СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ахмет Йүгінекей "Ақиқат сыйы"

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ежелгі дәуір әдебиетінің көрнекті өкілі А.Йүгінекейдің шығармашылығына арналған.

Просмотр содержимого документа
«Ахмет Йүгінекей "Ақиқат сыйы"»

Күні:10.10.17 ж.Әдебиет 8-cынып

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ахмет Йүгінекидің өмірі және шығармашылығымен оқушыларды таныстыру, дастандарындағы имандылық, көркем мінез мәселелерін үйрету;

Дамытушылық: ислам дәуірі әдебиетінің өкілдері туралы білімдерін кеңейту, осы кезең ақындарының шығармашылықтарының стильдік ерекшеліктерін түсіндіре отырып, әдеби теориялық білімдерін жетілдіру;Тәрбиелік: имандылыққа, адамгершілікке, жан дүниені таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі, әдіс‐тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ‐жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

 I. Ұйымдастыру кезеңі А) сәлемдесу; Ә) класс тазалығына мән беру; Б) оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

 II. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

Үйге берілген тапсырма сұралады.

 IIІ. Жаңа сабақ. Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны

Ахмет Йүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдың соңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — орта ғасырлық ақын, хакім, ойшыл. Йүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахмед Йүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмет жастайынан ілім - білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан - жақты зерттеп - танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл - ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмет Йүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең - жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “Һибуат - ул - хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбунасыр әл - Фараби, Махмуд Қашқари, Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.«Ақиқат сыйы» дастанының мазмұнынан айқындалатын мынадай құндылықтар жүйесі бар. Біріншіден, Алла тағала – абсолютті құндылық. «Өліні тірі, тіріні өлі етеді». Бүкіл құдіреттің иесі ұлы бір Құдай. Екіншіден, бақыт жолы тек білім арқылы танылады. Құны жоқ бақыр мысқа теңелгенше, білім арқылы жоғары көтеріліп ғалым болуды үндейді. Үшіншіден, дүние соңында қанша жүгіруге болады? Байлық пен кедейлік тек Алланың ісі. «Күллі қатенің басы – дүниеқұмарлық». Төртіншіден, жомарттық пен сабырлыққа ұмтылу. «Алла сабырлылықты сүйеді, өйткені әр қасіреттің соңы қуаныш». «Жақсылықты үміт етсең, сабыр ет». Бесіншіден, қулық - сұмдық, сұмырайлық, жауыздық, арамдық пен қаныпезерлікті біріктіретін залымдықтан сақтану. Ғалымның еңбек етуінен, оқымыстының би билеп, ән шырқауынан, тақуаның сиынуды қойғанынан қорықты. Бейбастықтарды тыятын адамдардың қалмағанын, олардың көбейгенін қынжыла айтты.

 

Ахмет Йүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмет Йүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбдін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя - София кітапханасы қорында сақтаулы; 2 - нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр - Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя — София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдың ақырында, немесе 15 ғасырдың басында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ - Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты “Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі” деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар.Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған (көлемі 4 бет), Берлин Ғылым Академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалардың із - жосықтары Ахмет Йүгінеки. еңбектерінің қаншалықты кең көлемде таралғанын дәлелдей түседі. “Ақиқат сыйының” бірнеше нұсқасын тауып, зерттеп, жариялауда — Н. Әсім, Р. Арат (Түркия), В. Радлов (Ресей), Т. Ковальский (Польша), Дени (Франция), Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Б. Сағындықов (Қазақстан), Н. Маллаев, Маһмудов, С. Мутталибов (Өзбекстан) т. б. шығыстанушы ғалымдардың еңбегі зор. Ахмет Йүгінеки “Ақиқат сыйының” 14 ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма - жол және өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді.

 

Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. “Барлық нәрсе бір Алланың еркінде” екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: “Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ қылып, екінші бар етерсің” немесе “Өліні тірі, тіріні өлі етеді”. Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар, пайдалы нәрсе — тірі, ал пайдасыздық — бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені “білімдінің өзі өлуі” мүмкін, бірақ “аты өлмейді”. Ахмед Иүгінеки үшін білім — көп білу емес, таным, ақиқатты білу. Ал ақиқаттың негізі Аллада болса, оны да “білім арқылы тануға” болады. “Бақыт жолы білім арқылы білінеді”. Білім ойдан, ізденуден шықса, оның пішіні — сөз. Тіл — жаратушымен байланыстырушы құрал, адам “күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну арқылы құлшылық етеді”. Бірақ сөз адамға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін, ол тағы да адамның өзіне байланысты.

 

Сөз адамның ойлау қабілеті мен адамгершілік бейнесін бедерлейді. Ахмед Иүгінеки пайдалы мен пайдасыздың, ақиқат пен жалғанның нарқын өкініш айыратындығын “Қандай іс істесе де білімсіздің еншісі — енші, оған одан басқа өкініш жоқ”, “Көп сөйлеген көп өкінеді”, “Ашкөздіктің соңы — өкініш, қайғы - қасірет” деген жолдары арқылы байқатады. Өкініш мұнда этик. нормалардың ара - жігін ажыратушы ұғым. Осы ұғымға сүйене отырып, біз Ахмет Иүгінекидің этикалық көзқарастарын анықтай аламыз. Ахмед Иүгінеки үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді. “Жас қартаяды, жаңа ескіреді”, “Барлық толған нәрсе азаяды, түгел кемиді”. Сол себепті бұл дүниенің қызығы да жалған, өткінші. Мұнда “менікі” деген жоқ. Өйткені “менікі дегенің ” ертең “өзгелердің еншісі” болып шығады. Сондықтан дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай берсең, ол сенің тек “уайым - қайғыңды көбейтеді, «одан да еңбек ет» деп тұжырымдайды. Кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлылық пен көнбістікті мадақтайды.Йүгінеки өз дастанын арнайы әскербасыға тарту еткен болатын.

Арнайы баспасы болмаған сонау ықылым замандарда «Ақиқат сыйы» сияқты әйгілі шығармаларды калиграфистер қолмен көшіріп, елге тарататын. Сөз болып отырған дастанның бүгінгі күнге осындай үш қолжазба нұсқасы жетіп отыр. Олардың екеуі ұйғыр тілінде, біреуі араб тілінде жазылған екен.

Қазақ ғалымдары да «Ақиқат сыйын» зерттеуге айрықша еңбек сіңірді. Мысалы, филология ғылымдарының докторы, профессор Берікбай Сағындықұлы жырдың араб әрпіндегі нұсқасын кирил әрпіне түсіріп, аударған болатын.Сондықтан да, бұл дастан филология ғылымдарының докторы, профессор Әбіжан Құрышжанов пен филология ғылымдарының докторы, профессор Берікбай Сағындықұлының аударуымен 1985 жылы «Ғылым» баспасында қазақ тілінде жарық көрген еді.

 IV. Оқулықпен жұмыс

 V. Бекіту. Берілген кестені қысқаша толтырады.

 

Ахмет Йүгінеки кім?

 

Ақынның өмірі

 

Шығармаларының зерттелуі

 

«Ақиқат сыйы» дастанының идеялық ерекшеліктері

 

 

VI. Қорытынды

Оқушылар сабақ соңында төмендегі кестені толтырады

 

 Нені білемін?

Нені білдім?

 Нені білгім келеді?

 

 

 

 

VII. Үйге тапсырма. Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастанынан үзінділер жаттау.

VIII. Бағалау. Сабақта белсенділік танытып, қызығушылық танытқан оқушыларды марапаттау, еңбегін бағалау.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Похожие файлы

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!