Сабақ: Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні Сынып: Қатысқандар: Қатыспағандар Тақырып: «Егіннің бастары» мысал-өлең Саны: |
Мақсаты | Ахмет Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» мысалын оқыту, талдату, түсіндіру. |
Жалпы мақсат | Тақырыпты түсініп оқи білуге баули отырып6 тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру |
Күтілетін нәтиже | Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алады, мысалдың мазмұнын меңгереді және негізгі идеясын түсінеді. |
7 модульдің қолданылуы | АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Сөзжұмбақ, топтық жұмыс, венн диаграммасы, СКТ, тест, сұрақ-жауап. |
Қолданылатын ресурстар | Стикерлер, интерактивті тақта, маркерлер, плакат, топқа бөлу фигуралары, бағалау парақшалары. |
Ұйымдастыру кезеңі | «Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлығын ортаға шығып шеңбер құрғызу. Мен және оқушылар бір – бірімізге допты лақтыру арқылы өз ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдіреміз. | Оқушылардың мұндағы мақсаты жақсы тілектер арқылы және өз талғамдарына сай фигураларды таңдау арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу. |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білім Үй тапсырмасы | Сөзжұмбақ «Топтық жұмыс» І-топ «Егіннің бастары» мысал-өлеңін мәнерлеп оқиды. ІІ-топ «Егіннің бастары» мысалының идеясын ашады. ІІІ-топ «Сөздікпен жұмыс» мысалда кездескен қиын сөздерді сөздік арқылы түсіндіреді. | Сөзжұмбақты жасыру Топқа арналып жаңа тақырып төңірегінде тапсырмалар береді. | Сөзжұмбақты шешу Топтың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру |
Түсіну | Жаңа сабақты талдаумен толық түсінуде «Егіннің бастары» мысалын сатылай кешенді талдатамын | Бұл білім алушының қажетті материалды жеке-жеке салаларға жіктемей, тұтас игеріп, толық қабылдауына мүмкіндік жасайды. | Әр оқушы өздік жұмыс жасайды. «Егіннің бастары» мысалын 12 саты бойынша талдайды. |
Қолдану | Венн диаграммасы арқылы мысал мен ертегінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу | Оқушылардың венн диаграммасын орындау барысында өткен материалды еске түсіріп, бағыт-бағдар береді. | Мысал мен ертегіні салыстыра жазады, әр оқушы өз пікірлерін ортаға салады, өз бағасын береді |
Анализ | Жаңа сабақты толық түсінуде сұрақ-жауап әдісін «Тапқырлар жарысы» ойыны арқылы пайдаланамын | Оқушыларды ойынның шартымен таныстыру, дұрыс жауап берген топтарды ұпаймен бағалау. | Бағандар таңдау арқылы әр деңгейдің сұрағына жауап беру, ұпай жинау. |
Синтез | Жеке жұмыс – тест жұмысын орындау | Әр оқушыға шағын тест тапсырылады | Тестке жауап беріп, ойларын қортындылайды. |
Бағалау | Кейіпкер іс-әрекетін бағалау. | Үш топқа парақ таратады. Тапсырма ретін түсіндіреді. | Әр топ өз кейіпкеріне баға беріп, парақ алмасу арқылы басқа топтың жұмысын бағалайды. |
Рефлексия | «Бес саусақ» стратегиясы. | Бес саусақ парақшасын толтыруды ұсыну. | Оқушылар өз ойларын жүйелеп, бес саусақ стратегиясы арқылы сабаққа баға беру. |