұлы Ұқсастығы Сұлтанмахмұт Торайғыров
Кекесінге, иронияға, сатираға құрылған. Жастарға арналған. Келешекті мегзеу
«Ақын ініме» өлеңі «Бір адамға» өлеңі
7.Жаңа сабақты қорытындылау
Өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы:


Ақын ініме
Авторы А.Байтұрсынұлы
Жанры - өлең
Тақырыбы – ақын інісіне арнау, жастарға арнау
Идеясы - соңынын ерген келешек буын жастарға өзінің
ақылын айтуды мақсат етеді
Өлең -3 шумақты, 12 тармақты,2- бунақты, қара өлең ұйқасындағы өлең
Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, бауырмалдылыққа, мейірімділікке,
білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу
8. Үйге тапсырма беру
Өлеңді жаттап, «Ел келешегі жастардың қолында» деген тақырыпта ой толғау жазып келу
9. Бағалау